"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕСЕПТЕЙ БІЛГЕННІҢ ЕСЕБІ ТҮГЕЛ

16.02.2016
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов сенбі, 13 ақпан күні шаһардағы № 4 жалпы білім беретін орта мектепке арнайы барды. Ермак Бидахметұлының аталмыш білім ордасына келуі тегін емес. Өйткені мектеп әкімшілігі білім беру нысанының шатыры және жылу жүйесін жөндеу жұмыстарына қала бюджетінен 51 млн. теңгеден астам қомақты қаражат сұраған еді. Тіпті бұл мақсатқа жобалық – сметалық құжаттары да әзірленіп, байқау да жарияланған екен. Бір ғана мектептің шатыры мен жылу жүйесін қалыпқа келтіру үшін осыншама қомақты қаражаттың қажеттілігі, әлбетте, қала әкімінің назарын аударған болатын. Мәселенің анығына көз жеткізу үшін Ермак Бидахметұлы арнайы сала мамандарын ерте келіп мектептің шатыры мен жылу жүйелерін өз көзімен көрді.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев өзінің халыққа арнаған кезекті Жолдауында мемлекет бюджетінің шығындарын үнемдеп, оңтайландыру шараларын  жүргізу керектігін  қатаң тапсырғаны бәріміздің жадымызда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бюджеттік шығындарды үнемдеу Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің назарынан да тыс қалған емес. Шығыстарды оңтайландырып, бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуын болдырмау шаралары Семей шаһарында да оңтайлы жүзеге асырылуда. Семей қаласының әкімі Ермак Бидахметұлының айтуынша, шығындарды қайта қарастырып, бюджет қаражатын отыз пайызға үнемдеп    жатқанда, әрбір қаражаттың жұмсалуын қадағалау аса маңызды.

Қала әкімінің қаламыздағы №4 жалпы білім беретін орта мектепке келудегі мақсат та сол қаражаттың қаншалықты орынды жұмсалуын тексеру еді. Алайда әкім мектеп шатыры мен жылу жүйесін жөндеу жұмыстарына сұралып отырған қаражаттың орынсыз екенін байқаған. Сондықтан да жергілікті сала мамандары мен тілшілер қауымын ерте келіп, тағы бір мәрте дәлелдеп берді.

Мәселенің мән-жайына тоқталсақ. Аталмыш білім ошағының әкімшілігі ғимараттың шатырын күрделі жөндеуге жергілікті бюджеттен 31 млн. теңге қаражат бөлуді сұраған. Ол үшін жобалық-сметалық құжаттар да әзірленіп, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін байқау да жарияланып қойыпты. Арнайы мамандармен келген қала басшысы мектеп шатырының ешқандай күрделі жөндеуді талап етіп отырмағанын, қажет болған жағдайда аракідік шатырлардың ғана ауыстырылуы мүмкін екенін атап өтті.

— Өздеріңіз көріп тұрғандай, мектептің шатырын ауыстырудың қажеті жоқ. Оның орнына жөндеуді қажет ететін № 43 жалпы білім беретін мектепке қаржы бөлуіміз керек. Бұлай жасауға болмайды, — деген қала әкімі Ермак Бидахметұлы мектеп басшылығының жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін байқау да жариялап үлгергенін, бірақ оны дереу тоқтататынын жеткізді. Әкім бұған қоса мектеп басшысының жылу жүйесінің де тозығы жеткенін айтып, оны жөндеуге 20 млн. теңгеден астам қаражат қажеттігін айтқанын атап өтті. Аталмыш мәселе бойынша сөз алған «Теплокоммунэнерго» МКК-нің техникалық директоры Николай Ушаков мектептің жылу жүйесінде қандай да бір қиындық туындап отырмағанын айтып, тек барлығына шаруашылық тұрғысынан қарау керек деген пікір білдірді.

— Бүгінгі күні жертөледегі жылу, мектептің ішіндегі жылудан екі есе көп болып отыр. Жертөледегі жылу жүйелері қалыпты жағдайда жұмыс жасап тұр. Сондай-ақ бірінші қабатқа жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде жылу жүйесін жауып тастаған. Бар болғаны осыларды қалыпты жағдайға келтіру қажет. Өз басым бұл жерде жылу жүйесіне ешқандай күрделі жөндеу жүргізуді көріп тұрғаным жоқ, — деді «Теплокоммунэнерго» МКК-нің техникалық директоры Николай Ушаков.

Қала әкімінің айтуынша, шаһардағы № 39 мектепте де осындай жағдай қайталанып отыр. Аталмыш білім ошағының шатыр тіреуіштерінің (стропила) жағдайы жақсы. Тек шатырын ғана ауыстыру керек екен.

— Аталмыш мектептің ескі екені рас. Сондықтан да ол мектеп бойынша да жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты ұйымдастырылған байқаудың барлығын тоқтататын боламыз. Бұл екі мектептің жобалық-сметалық құжаттарын қайта қарастырамыз. № 39 мектептің төбе жабындысы ғана ауыстырылып, жөндеу жүргізіледі, — деді Ермак Бидахметұлы. Есесіне бұл қаражат ететін № 43 мектептің шатырын жөндеуге жұмсалмақ. Айта кетейік, қала басшысы барған № 4 жалпы білім беретін орта мектептің жылу жүйесін жөндеу үшін жасал-ған жобалық-сметалық құжат та қайта қарастырылмақ. Бір сөзбен айтқанда, алдағы уақытта білім ошақтарын жөндеуге бөлінген қаражат қайта қарастырылып, жөндеуді шынымен қажет ететін мектептерге қайта бөлінбек.

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.2026
Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

2026 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 24,3 млн тонна астық жиналды. Бұл — соңғы 15 жылдағы ең жоғары...

Толығырақ...Details

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

31.10.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымы түркі әлемінің тұтастығын нығайтып келе жатқан бірегей құрылым екеніне назар аударды. – Бауырлас елдердің егемендігіне,...

Толығырақ...Details

Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

31.10.2026
Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

Білім – қоғамның дамуы мен елдің болашағын айқындайтын маңызды құндылықтардың бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында азаматтардың білім алу құқығына кепілдік...

Толығырақ...Details

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

30.10.2026
Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

Еңбек ету, мамандық таңдау, атқарған жұмысы үшін лайықты ақы алу – әр адамның негізгі құқықтарының бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында...

Толығырақ...Details

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

30.10.2026
Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Абай облысында кәсіпкерлік қызметтің заңдылығын, ашықтығы мен әлеуметтік жауапкершілігін бағалауға бағытталған «Адал кәсіпкер – 2026» өңірлік байқауының қорытынды марапаттау рәсімі...

Толығырақ...Details

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

30.10.2026
Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

Абай облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ертіс өзеніне 22 мың Сібір бекіресінің шабағы жіберілді. Балықтандыру жұмыстары 29–30 қазан...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

6 часов бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

6 часов бұрын

Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

6 часов бұрын

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

1 день бұрын

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

1 день бұрын

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

1 день бұрын

Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

1 день бұрын

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

1 день бұрын

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

1 день бұрын

Семейде жастар Президент Жолдауының негізгі бастамаларын талқылады

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС