"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ КАРТАСЫ -ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН

16.02.2016
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елімізді индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 — 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы «Қазақстан — 2050» Стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарын, еліміздің әлемнің дамыған 30 елі қатарына кіру жөніндегі тұжырымдамасын іске асыру мақсатында әзірленген. Өңдеуші өнеркәсіпті ыталандыру, әртараптандыру және бәсекеге    қабілеттілігін арттыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында аталмыш бағдарламаның берері мол. Кәсіпкерлерге жаңа көкжиек ашатын бағдарламыны жан – жақты түсіндіру мақсатында өткен аптада «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Семей қаласындағы филиалында семинар – кеңес ұйымдастырылды.

Семинар – кеңес ҚР ҰКП – ның ШҚО Семей қаласы филиалының бастамасымен өткізілді.  Оған Семей қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Марат Нүгеров, ҚР ҰКП-ның  Семей қаласы филиалының директоры Ардақ Әділжанов, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның өкілдері және қаладағы кәсіпкерлер қатыс- ты. Айта кету керек, өткен жылы елімізде индустрияландыру саясатының бірінші бесжылдығы сәтті аяқталған еді. Нәтижесінде көпетеген инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, ел экономикасының күре тамырына қайта қан жүгірді. Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Марат Нүгеров индустриялық — инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуына семейліктер де атсалысып келе жатқанын айта келе, өткен жылы іске қосылған жобаларға тоқталды. 

— Семей қаласының әкімдігі индустрияландырудың бірінші бесжылдығына 30-дан аса жоба ұсынды. Аталған жобалардың 17-сі мақұлданып, республикалық индустриализация картасының тізіміне қосылды.  Мәселен, «Семей асбест-цементтік бұйымдар зауыты» ЖШС-де автоклавты газобетон өндірісі сәтті іске қосылған болатын. Оның жобалық құны 305 млн. теңгені құрады. Бұл жобаның болашағы зор. Бүгінде кәсіпорын еліміз бойынша құрылыс материалдарын шығаратын алдыңғы қатарлы өндіріс ошағына айналды. Осы зауыттың өнімдері құрылыс жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Семей машина құрастыру зауыты «Маз» маркілі жүк көлігінің соңғы үлгісін жинақтауды жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде аймақ экономикасының  дамуына оң әсерін тигізетіні анық. Сонымен қатар «Семей Сплав» ЖШС туралы айтуға болады. Кәсіпорында шығарылатын қорғасын Өскемендегі қор-ғасын-мырыш комбинатының өнімдерінен кем түспейді. Келешекте зауыт өзге де өнім түрлерін дайындауды қолға алып, жұмысы еселене түсетініне сенімдіміз,- дейді қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.

Семинар – кеңесте Марат Нүгеров алдағы уақытта Семейде қант қызылшасын өңдейтін зауыттың салынуы мүмкін екенін айтты. Бөлім басшысының айтуынша, бүгінде қала тұрғындары, жалпы, 5 мың тоннаға дейін қант тұтынады екен. Ал қант қызылшасын өзімізде өңдейтін болсақ, ішкі және сыртқы сұранысты реттеуге жол ашылмақ.

Жақсылық

МҰРАТҚАЛИҰЛЫ,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

1 день бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

2 дня бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

3 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

3 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

3 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

3 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

3 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС