"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР ӨТІНІШІ ТЫҢДАЛДЫ

24.11.2015

«Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде ШҚО Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталық директорының орынбасары Сергей Қабиғожин өңір тұрғындарына зейнетақы және зейнеткерлікке шығу мәселелері   бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

Бүгінде еліміздің бар аймағында «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлімдерінде мемлекеттік органдар басшылары мен барлық деңгейдегі әкімдер, құқық қорғау органдарының басшылары, халық қалаулылары өңір азаматтарын жеке сұрақтары бойынша жүйелі түрде қабылдау өткізуде.

Осы орайда қаламыздағы жеке және заңды тұлғалардың жеке мәселелерін қарастырып, оларды шешуге көмектесу мақсатында «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде кезекті шара жүзеге асырылды. Бұл жолы азаматтарды зейнетақы мәселелеріне қатысты сұрақтары бойынша ШҚО Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталық директорының орынбасары Сергей Қабиғожин қабылдау жүргізген болатын. Алдын ала хабарланған бұл қабылдауға 23 тұрғын жазылыпты. Қабылдау барысында аңғарғанымыз — құзырлы орын өкіліне өтінішпен келген жандардың басым көпшілігі еңбек кітапшасына енбей қалған жылдарын заң жүзінде қайта рәсімдеп, тиісті зейнетақысын алу жолдарын сұрап келіпті. Солардың бірі Юность кентінің тұрғыны Татьяна Дашкина болды. Ол өзінің еңбек кітапшасына Ресейдің Новосібір қаласына көшіп кетуі себепті 1980-1985 жылдар аралығындағы қызмет өтілі енбей қалғанын айтып шағымданды. Бұл қаладан тек жұбайы өмірден озған соң ғана қайтып оралған екен. Ұзақ жылдар бойы аспаз болып еңбек еткен жан өз сауалына заң тұрғысынан қанағаттанарлық жауап алды. Сонымен қатар 2018 жылдан бастап зейнетақы рәсімдеу және тағайындау туралы жаңа заңның аясында қолына тиетін қаражаттың да артатынына қуаныш білдірді.

Сол тәрізді Есләмбек Оспанов та өзінің 50 жыл бойғы еңбек өтілінің кейбір жылдары еңбек кітапшасына енбей қалғанын айтты. Сергей Қабиғожаұлы өз жауабында азаматтың өтініші тек белгілі заң аясында ғана қаралатынын айта келіп, тиісті кеңес берді.     Сонымен қатар келергі жылдан бастап      еліміздегі зейнетақыға қосылатын 9 пайыздық үстеме туралы да айтып өтті.

Жалпы, бұл күнгі қабылдау барысында мәселесі жылдам шешілген азаматтар да болды. Атап айтсақ, Рысгүл есімді қала тұрғыны өзінің 102 жастаға кәрі анасының не бары 18 мың теңге ғана зейнетақы алатынын, оған президенттік зейнетақы қосылмай қалғанын айтып, көмек сұрап келді. Азаматтың түсініктемесіне қарап отырып, құзырлы мамандар бұл мәселені жылдам шешуге  болатынын айтты. Азаматшаға тек зей-   нетақы төлеу орталығына қажетті құжаттармен барса болғаны.

Қоғамдық қабылдау барысында сонымен қатар еңбек өтілі бар мүгедек жандар да келіп, тұшымды кеңес ала алды.

ШҚО Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталық директорының орынбасары Сергей Қабиғожиннің айтуынша, бүгінде ел азаматтарын зейнетақымен қамту ісінде оң өзгерістер мол. Яғни, аталмыш сала     бойынша жыл өткен сайын жаңа заңнамалар қабылданып, толықтырылып, жетілдірілу үстінде. Бұл шара әсіресе еліміздегі егде тұрғындар игілігіне оң ықпал етуде.

Қоғамдық қабылдау барысында зейнет  жасындағы азаматтарға жаңа заңның талаптары, зейнетақыны рәсімдеу сынды бірқатар мәселелер бойынша да жан – жақты түсінік берілді.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

1 день бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

1 день бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

1 день бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

2 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

2 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

2 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

2 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

2 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

3 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС