"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЗАМАНАУИ ҚОНДЫРҒЫЛАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛУДА

27.11.2015
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласы өңірлік онкологиялық диспансері америкалық «Vartan» фирмасының «TrueBeam» деп аталатын обыр дертін емдеуге арналған жаңа құрыл-ғысымен толықты. Соңғы үлгідегі арнайы қондырғыны Орта Азия елдері ішінде бірінші болып қазақстандықтар қолданысқа алып отыр. Өткен сейсенбі күні онкологиялық диспансер мамандары қатерлі ісікті жоғары деңгейде емдейтін «TrueBeam» сәулелендіру құрылғысын БАҚ өкілдеріне арнайы таныстырды. Айта кету керек, аталған заманауи қондырғы еліміздің бес қаласына әкелінген.

«TrueBeam» сәулелендіру құрылғысы науқастың өзге ағзаларын зақымдамай, тек обыр орналасқан аймақты сәулелендіреді. Халықаралық есеп бойынша, қазір қатерлі ісіктің бірінші сатысында тұрғандың 70%-ы сәуле терапиясына мұқтаж. Ал «TrueBeam» құрылғысында науқастарды жоғары технологиялық сәулемен емдеудің заманауи, тексерілген әдістерін барынша кеңінен қолдануға мүмкіндік бар. Бұл аппараттың қосымша қалқандары науқастың обырына сәйкес түрлі формаға еніп, ісік ошағына сәуленің ең көп мөлшерін жібереді. Өзге сау ағзалар мүлдем зақымданбайды. Қосымша ауырсыну сияқты емнің зиянды әсерлері де болмайды.

Аталған жаңа құрылғының көмегімен онкологиялық дертке шалдыққандардың санын едәуір азайтуға мүмкіндік бар. Бұл — Мемлекет басшысының денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөліп, арнайы қабылдаған бағдарламалары аясында атқарылып жатқан жұмыстардың айшықты көрінісі. Қазір еліміздегі барлық онкологиялық диспансерлер заманауи құрылғылармен, компьютерлік томография, рентген, узи-аппараттармен жабдықталған. Дәрігерлер шетелдерде тәжірибе алмасып, білімдерін жетілдіруде. Семейдегі онкологиялық диспансерде қазір науқастарды химиотерапиямен емдеу тегін.  Ал құрылғыны орнату 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асыпты. Елбасының тапсырмасымен қабылданған бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі тұрғындардың жоғары технологиялық аппараттарға қолжетімділігін арттыра түсу болатын.

Енді «TrueBeam» сәулелендіру құрылғысының көмегімен өңірдің онкологиялық саласы жаңа деңгейге көтерілмек. Яғни, жаңа технология арқылы соңғы емдеу стандарттарына көшу, мамандардың біліктілігін арттырумен қатар, науқастардың жоғары технологиялық емдеу әдісіне қол жеткізуіне мүмкіндік берілді. Шетелге шығып ем іздеудің де еш қажеттігі жоқ. Шетел демекші, осы күні Семей қаласы өңірлік онкологиялық диспансері базасында «Жоғары технологиялық сәуле терапиясы» тақырыбында Латвияның Рига қаласындағы Терапиялық радиология және медициналық физика клиникасының сәулелі терапия бөлімінің меңгерушісі, доктор Занда Лиепа шеберлік сабақтарын өткізді. Дәріске Семей қаласынан өзге, Павлодар, Өскемен, Орал қалаларының радиолог дәрігерлері мен медицина физиктері қатысты. Ондағы мақсат — қазақстандық мамандарды онконауқастарға жоғары технологиялық сәулемен емделудің толық көлемін алуға мүмкіндік беретін емдеу әдісіне үйрету. Айта кету керек, жаңа қондырғымен жұмыс жасайтын мамандар бұған дейін бірқатар елдерде арнайы курстардан өткен. Медициналық құрал бірнеше күннен кейін толықтай іске қосылады деп күтілуде.

А. САМАТҰЛЫ,

«Семей таңы»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

20 часов бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

20 часов бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

2 дня бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

2 дня бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

2 дня бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС