"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«МЕЙІРІМ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА

24.11.2015

Семей қаласының № 30 жалпы білім беретін орта мектебінде «Мейірім» қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.  Аталған басқосуға қалалық білім бөлімінің басшысы Наталья Фесенко, жетекші маман Роза Омарова, қалалық мәслихат депутаты Айнұр Арғынбекова, «Жанұя орталығы» қоғамдық қорының заңгері Қуат Исабаев және мектеп директорлары мен ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.

Басқосуда қазіргі қоғамдағы өзекті тақырып — ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету мәселесі сөз болды. Аталмыш мәселе өңірімізде жіті назарға алынып, 2011 жылдың наурыз айында Шығыс Қазақстан облыстық мәслихат сессиясында кешенді жоспар бекітілген. Қалалық білім бөлімінің жетекші маманы Роза Омарованың сөзіне сүйенсек, қазіргі күнде шаһар бойынша жүзден астам мемлекеттік мекемелер, жекеменшік ұйымдар мен кәсіпорындар осы жоспарды іске асыруда өз үлестерін қосып келеді. Мәселен, олардың ықпалымен      жетімдер үйінің тәрбиеленушілері мен патронатқа алынған балғындардың жеке есеп-шотына жыл сайын бір күндік жалақы аударып отырады.

— Бүгінде 260 баланың «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ – да есеп шоттары ашыл- ған. Оған шамамен 46 млн. теңге қаражат салынды. Бұл қаражатты олар есейе келе оқу орындарына түсу үшін немесе пәтер алуларына жұмсай алатын болады. 2013 жылы Семей қаласы әкімдігінің мұрындық болуымен балалар үйінің байырғы тәрбиеленушілері мен қамқорлық тәрбиесіндегі бала-   ларға тұрғын үйлер бөліне бастады. Ол «Жұмыспен қамту — 2020», «Жол картасы — 2020» сынды бағдарламалар арқылы жүзеге асты. Осы уақытқа дейін шамамен 104 пәтер кілті табысталды. Осы санаттағы барлық балалар қалалық ТКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тізімінде тіркеуде. Қазіргі уақытта олар пәтер алу кезектерін күту үстінде. Патронатты тәрбиедегі балалардың күтушілеріне мемлекет ай сайын 20 мың теңге көлемінде қаражат тағайындап отырады. Ал жетімдер үйінен бала асырап алам деушілерге 150 мың теңге көлемінде бір реттік қолдау көрсетіледі. Мұндай бастамалар 2012 жылдан бері қолға алынған. Бұл ретте  мемлекет қоғамның әлжуаз топтарына көмек көрсету шараларын жалғастыра бермек, — деп атап өтті Роза Қабышқызы.

Дөңгелек үстел барысында ата – ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетудің түрлі ұсыныстары айтылды. Қатысушылар жылжымайтын мүлікке қол жеткізуді мақсат еткен жетімдерге несие пайызсыз берілсе деген ниеттерін жеткізді. Сонымен қатар қалалық білім бөлімінің басшысы Н.Фесенко балалардың жеке есеп шоттарында жиналған қаражаттың мақсатты жұмсалуын жіті қадағалау қажеттігін атап өтті.

Ж. СҮЛЕЙМЕН,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

21.11.2026
БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

Тоқаевтың бастамасы Абу-Дабиде су саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері аясында талқыланады. Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысын...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

17 часов бұрын

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

2 дня бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

2 дня бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

2 дня бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

3 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

3 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

3 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

3 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

3 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС