"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕҢБЕГІМЕН ЕЛ ҚҰРМЕТІНЕ БӨЛЕНГЕН

20.11.2015

Семей қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қанатжан Есентайұлы Төлесбаев құрметті еңбек демалысына шықты. Аптаның сейсенбісінде Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов, әкім орынбасарлары, қалалық бөлім және мекеме басшылары Қанатжан Есентайұлын зор құрметпен зейнеткерлік демалысқа шығарып салды. Әріп-тестері өз құттықтауларын жеткізіп, ізгі тілектерін білдірді.

—  Өздеріңіз жақсы білетін әріптесіміз Қанатжан Есентайұлын зейнеткерлікке шығарып салып отырмыз. Сіздің еңбегіңізді өзіңізбен жылдар бойы қызмет жасаған әріптестеріңіз жақсы біледі. Сіз жеке қасиетіңіздің және жұмыс барысындағы тәжірибеңіздің арқасында шаһарымыздың өркендеуіне айтарлықтай үлес қостыңыз. Қаламыз үшін де, облысымыз үшін де көп жұмыстар жасадыңыз. Зейнетке шыққаныңызбен, сіз әрқашан қатардасыз. Біз сізді қашанда құшақ жая күтеміз, – деген Ермак Бидахметұлы құттықтау хатын табыс етіп, қала әкімдігі атынан естелік сыйлық ұсынды.

Қанатжан Есентайұлы 1948 жылы дүниеге келген. Алматы қаласындағы Жамбыл технологиялық институтының филиалын, республикалық басқарушы кадрлар мектебін тамамдаған. Еңбек жолында Бесқарағай ауданының Ауыл, Долон тұқым қабылдау кәсіпорны директорының орынбасары, Аягөз қаласы элеваторының директоры, Семей облыстық нан өнімдерінің өндірістік бірлес-тігінің бас директоры болып қызмет істеді. Сондай-ақ Семей қаласы әкімінің бірінші орынбасары ретінде де жемісті еңбек атқарды. Ал 2007 жылдың сәуір айынан бастап қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік   бағдарламалар бөлімі басшысы қызметін атқарды. Салтанатты шарада сөз алған әріптестері, достары білікті басшының елеулі еңбегі мен адамгершілік қасиеті турасында сөз қозғады. Қанатжан Есентайұлының іскерлігінің нәтижесінде жеткен жетістіктер айтылды. Жиналған қауым отбасына амандық пен жақсылық тілеп, ақжарма тілектерін жеткізді. Сондай ақ тілектің бірін Қанатжан Есентайұлымен ұзақ жылдар бойы қызмет еткен Қалиас Жұмабай да білдірді.

— Өмір өткен күндермен емес, есте қалған күндермен қымбат. Қанатжан Есентайұлымен сегіз жыл бірге жұмыс істедім. Осы жылдар аралығындағы сәттер көз алдымда. Сіздің  Семей өңірінің дамуы жолында атқарған өнегелі істеріңіз һәм еңбегіңіз біздің көз алдымызда. Бүгінгі жиын да сізге көрсетілген зор құрмет деп санаймын, — деді Қалиас Жұмабай.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

12 часов бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

12 часов бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

12 часов бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

1 день бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

1 день бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

1 день бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

1 день бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

1 день бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС