"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЫЛУ БЕРУДЕ КЕДЕРГІ ЖОҚ

29.01.2016

Әзірге қысқы жылыту маусымы ойдағыдай өтуде. Жылу беруде мәселе жоқ. Жылыту маусымы    басталғалы, тұрғындар тарапынан да айтарлықтай арыз – шағымдар тіркелмеген. Біраз жыл бұрын жылуы жырға айналған Семейдің қазандықтары мен жылу құбырлары қалыпқа келтірілгеніне көз жеткізуге болады.

Семей қаласының Ақпараттық орталығында биылғы жылыту маусымының өту барысы жайында БАҚ өкілдеріне арнал- ған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. Баспасөз мәслихатына Семей қаласы тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Амантай  Өтелбаев, Семей қаласы тұрғын үй инспекциясының басшысы Светлана Заурбекова, қалалық жылу инспекциясының басшысы Жұман Мусин қатысты.

Алдымен Амантай Өтелбаев қаладағы барлық жылу көздерінің кестеге сәйкес жұмыс істеп тұрғаны, көмір қорының жылу маусымының аяғына дейін жететіні туралы ақпарат берді.

— Бүгінгі таңда шаһардағы пәтерлер жылумен әрі ыстық сумен қамтылып отыр. Дегенмен кішігірім апатты жағдайлардың орын алатыны жасырын емес. Мұндай жағдайда дер кезінде алдын алу жұмыстары жүйелі жүргізіледі. Ал РК-1 жылу қазандығына келер болсақ, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңғырту жұмыстары жүруде. Қазіргі уақытта нысанда 2 бу және 1 су қазандығы іске қосылып тұр. Бұл қуат мөлшері 25 градус аязға дейін жұмыс істеуге мүмкіндік беруде,- деді Амантай Өтелбаев.

Десе де қаланың сол жағалау тұрғындарына, ауа райы күрт төмендегенде, ыстық су берілмей қалатын көрінеді. Аталмыш мәселені қалалық жылу инспекциясының басшысы Жұман Мусин түсіндірді.

— Тұрғындар дұрыс түсінсе екен дейміз. Ауа райы күрт төмендеген жағдайда, пәтерлердегі жылуды ұстап тұру үшін біз ыстық су беруді тоқтатуға мәжбүрміз. Бұл РК-1 жылу қазандығы толыққанды іске қосылғанға дейін жалғасатын болады. Бүгінде аталмыш жылу орталығында үш  Е-35 маркалы қуатты энергоқазандықтар орнатылуда. Ол іске қосылғаннан кейін, жылу мен ыстық су қалыпты жағдайға түсетін болады,- дейді Жұман Мусин.

Баспасөз мәслихатына қатысушылар «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тозығы жеткен инженерлік желілердің ауыстырылуы шаһардағы көптеген түйткілді мәселелердің оң шешілуіне септігін тигізгенін жеткізді.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

17.11.2026
Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

Қазақстан Халық Кеңесі Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің төрағасы Вера Кимнің төрағалығымен Білім беру және адами капитал мәселелері жөніндегі салалық комиссияның...

Толығырақ...Details

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

16.11.2026
Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...

Толығырақ...Details

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

16.11.2026
Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

Абай облысында 2026 жылдың алғашқы 10 айында 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жүргізілген. Өңірде жыл сайын 220 мыңнан астам екпе...

Толығырақ...Details

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

16.11.2026
Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

Халықтың денсаулығын сақтау, медициналық қызметтердің сапасын арттыру және денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту Қазақстанның әлеуметтік дамуындағы маңызды міндеттердің бірі болып қала...

Толығырақ...Details

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

16.11.2026
Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

Адамның еркін жүріп-тұруы, тұрғылықты жерін өз қалауынша таңдауы және елден тыс жерлерге шығуы оның негізгі құқықтары мен бостандықтарының қатарына жатады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

33 минуты бұрын

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

14 часов бұрын

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

19 часов бұрын

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

19 часов бұрын

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

19 часов бұрын

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

19 часов бұрын

Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

20 часов бұрын

Абай облысында салық түсімдерінің жоспары 102 %-ға орындалды

20 часов бұрын

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

3 дня бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС