"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАҢА ЗАҢ — ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

02.12.2015
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

27 қараша күні Семей қалалық әкімдігінде «Өсімдік және мал шаруашылығын субсидиялау жүйесін реформалау» және «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Заңын талқылау мақсатында арнайы жиын өтті. Оған ҚР Ауыл шаруашылы министрінің орынбасары Гүлмира Исаева, ШҚО әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин, ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дүйсембай Селиханов және аймақтың бірқатар шаруа қожалық басшылары қатысты.

Естеріңізге сала кетсек, 15 қараша күні Мемлекет басшысы Н. Назарбаев «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Заңына қол қойған болатын. Құжатты әзірлеудегі негізгі мақсат — ауыл шаруашылық кооперативтері мен оларға қарасты қауымдастықтардың қызметтерін құқықтық тұрғыда реттеу әрі осы саладағы заңнаманы жетілдіру болып табылады. Заң жобасы күшіне енгеннен кейін, шаруа қожалықтарын ірілендіру есебінен ауыл- шаруашылық саласындағы бәсекелестік ұлғая түседі деп күтіліп отыр. Сондай-ақ ол еліміздің азық-түлік әрі экономикалық қауіпсіздігіне оң әсерін береді деп күтілуде.

 

{jcomments on}- Бүгінде біз Елбасы жүктеген мал шаруашылығы мен ет өңдеу саласын дамыту үшін  трансұлттық компанияларды құруды қолға алдық. Осы бағытта «Еуразия Агро Холдинг» ЖШС-нің мұрындық болуымен Аягөз ауданында бірегей ет комбинаты бой түзейді деп жоспарланып отыр. Мұнда қой етін өндіру мен қайта өңдеу саласына басымдық берілетін болады. Ол трансұлттық компанияларды құрудағы үздік 15 жобаның тізіміне еніп отыр. Ал жаңа қабылданған заң, еліміздің шаруаларына көптеген мүмкіндіктерге жол ашады. Мәселен олар мемлекет тарапынан толыққанды қаржылай қолдауға ие болады. Бұған қоса салық режімі оңтайланады. Шығыс Қазақстан облысында пайдалынылмай жатқан бос жерлер бар. Аймақта ауыл шаруашылық саласын жіті түсінетін білгір мамандар жетерлік. Тек қана осы кәсіптің нәсібін көретіндей жағдай жасалуы қажет. Бұл құжаттың көмегімен аймақ шаруаларының екінші тынысы ашылатынына сенімдімін. Біздің министрлік Қытай нарығына шығу үшін бірқатар жұмыс жүргізуде. Ол өз кезегінде ШҚО  экономикасының жақсаруына септігін тигізеді деген ойдамыз. Себебі аспан асты елі Қазақстанның ауылшаруашылық өнімдерін табиғи таза тауар ретінде бағалайды, — деді Гүлмира Исаева.

 

Аягөз ауданыны ң әкімі Бақытжан Байахметов ауданда тұрғызылатын ет комбинатының аумағы 7,4 га құрайтынын және қазіргі күнде оның жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жатқанын жеткізді. Сонымен қатар ол жаңа «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы»  Заңын аягөздіктер оң көзқараспен қабылдағанын атап өтті.

— Осы заңды біз көптен күткенбіз. Себебі өткен жылы «Еуразия Агро Холдинг» ЖШС-мен бірлесіп аудандағы 44 шаруа қожалықтарымен келісімге отырдық. Алайда ол кездегі заңның кейбір тұстары әлсіздеу еді. Ал мына соңғы қабылданған құжатты зерттеп-зерделеп шықтық. Ол, расымен де, біздің кәсіпкерлерімізге көптеген мүмкіншіліктер бермек. Жоғарыда аталған шаруа қожалықтардың иелігінде бүгінде 111 мың гектар жер бар. Оның 7 101 гектары шабындық. Бұл өз кезегінде малды толығымен азық қорымен қамтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта ұсақ малдың құны түсіп жатқаны мәлім. Ал Аягөз ауданында салынатын ет комбинаты мал шаруашылығының дамуына өз үлесін қосады деп күтілуде. Оның көмегімен жылына 376 мың ұсақ мал және 53 мың ірі қара малдың етін өңдеу жоспарланып отыр, — деп атап өтті Бақытжан Кәкенқажыұлы.

Басқосуда ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Г. Исаева Үкіметінің мал шаруашылығын субсидиялауды тоқтатпайтындығын, керісінше,  осы бағыттағы шараларды үдете түсетінін нақтылап айтып берді.

 

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ, «Семей таңы»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

17 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

17 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

21 час бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС