"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕЛ МЕРЕЙІН КӨТЕРГЕН МЕРЕКЕ

04.12.2015
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

1 желтоқсан — қазақ халқы үшін ерекше күн. Бұл күн – тарих сахнасында тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегендеп, болашаққа бағыт-бағдар сілтеген Елбасының еселі һәм ұшан-теңіз еңбегіне көрсетілген халқының құрметі ретінде белгіленген Тұңғыш Президент күні.

Жалпыхалықтық сипат алған мереке Семей төрінде де есте қаларлық оқиғалармен өрбіді. Мереке күні шаһардан ауыр салмақтағы жүк пойызы жолға шықты, бүлдіршіндер жаңа балабақшаның есігін ашты, баспанаға қол жеткізіп, жаңа қонысын тойлап жатқан сәттер Семейде осы күні орын алды.

 

Ауыр салмақтағы жүк пойызы

жолға шықты

 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Семей жол бөлімшесі филиалының теміржолшылары ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай үлкен шара өткізді. Жетістікті жұмыстың кепілі саналар елеулі шараға бөлімше басшылығы мен жергілікті атқарушы билік өкілдері де қатысты. Атап айтсақ, желтоқсанның 1-і күні бөлімше тарихында тұңғыш рет ауыр салмақтағы жүк пойызы Семей станциясынан шығып, Ақтоғай станциясын бетке алды.

Бұл күні Семей темір жол бекеті ғимараты мерекедегідей безендіріліпті. Вокзал басы қарбаласқа толы. Қолдарына ұрансөз, жалаушалар ұстаған теміржолшылар жүзінде ерекше қуаныш бар. Мерекемен құттықтасып жатқан шат көңілді көпшілік арасынан Семей локомотив пайдалану депосының тәжірибелі машинисі, аталмыш пойызды тізгіндейтін Ұзақ Әбекбаевты жолықтырдық.

— Біз бүгін 57 вагоннан тұратын ауыр салмақтағы пойызды апара жатырмыз. Пойыздың жалпы салмағы 5400 тоннаны құрайды. Бұл жылжымалы құрамның басты артықшылығы — оның орташа салмағы 1800 тоннаға дейін үлкейтілген және жүкті тасымалдау жылдамдығы арттырылған. Рас, аталмыш жылжымалы құрам эксперименттік түрде алғаш рет желі бойына шығып барады, — деді машинист ішкі толқынысын жасыра алмай.

Осылайша, салтанатты шара да басталып кетті. Бекет басындағы көпшілік алдында Семей қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Ерембесов сөз алды. Өз сөзінде Елбасының ел экономикасын өркендету жолындағы тапсырмаларына игі бастамамен жауап берген барша теміржолшыларды мерекемен құттықтаған әкім орынбасары еңбекте табыс тіледі.

Осыдан соң Семей жол бөлімшесі ардагерлер кеңесінің басшысы, ардагер теміржолшы Қырықбай Әлсейітұлы да мерекеге орай жылы лебізін арнады. Күні кеше теміржол саласына бар ғұмырын арнаған ардагерлердің бүгінгі жетістіктерге үлкен қуанышпен қарайтынын жеткізген ақсақал қазіргі буынды осынау еңбек жеңісімен құттықтады.

 

{jcomments on}Семей жол бөлімшесі  өндірістік көрсеткіштер бойынша ұлттық компания бөлімшелері арасында алдыңғы орыннан табылып келе жатқанын тілге тиек еткен ардагер өндірісті ұйымдастыруда жаңа технологиялардың енгізілуі Елбасы Жолдауындағы экономиканы дамыту бағытындағы басымдықтарға қызу еңбекпен берілген жауап екенін атап өтті. Сонымен қатар осы іргелі шараның бастамашылары Марлен Көкірекбаев, Семей станциясы басшысы Әлібек Сихымбаев, станция кезекшісі Талғат Рахымжановтарға алғыс білдіріп өтті.

 

Ал өз кезегінде лебіз білдірген Семей жол бөлімшесінің басшысы Марлен Көкірекбаев аталмыш игі шара Елбасының ел теміржолшыларына артып отырған міндеттемелерін орындау мақсатында ұйымдастырылғанын айтып өтті. Ауыр салмақтағы жүк пойызын алғаш рет сапарға жөнелту құрметі бөлімше басшысы Марлен Кәрімұлына жүктелді. Ол белгі берісімен-ақ 57 вагоннан тұратын жылжымалы құрам орнынан баяу қозғалды. Бекет басы абыр-сабырға толып, әскерилердің үрмелі аспаптар оркестрі әсем маршты ойнап қоя берді. Тұңғыш Президент күні құрметіне бірнеше мәрте гудок берген пойыз ел оңтүстігін бетке алып аттанып кетті.

 

Бүлдіршіндердің

бал күлкісіне толы

 

1 желтоқсан — ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Семей қаласында қос бірдей жаңа балабақша ашылды. Тәрбие ордалары қала кәсіпкерлерінің жеке қаражаттары есебінен  салынып енді, көпшілік игілігіне қызмет етпек. Ал жергілікті атқарушы билік мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы  аясында мемлекеттік тапсырыс беріп, балабақша кезегінің санын азайтпақ.

Мереке күні қаладағы мектепке дейінгі білім беру ордаларының санын толықтырған тәрбие нысанының бірі — Пархоменко көшесінде орналасқан «Еркетай» балабақшасы. Аталмыш мекемеде 3 пен 5 жас аралығындағы 23 бүлдіршінге мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие беру жүзеге асырылмақ. Ал осы жас аралығындағы 60 бала Ленин көшесі бойынан ашылған «Әдемi-kz» балабақшасында білім алатын болады. Қос нысанда да балаларды оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілмек. Айта кетуіміз керек, бұл мекемелерде баланың жан-жақты дамуы үшін толық жағдай қарастырылған. Заманауи тұрғыда жабдықталған, педагогика саласындағы соны әдістемелермен қызмет көрсететін ғимараттардағы білімнің сапасы да айтарлықтай жоғары болатыны анық.

Қалалық білім бөлімінің мәліметіне сүйенсек, екі шағын орталықтың пайдалануға берілуі қосымша 19 жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік туғызып отыр. Қазіргі таңда аталмыш мекемелер өзіндік міндеттемелер қабылдаған. Оның ішінде бөбектерді мектепке даярлау басты орынға қойылған.

«Әдемi-kz» балабақшасының құрылтайшысы әрі директоры Жанар Ерденбекованың айтуынша, ғимаратты толықтай жабдықтауға 4 млн. теңгенің қаражаты жұмсалыпты. Қазіргі күні қазақ және орыс тілдерінде тәлім беретін екі топ ашу жоспарланып отыр. Ата-аналардан алынатын ақы не бары 10 200 теңге екен.

Жалпы, ағымдағы жыл мектепке дейінгі білім беру саласы бойынша жемісті. Атап айтсақ, Семей шаһарында 383 орынды төрт  мектепке дейінгі жекеменшік мекеме     ашылған.

Айта кету керек, бүгінгі күні Семейдегі 34 балабақша мен 49 шағын орталықта мектепке дейінгі жастағы 6454 бала тәрбиеленуде. Ал туылғанынан бастап 5 жасқа дейінгі аралықта 12 486 бала балабақша  кезегінде тұр.

 

Жаңа үйдегі қоныс тойы

 

ҚР Тұңғыш Президенті күнінде бірқатар отбасылар баспаналы болды. Цементшілер кентінде  9 қабатты, 128 пәтерден тұратын «Ақшың» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Баспанаға қол жеткізгендерге мереке күні салтанатты түрде пәтер кілттері табыс етілді.

Көп қабатты тұрғын үй кешені «Ақшың» корпорациясының жеке қаражаты есебінен салынды. Бір жыл ішінде құрылысы аяқталған жаңа тұрғын үйде барлық жағдай жасалған. Мұнда көлік қоюға арналған жерасты автопаркингі, спорттық және балалар ойын алаңдары да бар.

Салтанатты шараға қала әкімінің орынбасары Қайрат Ерембесов, қала әкімі аппаратының басшысы Зәуреш Исабаева, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі, ҚР Кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті Жібек Әжібаева, қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов, «Ақшың» корпорациясының президенті Марат Құрманбай қатысты. Алғаш болып Семей қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Ерембесов қоныс иелерін құттықтады.

— Құрметті семейліктер! ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында шаһарымызда көп қабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп отыр. Тұрғын үй кешенінің құрылысы облыстық мәслихат депутаты, «Ақшың» корпорациясының президенті Марат Құрманбайдың басшылығымен іске асты. Мемлекет басшысы өзінің халыққа арнаған кезекті Жолдауында елімізде дағдарысқа қарсы түрлі шаралардың қолға алынғанын атап өткен. Міне, Семей қаласында кезекті рет пайдалануға беріліп отырған тұрғын үй сол атқарылып жатқан нақты істеріміздің дәлелі болса керек, — деп атап өтті өз құттықтауында қала әкімінің орынбасары.

Ал «Ақшың» корпорациясының президенті Марат Құрманбай баспаналы болған азаматтарды құттықтап, еңбекте табысты болуларына тілектестігін білдірді.

— Құрметті жерлестер, ҚР Тұңғыш Президенті күні «Ақшың» корпорациясы 9 қабатты, 128 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтап, пайдалануға берді. Мұнда спорт және балалар алаңы, көлік қоюға арналған автопаркинг бар. Бір жыл ішінде тұрғын үйдің құрылысын жүргізуге көмек көрсеткен қала басшысы Ермак Сәлімовке алғысымыз зор. Сондай-ақ мердігерлерге үлкен ризашылығымды білдіремін. Құрылыс барысында, ең алдымен, жергілікті кәсіпкерлер шығарған өнімдер пайдаланылып, құрылыс сапасына ерекше мән берілді. Айталық, тұрғын үйдегі бір бөлмелі пәтер 45 шаршы метр болса, 2 бөлмелі пәтерлер 70 шаршы метрді, ал 3 бөлмелі пәтерлер 98 шаршы метрді құрайды. Баршаларыңызды                         ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын, — деді «Ақшың» корпорациясының президенті Марат Құрманбай.

Бұдан соң тұрғындарға пәтер кілттері табысталып, жаңа үйдің лентасы қиылды. Жиналған жұртшылық шашу шашып, бір-бірін жаңа қонысымен құттықтасып жатты. Баспанаға ие болған жандардың бірі — алты баланың анасы Мейрамгүл Әбдуалиева.

— Отбасыммен қалаға көшіп келіп, пәтер жалдап тұрып жатқан едім. Күз кезінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің қабылдауында болдым. Даниал Кенжетайұлы Семей қаласы әкімдігіне менің мәселемді шешуді жүктеген еді. Осы мәселе бойынша қалалық әкімдіктің өтінішіне Марат Құрманбай назар аударып, жаңа үйден пәтер кілтін табыс етті, — деген Мейрамгүл Әбдуалиева жергілікті кәсіпкердің бұл алғашқы көмегі емес екенін, әр кез балаларына қамқор болып келе жатқанын атап өтті. Барлық отбасылар жаңа пәтер кілттерін алып болғаннан кейін, шараға жиналғандар пәтерлерге шағын экскурсия жасады.

 

Жалпыхалықтық

сипат алған мереке

 

ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесінен қала жастары да шет қалмай, автошеру ұйымдастырды. Аталмыш шара Семей қаласы ішкі саясат бөлімі, ШҚО студенттер Альянсы және «Mansory Club Semey» әуесқой автокөлік иелері қоғамдастығының ұйытқы болуымен өткізілді. Автошеру қаланың сол жақ жағалауынан бастау алып, орталық алаңда мәресіне жетті.

Сондай-ақ Абай атындағы театрда «Бір тағдыр – бір тарих» атауымен мерекелік концерт өтіп, мереке орталық саябақта жалпыхалықтық сипат алды.   Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар       Садырбаев айтулы күннің мәні мен маңыздылығына тоқталып, тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудағы Мемлекет басшысының айрықша рөлін атап өтті.

— 1 желтоқсан — әрбір қазақстандық үшін айрықша күн. Себебі осыдан 24 жыл бұрын 1 желтоқсанда қазақстандықтар бүкілхалықтық сайлауда тарихи шешім жасады. Ол шешімнің дұрыстығы һәм өміршеңдігі уақытпен қатар нақты істермен дәлелденіп келеді. Бүгінде елімізді дамудың даңғыл жолына түсірген Мемлекет басшысының арқасында Қазақстан өзге қуатты мемлекеттермен иық тіресе алатындай дәрежеде. Күні кеше БҰҰ-ның 70-ші сессиясында Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы биік мінберден әлем қауымдастығын бейбітшілікке әрі жаһандық лаңкестікпен күресуге шақырды. Мұнымен қоса баршамыз Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын тамашаладық. Мемлекет басшысы аталмыш Жолдауда қазіргі экономикалық жағдайда атқарушы биліктің алдында тұрған нақты тапсырмаларды айқындап берді, — деді Айдар Серікқазыұлы.

 

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

Асан МЫРЗАХАН,

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

02.07.2026
Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

Қытайдағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Бейжіңдегі Shougang паркінде Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) фестивалінің ресми таныстырылымы және Қазақстан–Қытай AI-кино мен...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

02.07.2026
Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз ұдайы орнықты даму бағдарын ұстанып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ең әуелгі міндет экономиканы және...

Толығырақ...Details

Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

02.07.2026
Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

Абай облысында еңбек заңнамасының сақталуын бақылау және қызметкерлердің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

02.07.2026
«Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

«Әділет» партиясының Абай облыстық филиалында конференция өтті. Оның қорытындысы бойынша филиал басшысы, Саяси кеңес мүшелері және Бақылау-тексеру комиссиясының құрамы сайланды....

Толығырақ...Details

Жазда ішек инфекцияларынан қалай сақтануға болады?

02.07.2026
Жазда ішек инфекцияларынан қалай сақтануға болады?

Жаз мезгілінде жіті ішек инфекциялары мен сальмонеллездің таралу қаупі артады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық санитариялық-эпидемиологиялық...

Толығырақ...Details

Бородулиха ауданында жыл басынан бергі даму көрсеткіштері таныстырылды

02.07.2026
Бородулиха ауданында жыл басынан бергі даму көрсеткіштері таныстырылды

Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бородулиха ауданы әкімінің міндетін атқарушы Талғат Мұратов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен биыл атқарылып...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

7 часов бұрын

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

11 часов бұрын

Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

12 часов бұрын

«Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

12 часов бұрын

Жазда ішек инфекцияларынан қалай сақтануға болады?

13 часов бұрын

Бородулиха ауданында жыл басынан бергі даму көрсеткіштері таныстырылды

18 часов бұрын

Абай облысында жаңа Конституцияның ресми басылымын табыстау рәсімі өтті

1 день бұрын

ҚР жаңа Конституциясы және білім экономикасына көшу: ғылым мен жоғары білімді дамытудың стратегиялық басымдықтары

1 день бұрын

Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

1 день бұрын

Қазақстан тарихында алғаш ретәкімшілік рақымшылық жасау жүргізіледі – Президент заңға қол қойды

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС