"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАРЛЫҒЫ РАҚМЕТ ҮШІН

29.01.2016
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жуырда Семей қаласында «Барлығы рақмет үшін» дүкендер желісі жұмысын бастайды. Егер өзіңізге қажет деп таппаған жеке заттарыңыз, тұрмыстық техникалар, киім – кешектеріңіз болса, аталмыш дүкенге өткізуге болады. Ал сіздің әкелген заттарыңызға мұқтаж жандардың бар екенін ескерсеңіз, әлбетте, алғысқа бөленетініңіз анық. Сондықтан аталған жобаны қолға алушылар дүкендер желісін «Барлығы рақмет үшін» деп бекер атамаса керек. Семейліктердің ерекше қызығушылығын тудырып отырған дүкендердің жұмысы жайында жан – жақты мағлұмат апта дүйсенбісінде қаланың Ақпараттық орталығында өткен баспасөз мәслихатында берілді.

 

Айта кету керек, дүкенге өткізген заттар тек әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен көмекке мұқтаж жандарға беріледі. Жобаның негізгі мақсаты да осы. Мұндай бастаманы «Исток» балалар мен жастардың шығармашылық орталығы», «Іскер әйелдер ассоциациясы», «Жанұя орталығы», «Әйелдер және білім беру» қоғамдық бірлестігі және ШҚО Кәсіпкерлер палатасының Семей қалалық филиалы бірлесе жүзеге асырып отыр. Дүкендер желісі ақпан айының басында ашылады деп күтілуде. Әзірге тұрмыстық заттарды қабылдау жұмыстары жүріп жатыр.

— ШҚО Кәсіпкерлер палатасының Семейдегі филиалы, мемлекеттік емес ұйымдардың бастамасымен және қалалық әкімдіктің қолдауымен жоба жүзеге асырылуда. Бұған қала кәсіпкерлері де айтарлықтай өз үлестерін қоса білді. Мәселен, «Елжан» сауда үйі мен «Солтүстік» сауда-логис-   тикалық орталығының қожайындары бізге сауда нүктелерін тегін түрде ұсынып отырғаны — үлкен қолдау. Сондай-ақ бірқатар азаматтар дүкендерді қажетті жиһазбен қамтамасыз етуге ниетті екендіктерін жеткізді,- деп атап өтті ШҚО Кәсіпкерлер палатасы Семей қалалық филиалының директоры Ардақ Әділжанов.

Ал «Жанұя орталығы» қоғамдық қорының жетекшісі Людмила Асташкина «Барлығы рақмет үшін» дүкені қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік мәселесін шешуге септігін тигізетініне сенім білдірді.

— Әлеуметтік жоба белгілі бір науқан шеңберінде ғана халыққа қызмет атқарады деген ойдан аулақпыз. Қаланың белсенді азаматтарының демеушілігімен оның жұмысы жандана түсетініне сеніммен қараймыз. Онда келген адамдар өздерін басқалардан қарағанда кем санамауы тиіс. Сол себепті де оның ішіндегі жиһаздар мен керекті құрал-жабдықтарды жаңадан алғанды жөн санадық. Қоғамда әлеуметтік мәселелер аз болса, біздің еліміздің бірлігі нығая түседі деп ойлаймын,- деді өз сөзінде Людмила Михайловна.

Баспасөз мәслихатында сөз алған «Іскер әйелдер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айнұр Арғынбекова қазіргі экономикалық тұрғыдан күрделі кезеңде бұл дүкендер желісі мүмкіндігі шектеулі жандар мен әлеуметтік тұрғыдан әлжуаз топтарға үлкен қолдау болатынын жеткізді. Тағы бір айта кетерлігі, әлеуметтік нысандар мемлекеттік емес ұйымдардың ұдайы бақылауында болады.

Баспасөз мәслихатына қатысушылар аталмыш жобаға үлес қосуға ниетті азаматтар үшін қашанда есік ашық екенін бір ауыздан атап өтті. Айта кетейік, тұрмыстық заттарды қабылдау «Исток», «Жанұя орталығы» және «Әйелдер және білім беру» қоғамдық бірлестіктерінде жүргізіледі.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ,

«Семей таңы»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

7 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

7 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

11 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС