"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ

16.02.2016
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының басшысы Қонысбай Төлеубеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдауға келген қала тұрғыны Айнұр Секманова 2007 жылдан бері жер телімін алу кезегінде тұрғанын, алғашқыда кезегінің жиырма екінші, кейін білгенінде өзінің тізімде 1 820 болып тұрғанын қалғанын айтып шағымданды. Айнұр Секманова сонымен қатар қала іргесіндегі Степной кентінде бос жатқан он сотық жер телімінің барын айтып, сол жерді заңдастыру мүмкіндігі туралы сұрап білді.

Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының басшысы Қонысбай Төлеубеков қабылдауға қатысып отырған Семей қаласы жер қатынастары бөлімінің басшысы Сүлеймен Медеуовпен шағымданушы мәселесіне байланысты кеңесе келе, алдымен тиісті құжаттарын жинақтап, қалалық жер қатынастар бөліміне жүгіну керектігін атап өтті. Осы ретте Семей қаласы жер қатынастары бөлімінің басшысы Сүлеймен     Медеуов 2005-2007 жылдар  аралығында жер телімдерін алып, алайда құжаттарын рәсімдеп үлгере алмаған азаматтарға ғана жер телімдері біріліп жатқанын атап өтті. Ол сондай-ақ бос жатқан жер телімдері бойынша азаматтардың көптеп жүгінетінін, дегенмен ондай жерлердің тек кезек бойынша  берілетінін түсіндірді.

— Бүгінгі күні кезек бойынша берілетін Қарағайлы ықшам ауданындағы жер телім-деріне су мен жылу тартылған жоқ. Ал Суық бастау кентіне кәріз жүйесі тартылды. Электр энергиясы да жартылай жүргізілген. Дегенмен су әзірге жеткізілген жоқ. Ол ауданда он сотықтан 2,5 мың жер телімі бар, — деді Сүйлеймен Медеуұлы.

Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының басшысы Қонысбай Төлеубеков алдымен инфрақұрылым желілері тартылмай, ешқандай жер телімі берілмейтінін тағы бір мәрте атап өтті.  Басқарма басшысы ең алдымен берілетін жер телімдерінің талапқа сай болуын басты назарда ұстайтындарын жеткізді.

Қоғамдық қабылдауға келгендердің басым көпшілігі баспана салатын жер телімдеріне жылдар бойы қолдары жетпей жүргендерін айтып шағымданды. Сондай-ақ қоғамдық қабылдауда жер дауы, жерді рәсімдеу мен тіркеу мәселелері, жер телімдерін жекешелендіру сынды мәселелер де назардан тыс қалған жоқ. Бұл ретте жер қатынастары басқармасының басшысы қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың өтініш – тілектерін өзінің жеке бақылауына алатынын атап өтті.

 

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

09.11.2026
Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте «Кітап оқитын ұлт» жобасының өңірде іске асырылу барысы талқыланды. Күн тәртібіндегі...

Толығырақ...Details

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

09.11.2026
Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы жылыту кезеңінде өрттің алдын алу мақсатында 31 618 тұрғын үй профилактикалық іс-шаралармен қамтылды. Негізгі назар пешпен...

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

09.11.2026
Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасын жаңғырту, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше...

Толығырақ...Details

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

08.11.2026
350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Цифрлық отбасы картасы қазақстандықтардың табысын, мүлкін, көлігін және несие міндеттемелерін ескеріп, отбасыларды әлеуметтік әл-ауқатына қарай бес санатқа бөледі. Қазақстанда отбасының...

Толығырақ...Details

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

08.11.2026
Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуына және мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуына құқықтық негіз қалайды. Бұл құқық демократиялық...

Толығырақ...Details

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

9 часов бұрын

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

9 часов бұрын

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

9 часов бұрын

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

1 день бұрын

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

1 день бұрын

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

3 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

3 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

3 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

4 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС