"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС КӨП, АЛДАҒЫ ЖОСПАР ДА АУҚЫМДЫ

29.01.2016
18
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Барқытбелдің баурайындағы Үржар ауданы бүгінде даму жолында. Есептік кездесулер барысында бұл пікірге дәлелді түрде көз жеткізуге әбден болады. Ағымдағы аптада жергілікті тұрғындар алдында аудан әкімінің есептік кездесулері Көктал, Науалы, Бестерек, Барқытбел, Жаңа тілек, Егінсу, Жоғары Егінсу ауылдық округтерінде жалғасын тапқан еді.

Жүздесулерге аудан әкімі Серік Зайнулдинмен бірге мәслихат хатшысы Мұхаметқали Бітімбаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Біржан Тұрлыбеков, білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сәуле Жүнісова, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қаленбек Қарашев, аудандық ІІБ басшысы, полковник Нұрлан Дүйсекенов, аудандық  орталық аурухананың бас дәрігері Жексенбай Тілеуберлин, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Светлана Семенова, жер қатынастары бөлімінің басшысы Дариға Жаркенова, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Берікхан Ғалиев қатысты.

Алдымен кездесу Көктал ауылындағы мектеп ғимаратында өтті. Ауыл әкімі Ботақан Нұғыманов жиылған қауым мен аудан басшылығының алдында өткен 2015 жылғы жетістіктер мен ағымдағы жылдың еншісіне жоспарланған істер жайлы баяндады. Ботақан Таупихұлының айтуынша, көкталдықтар қой жылын сәтті қорытындылаған. Қордаланған мәселелер шешіліп, тың ойлар жүзеге асырылған. Ал осы ретте ауыл әкімінің жұмысына оң баға берген Серік Зинабек-ұлы көкталдықтарды жағымды жаңалықтармен қуантты. Атап айтсақ, ауылдағы ауыз су мәселесін түбегейлі шешу мақсатында  жобалық-сметалық құжатқа қаржы бөлінетін болды. Сонымен бірге аудан басшысы жастардың ауылды жерде тұрақтап қалуына жол ашу мақсатында мәдениет үйі үшін 16 млн.теңге бөлетіндігін де мәлімдеді. Осыдан соң көпшілік көкейлерінде жүрген сауалдарын ортаға салды. Көктал ауылы балық шаруашылығына маманданғандықтан болар, тұрғындардың сауалдары да осы сала төңірегінде өрбіді. Ербол Ақтекин есімді азамат балық аулауға рұқсат қағаз берілсе деген өтініш білдірді. Жауап қайтарған Серік Зинабекұлы рұқсатты аудан әкімдігінен емес, облыстағы құзырлы мекемелерден алу керектігін айтып, тиісінше кеңес берді.

Көпшілік күткен кездесу Науалы ауылында да өтті. Ауылдың Мәдениет үйіне жиналған халықтың саны мол екен. Өткен жылы ғана ауыл әкімі болып тағайындалған Ұлан Сапарғалиев аудан басшысы және тұрғындар алдында алғашқы есебін берді. Науалыдағы атқарылған шараларды Серік Зинабекұлы жоғары бағалады. Содан кейін сауалдар жолданды. Алғашқы болып Жұмеке Құлыншақпаев токарь станогын (темір жону құрылғысын) алып кәсіп ашуға 1,5 млн. теңге қаржы бөлінсе деген өтінішін білдірді. Аудан басшысы бұл өтініштің қарастырылатынын мәлімдеді. Ал ауыл тұрғыны Дәулет Қазбеков 1983-2013 жылдары жұмыс істеген спорт кешенін (ДЮСШ) алдағы уақытта ауыл азаматтары бірлесіп қайта жөндеуден өткізіп, мемлекет қарамағына берсек деген ұсыныс айтты. Аудан басшысы бұл бастаманы құп алды. Соңғы сауалды жолдаған Меруерт Нұрғазиева  ауылдың өнерпаз өрендері аудан орталығындағы музыка мектебінде оқитындығын ескере отырып, болашақта Науалыда да музыка мектебі ашылса деген тілегін айтты. Аудан әкімі музыка мектебінде оқуға ниетті бала саны 40-қа толса, белгіленген стандартқа сай жаңа білім ордасын ашуға болатынын мәлімдеді.

Бестерек ауылдық округіндегі жиында округ әкімі Талғат Оспанов баяндама жасады. Аудан басшысы баяндамаға баға берген соң, тұрғындар көкейкесті мәселелерімен бөлісті. Әлімжан Алпысбаев ақсақал өз қамқорлығындағы (ата-анасы жоқ) екі немересі де медициналық университеттің ақылы бөлімінде оқитынына байланысты аудан әкімдігі тарапынан материалдық қолдау сұрады. Серік Зинабекұлы 22 наурызға дейін «Нұр Отан» партиясы арқылы тиісінше көмек беру ісін қарастыратынын жеткізді.

Сондай-ақ келесі кезектегі кездесуде Барқытбел ауылдық округінің әкімі Нұрбек Ануарбеков округте атқарылған істерді таразылап өтті. Кездесуде ауыл тұрғындары аудан басшысынан ескі мектеп ғимаратының спорт залын мешіт ретінде ашуға рұқсат сұрады. Серік Зинабекұлы бұл мәселені ауыл әкімімен ақылдасып шешуге болатынын айтты. Зейнеткер Минаш Жомартова ауыз су мәселесін көтерді. Оған аудан басшысы су қоры тексерілгенін, алдағы уақытта жобалық-сметалық құжат әзірленетінін айтты.

Ал Егінсу округіндегі жиында Серік Зайнулдин ауылдық клубқа 4,5 млн. теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетінін атап өтті. Сондай-ақ Жаңа тілек ауылдық округіндегі жиында ауыл әкімі Қажымұрат Кәрібаев есептік баяндамасы барысында 2011 жылы басталған 320 орындық мектеп құрылысында жұмыс істеген ауыл азаматтарының 18 млн. теңге көлеміндегі жалақысы әлі күнге дейін берілмегенін айтып, осы ретте аудан әкіміне мердігер мекемеге қозғау салу жайында ауылдастарының өтінішін жеткізді. Серік Зинабекұлы бұл мәселеге қанық екенін және бұған қатысты сот ісі қозғалып жатқанын,   халықтың еңбегін қайтаруға атсалысатынын айтты. Ауыл тұрғындары атынан сөз алған Қайырбек Қарыбаев ата-ана ретінде мектеп оқушыларына ағылшын тілінен ақылы түрде қосымша дәріс өткізу жайы туралы сұрады. Аудан әкімі дәріс беруші салық төлеу арқылы заң талаптарын сақтай отырып дәріс өткізе алатынын мәлімдеді.

Егінсу ауылдық округінде ауыл әкімі Еркін Кәрімов амбулатория ғимараты мен жедел жәрдем автокөлігін жаңалау туралы ауылдағы ағайынның өтініш жеткізді. Сондай-ақ ауыл әкімдігі ғимаратының да тозығы жеткенін тілге тиек етті. Аудан басшысы 2016 жылы ауданға тапсырылатын төрт салық түрін ауыл қазынасына қалдырып, қажеттеріне жаратуға болатынын айтты.

Бір сөзбен айтқанда, есептік  жиындарда жетістіктер кеңінен  талқыланып,  Үржар ауданының барлық салалар бойынша көш ілгері дамып келе жатқандығы тілге тиек етілді. Округтердегі халық та аудан басшысының әрбір сөзін ыждағаттылықпен тыңдап, ойларымен бөлісіп отырды, өңірімізде әрдайым жағымды жаңалықтар мол болғай деген тілектер айтылды.

Бауыржан ЖАҚЫП,

«Семей таңы

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

17 часов бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

17 часов бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

20 часов бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

20 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

20 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

20 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

21 час бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

21 час бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

21 час бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

22 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС