"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БӘРІ ДЕ ТЕГІН

09.02.2016
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

4 ақпан күні әлеуметтік аз қамтылған, тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларды тегін киім – кешек, керек – жарақ, тұрмыстық заттармен қатамасыз ету мақсатында Семейдегі бірқатар кәсіпкерлер, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік емес ұйымдардың бастамасымен қолға алынған «Барлығы  рақмет үшін» дүкендер желісінің жұмысы басталды. Шаһардың Энергетик кентіндегі «Солтүстік» сауда — логистикалық орталығы мен 14-ықшам ауданда, Первомайская көшесі, 79 мекенжайындағы «Елжан» сауда үйінде аталмыш дүкен желісінің нүктелері салтанатты түрде ашылды.

«Солтүстік» сауда — логистикалық орталығындағы айтулы шараға қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін     атқарушы Азамат Құрманғалиев, ҰКП –нің ШҚО филиалының директоры Игорь Шацкий, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов, үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, қала тұрғындары қатысты.

Жобаның көздегені қоғамдағы әлеуметтік әлжуаз топтар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қажетті тұрмыстық заттармен қамтамасыз ету болып табылады. Осы әлеуметтік идеяны жүзеге асыруға «Исток» балалар мен  жастардың шығармашылық орталығы», «Іскер әйелдер ассоциациясы», «Жанұя орталығы» және «Әйелдер және білім беру» қоғамдық бірлестігі бастамашыл бол-ған. Семей қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Азамат Құрманғалиев әлеуметтік дүкеннің ашылуы ҮЕҰ, кәсіпкерлер мен атқарушы билік арасындағы тығыз әріптестік байланыстың айқын дәлелі екеніне ерекше тоқталып өтті.

— Бұл өз кезегінде қаладағы    әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға үлкен көмек болатынына сенім білдіреміз. Бұл жердегі барлық заттар тегін түрде берілетін болады. Дүкеннің жұмысы жақсы жүйеге келтіріліп, оның өміршеңдігі ұзаққа созылады деген үміттеміз. Әлеуметтік жобаны іске асыруға ұйытқы болған барлық қоғамдық ұйымдар мен кәсіпкерлерге алғысымыз шексіз, — деп атап өтті Азамат Амангелдіұлы.

ҰКП –нің ШҚО филиалының директоры Игорь Шацкий әлеуметтік дүкеннің ашылуымен семейліктердің өзге өңірлерге үлгі боларлықтай бастама көтергенін айта келе, аймақ кәсіпкерлері осы бағыттағы жұмыстарды толығымен қолдауға әзір екендіктерін білдіргенін атап өтті.

— Жобаның жүзеге асуын көпшілік қауымның күткені белгілі. Кәсіпкерлер палатасы өз тарапынан мүмкіндігінше демеушілік көрсетуге дайын. Бүгінде сіздердің бастамаларыңызды өзге аймақтар да іліп әкетуде. Мәселен, жуық арада осыған ұқсас дүкендер желісі Маңғыстау, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы және Астана қалаларында ашылады деп жоспарланып отыр екен. Қорыта айтқанда, Семей қаласының тұрғындары еліміздің өзге өңірлеріне жақсы қырынан таныла білді,- деп атап өтті Игорь Шацкий.

Айта кету керек, дүкен сөрелері қала тұрғындарының қайтарымсыз беретін тауарларының есебінен толығып отырады.

Жақсылық СҮЛЕЙМЕН,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

15 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

18 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС