"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Ермак СӘЛІМОВ: АБЫРАЛЫ ӨҢІРІНІҢ ӘЛЕУЕТІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА

09.02.2016
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»  Жарлығына сәйкес, барлық деңгейдегі әкімдердің есептік кездесулері өтуде бұл күнде. Өткен аптаның сейсенбісінде Семей қаласының әкімі Ермак Бидахметұлы Сәлімовтің есептік кездесулері басталып, апта соңында Абыралы өңірінде өз жалғасын тапты. Өткен жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, ағымдағы жылға, алда тұрған ауқымды істердің жоспары айтылатын есептік кездесулерде бірқатар мәселелер қамтылды. Ермак      Бидахметұлы әсіресе, ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз ету,  көшелерді жарықтандыру, ауылшаруашылық өнімдерін арттыру, мал басын көбейту және асылдандыру,  инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті өркендету бағытындағы атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды. Табиғат тосын мінез танытып, ақ түтек боран кездесулерді кешеуілдетіп, «жол жоқ, келмей –ақ қойыңыздар» деп таңқалдырған     Таңат ауылдық           округінің әкімінің әттеген-айы болмаса, жалпы Абыралы өңіріндегі кездесулер абыроймен өтті.

Өткен бейсенбі — жұма күндері қала әкімі Ермак Сәлімовтің 2015 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы тұрғындар алдындағы есебі Знаменка, Жазық, Айнабұлақ, Ақбұлақ, Таңат, Абыралы, Қараөлең, Алғабас ауылдық округтерінде жалғасын тапты.  Кездесулерге қалалық мәслихат депутаттары, ауылдық округтер әкімдері, сондай-ақ сала басшылары қатысты.

Знаменка ауылдық округіндегі кездесуде алғаш болып сөз алған ауылдық округ әкімі Әбусана Қарсақбаев ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы жылдың қорытындысын баяндады. Есептік баяндамада округ әкімі негізгі басымдықты жыл санып дамып келе жат- қан ауылшаруашылық саласына арнады. Өңірдегі «Өңірлерді дамыту», «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан», «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламаларын тиімді пайдаланудың нәтижесінде ірі қара малы мен ұсақ мал басы айтарлықтай өскен. Бұл өз кезегінде мал шаруашылығымен айналысатын ауылдағы ағайынның санын арттырып отыр. Бұдан өзге округте ет және сүт өнімдерін өндіру жағы да қалыпты деңгейде. 2015 жылы ет өндіру  2014 жылмен салыстырғанда 2,5 пайызға артқан. Сол сияқты өңірде сүт өндіру 0,2  пайызға өскен. Ауылдық округте жүнді қайта өңдеу саласында да алға ілгерілеушілік бар. Мысалы, өткен жылы өңірде 600 центнер шикізат өндіріліп, оның жартысы «Роза» ЖШС өткізілген.

Округте мал шаруашылығымен қатар материалдық-техникалық базаны жақсарту дұрыс жолға қойылып келеді. Оны шаруалардың жаңа техникалар сатып алуынан байқауға болады. Бұған қоса округте мал бордақылауға арналған алаңдар бар, ал ірі қара мен ұсақ мал басын арттыру мақсатында шаруа қожалықтары асыл тұқымды мал басын арттыруда.

— Ауыл шаруашылығын дамытуға арнал-ған бағдарламалар мен субсидиялар нәтижесі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштің біршама ілгерлеуіне, әрі тұрақты өсім және дамуға қол жеткізгені белгілі. Знаменка ауылдық округі бойынша «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан», «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламалары бойынша жұмыстар жүргізілді. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы ауылдық округтің тұрғындары мал санын арттыру мақсатында шағын несиелер алды, — дейді Знаменка ауылдық округінің әкімі Әбусана Қарсақбаев.

Знаменка ауылындағы жалпы білім беретін орта мектепте бір ауысымда 168 бала білім алады. Шағын орталықта 23 бала тәрбиеленуде.  Оқу орнының материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша жұмыстар атқарылуда. Ал балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін мектептегі асхана жүйелі жұмыс жасауда.

Округ әкімінің айтуынша, өңірдің денсаулық саласын дамытуға да айтарлықтай көңіл бөлінген. Бүгінгі күні ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимараты жалға алынған. Қуаныштысы сол, Знаменка ауылында жаңа амбулатория құрылысы аяқталды. Заман талабына сай нысанның құрылыс жұмыстары 2016 жылдың үшінші тоқсанында толықтай аяқталмақ. Бүгінгі күні ауыл тұрғындарына 1 дәрігер және алты медбике қызмет көрсетеді екен.

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов Мемлекет басшысының бес институтционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған Ұлт жоспары — «100 нақты қадамда» көрсетілген негізгі бағыттарды орындау мақсатында жұмыстар атқарылғанын, өткен жылы негізгі көрсеткіштер бойынша бірқатар саланың дамуы көңілге қонымды екенін атап өтті.

— Алдымызда тұрған мақсат Елбасы             Н. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын іске асыру, халықтың тұрмысын жақсарту. Келешекте біздің жұмысымыз осы бағытта жүретін болады. Өнеркәсіп саласында тұрақтылық байқалады. Жұмысшылар  еңбекақысы 2,5 пайызға артқан. Сүт өндірісі мен ет консервілеу, химия өндірісі, бағалы металдар мен машина жасау саласында даму көрсеткіші бар. Экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін біз қайта өңдеу цехтарын қалпына келтіруді қолға алдық. Семей тері илеу комбинаты іске қосылды. Балық өнімдерін дайындайтын «Нептун» кәсіпорыны жұмысын бастады. «Роза» ЖШС өндірісін ұлғайтты, — деді    Ермак Сәлімов Знаменка ауылы тұрғындары алдында.

Округтегі іргелі істерге ауыл тұрғындары ризашылықтарын білдірді. Әсіресе, ауыл халқы жолдардың жөнделіп, көшелерге жарықтың берілуі ауыл әкімінің еңбегі деп бағалады. Ауыл халқын алаңдататын маңызды мәселелердің бірі — құрылыс жұмыстары созылып кеткен жаңа амбулатория екен. Кездесуде тұрғындар осы мәселені көтеріп, құрылыс жұмыстарының уақытылы аяқталуына қадағалау жүргізуді өтінді.

Есептік кездесулер сонымен қатар Жазық, Айнабұлақ, Ақбұлақ ауылдық округінде жалғасты. Ауылдық округ әкімдері өткен жылы халық алдындағы есептерінде айтылған сын — ескертпелер мен ұсыныстар бойынша атқарылған жұмыстарға да тоқталып өтті. Бұған қоса мал шаруашылығын дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың жайы көбірек сөз болды. Бұл ретте Семей қаласының әкімі     Ермак Сәлімов ауылдарда мал шаруашылығының мүмкіндігін барынша пайдаланып, мал басын арттыру қажеттігін ескертті.  Кездесулерде ауыл халқының әлеуметтік жағдайлары да сараланып, атқарылып жатқан оңды істер сарапқа салынды.

Осыдан кейін Ермак Бидахметұлы Таңат ауылында есептік кездесу өткізуді жоспарлаған еді. Алайда ауа райының күрт өзгеруі, ақпанның ақ түтек бораны жоспарлан-ған кездесуге кедергі келтірді. Оның үстіне қала басшысының келе жатқанынан хабардар ауыл әкімінің қам жасап, қарекет қылудың орнына «келмей – ақ қойыңыздар» деп қол қусырып отырғаны түсініксіз болды.  Дегенмен Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов Абыралы, Қараөлең, Алғабас ауылдарындағы кездесулерін сәтімен аяқтап, ат құлағы көрінбейтін ақ түтек боранға қарамастан Таңат ауылдық округіне жол тартты. Жолға шыққанын да, кездесудің өтетінін де округ әкіміне ескерткен болатын. Осылайша ауа райының қолайсыздығына, табиғаттың тосын мінезіне қарамастан жолға шыққан төрт-бес көлік Ақбұлақ ауылы азаматтарының жәрдемімен Таңатқа да жетеді. Алайда ауыл әкімінің кездесу болатыны жайында халықты құлағдар етіп, жинамағаны да еріксіз бас шайқатады. Осы ретте қалың қарды өз күштерімен аршып жеткенде ауыл әкімінің бей-жай қарап отырғаны  әлбетте ыңғайсыз екені анық. Аз уақыт ішінде шаһар басшысы жақын маңдағы тұрғындардың басын қосып, арыз-шағымын тыңдады. Қала әкімінің келгенін естіген тұрғындар жиынға келіп, шағымдарын білдірді. Айтуларынша, ауыл әкімі халықты жөнді қабылдамайды, дауыс көтеріп, өтінішке құлақ аспайды. Ең ауыры, жергілікті атқа мінерлердің  ауылдың жабылатындығы жөнінде хабар таратып, елді дүрліктіруі. Тіпті, ауылдық округ әкімінің «жабылады емес пе?!», «мен зейнеттемін, қазір-ақ кетуге бармын» — деп қарсы сөйлеуі жөн болмады деп түйдік.

Барлық мәселелерді бүге-шүгесіне дейін естіген шаһар басшысы екі жүздей ғана халықтың қарапайым мәселелерін шеше алмаған ауыл әкімінің жұмысын қатты сынға алды.

Жалпы, кездесулер Абыралы, Қараөлең мен Алғабас ауылдық округтерінде де өтті. Жиында ауылды жерлердің келешектегі дамуы, бағыты, келелі мәселелері сөз болды. Барлық атқарылған жұмыстарды халық жоғары бағалады деуімізге болады. Қала әкімі Ермак Сәлімов ауылды жерлерде мал шаруашылығын дамытуды, алдағы уақытта тері, жүн қабылдау орындарын қайта жандандыру керектігін атап өтті. Қала басшысының пайымынша, бұл өз кезегінде шаһардың да экономикасын көтеруге, кәсіпорындардың жандануына өз септігін тигізбек. Бұдан өзге ет өнімдерін ешқандай делдалсыз қалада саудалауға мүмкіндік беретін сауда орындарын ашу керектігі сөз болды. Мұны ауыл халқы бірден қолдады.

Е.Сәлімов Семей қаласы бойынша жыл көлемінде атқарылған  жұмыстарға, әрбір саладағы қол жеткен жетістіктерді жан – жақты баяндады. Өңір экономикасының  артып келе жатқанын тілге тиек етіп, сәйкесінше халықтың да әл-ауқатының жақсара түскендігін атап өтті. Барлық кездесулерде әкім жұмысына ауылдағы ағайын оң бағасын берді.

Асан МЫРЗАХАН,                                                                                                                                                                          «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Семейдегі сауда нысандары жаңарып жатыр: облыс әкімі тапсырмалардың орындалуын тексерді

17.07.2026
Семейдегі сауда нысандары жаңарып жатыр: облыс әкімі тапсырмалардың орындалуын тексерді

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы бірқатар сауда нысандарын аралап, үш ай бұрын берген тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Алдымен...

Толығырақ...Details

Семей теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары қарқын алды

17.07.2026
Семей теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары қарқын алды

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстарының барысын барып көрді. Өңір басшысы құрылыс алаңындағы атқарылып...

Толығырақ...Details

Бородулихадағы орман өрті: облыс әкімі жағдайды әуеден бақылап, қосымша күштер тартылды

17.07.2026
Бородулихадағы орман өрті: облыс әкімі жағдайды әуеден бақылап, қосымша күштер тартылды

Абай облысының Бородулиха ауданында шыққан орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда. Өрт ошағындағы ахуалды бақылау үшін оқиға орнына облыс әкімі Берік...

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, ғылыми зерттеулер және жаңа Конституция – Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын трансформациялаудың негізі

17.07.2026
Жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, ғылыми зерттеулер және жаңа Конституция – Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын трансформациялаудың негізі

2026 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистратурасы мен докторантурасы түлектеріне диплом тапсырудың...

Толығырақ...Details

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан-Қытай цифрлық көпірін» іске қосуды ұсынды

17.07.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан-Қытай цифрлық көпірін» іске қосуды ұсынды

Мемлекет басшысы трансұлттық цифрлық инфрақұрылым жасақтауға және ЖИ саласындағы саясатты өзара үйлестіруге қатысты бірқатар ұсынысты ортаға салды, деп жазды Ақорда...

Толығырақ...Details

Алатау Орталық Азиядағы алғашқы толық интеграцияланған цифрлық шаһар болмақ

17.07.2026
Алатау Орталық Азиядағы алғашқы толық интеграцияланған цифрлық шаһар болмақ

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда Қазақстанның жасанды интеллектіні дамытудағы стратегиялық артықшылықтарына тоқталды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Президенттің пікірінше,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейдегі сауда нысандары жаңарып жатыр: облыс әкімі тапсырмалардың орындалуын тексерді

2 дня бұрын

Семей теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары қарқын алды

2 дня бұрын

Бородулихадағы орман өрті: облыс әкімі жағдайды әуеден бақылап, қосымша күштер тартылды

2 дня бұрын

Жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, ғылыми зерттеулер және жаңа Конституция – Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын трансформациялаудың негізі

2 дня бұрын

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінің толық мәтіні

2 дня бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан-Қытай цифрлық көпірін» іске қосуды ұсынды

2 дня бұрын

Алатау Орталық Азиядағы алғашқы толық интеграцияланған цифрлық шаһар болмақ

2 дня бұрын

Тоқаев: Жасанды интеллект нарығы 2033 жылға қарай 5 триллион долларға жетуі мүмкін

2 дня бұрын

Президент Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу салтанатына қатысты

3 дня бұрын

Адал қоғам — әр азаматтың жауапкершілігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС