"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТАТУЛЫҚТЫҢ ТҰТҚАСЫ, БІРЛІКТІҢ БЕСІГІ

02.12.2015

Ұлттар достығының ұясына айналған Семей шаһарында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын қорытындылауға арналған салтанатты жиын өтті.  Елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы болған Ассамблеяның мерейтойы осы жылы абыроймен атқарылып, мерейлі мерекені қорытындысы қалалық Достық үйінде аталды.

Ел тәуелсіздігінің ең жауапты кезеңінде құрылып, бірлігіміздің бастауы бола білген Ассамблея өзінің өміршеңдігін көрсетіп келе жатқанын бір ғана Семейдегі оннан аса ұлттық-мәдени орталықтардың ұтымды жұмысынан-ақ көруге болады. Ұлттық болмыстарымен ерекшеленген мәдени орталықтардың бірлігі жарасып, жасапмаздықтың үлгісін көрсетіп тұрды. Мерекеге қатысушыларды алғаш болып Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова құттықтады.

 

{jcomments on}- Құрметті семейліктер! сіздерді Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын қорытындылауға арналған салтанатты жиынмен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Осы жылы бірқатар атаулы күндердің арасында әлемде теңдесі жоқ институт — Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы да аталды. Оның бастамашысы Елбасымыз Н.Назарбаев екені баршаларыңызға аян. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президеті күніне орай өткізіліп отырған мерекелік кешпен баршаларыңызды құттықтаймын. Елімізге тұрақтылық пен тыныштық, береке-бірлік, отбасыларыңызға амандық тілеймін, — деді Надеджа Шарова. — Ағымдағы жылы атаулы күнге байланысты ауқымды істер атқарылды. Ең бастысы, осы шаралардың барлығы елімізде тұрақтылықты сақтауда, ортақ үйімізде бейбітшілік пен бірлік идеясын жүзеге асыруда және Қазақстан халқының қоғамдық келісімін сақтауда елеулі орын алды. Бүгінде Қазақстан халқы бір шаңырақ астында тату өмір сүруде. Биылғы жыл біртұтас Қазақстан халқының теңдессіз және елеулі жетістіктерін айшықтайтын, ел халқының бірлігі мен ынтымақтастығын, бейбітшілігін дәріптейтін жыл болып есте қалады.

 

Салтанатты жиында Семей қаласының бірқатар этномәдени орталықтары мен үкіметтік емес ұйым мүшелері және қаламыздың белсенді азаматтары марапатталды. Атап айтар болсақ, ұлтаралық келісімді сақтауға және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін қаланың қадірменді ақсақалы, еңбек ардагері Серік Төлеуғалиев пен Достық үйі директорының орынбасары Самал Ешімова қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Ал ҚР Президентінің жарлығы бойынша “Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы” мерекелік медалімен Корей этно-мәдени орталығының төрағасы Леонил Ким, «Возрождение» неміс этномәдени орталығының төрайымы Лилия Гончарук және Қазақ әлеуметтік мәдени орталығының төрайымы Шаған Жанаева марапатталды. Сондай-ақ бірқатар қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының, Шығыс Қазақстан облысы мәслихаты мен қалалық мәслихаттың және қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Мерекелік жиын қаладағы ұлттық мәдени орталық өнерпаздарының концертіне ұласты.

Асан МЫРЗАХАН,                                                                                                                                                                                 «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

17.11.2026
Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

Қазақстан Халық Кеңесі Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің төрағасы Вера Кимнің төрағалығымен Білім беру және адами капитал мәселелері жөніндегі салалық комиссияның...

Толығырақ...Details

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

16.11.2026
Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...

Толығырақ...Details

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

16.11.2026
Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

Абай облысында 2026 жылдың алғашқы 10 айында 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жүргізілген. Өңірде жыл сайын 220 мыңнан астам екпе...

Толығырақ...Details

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

16.11.2026
Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

Халықтың денсаулығын сақтау, медициналық қызметтердің сапасын арттыру және денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту Қазақстанның әлеуметтік дамуындағы маңызды міндеттердің бірі болып қала...

Толығырақ...Details

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

16.11.2026
Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

Адамның еркін жүріп-тұруы, тұрғылықты жерін өз қалауынша таңдауы және елден тыс жерлерге шығуы оның негізгі құқықтары мен бостандықтарының қатарына жатады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

2 часа бұрын

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16 часов бұрын

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

20 часов бұрын

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

20 часов бұрын

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

20 часов бұрын

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

20 часов бұрын

Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

22 часа бұрын

Абай облысында салық түсімдерінің жоспары 102 %-ға орындалды

22 часа бұрын

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

3 дня бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС