"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТЕГІН НАН ТАРАТЫЛУДА

11.03.2016

Елімізде қайырымды азаматтар тарапынан жасалып жатқан қамқорлық шаралары аз емес. Бұл ретте Семей қаласындағы қазақ-түрік лицейі ұйымдастырған қайырымдылық шарасын ерекше атап өтуге болады. Енді кез — келген аз қамтылған отбасы қаладағы дүкендерден тегін нан ала алады. Айта кету керек, мұндай бастаманы семейліктер өңіріміз бойынша алғашқылардың бірі болып қолға алған.

Сөз басында айтып кеткеніміздей, өткен аптада шаһарымыздағы бірқатар сауда желілерінде тегін нан таратыла бастады. Аталған шара «Біз бірге мықтымыз» акциясы аясында жүргізілуде. Осылайша аса мұқтаж жандар әлеуметтік дүкендерден тегін нан ала алады. Мұндай бастама қала әкімдігі тарапынан да үлкен қолдауға ие болған. Тегін нан қаламыздағы «Адал» супермаркетінің  5 орталығындағы арнайы сөрелерге қойылыпты. Акцияның негізгі мақсаты — әлеуметтік көмекке зәру, қамқорлықты қажет ететін отбасылар мен зейнеткерлерге көмек көрсету.  Болашақта арнайы сөрелерге басқа да азық түліктер қойылып, оған семейліктер қолдау көрсетеді деп күтілуде.

— «Біз бірге мықтымыз» акциясының мақсаты оқушыларды адалдыққа және жомарттыққа тәрбиелеу. Өздеріңіз білесіздер, елімізде әртүрлі әлеуметтік шаралар өткізіліп тұрады. Лицей ұжымы да ата-аналармен ақылдаса келе осындай әлеуметтік шараны ұйымдастыруды қолға алды. Мұндай бастамамен мұқтаж жандарға қуаныш сыйлаймыз деп ойлаймын,  — дейді Қазақ-түлік лицейінің директоры Ғалымжан Өскенбай.

Тағы бір айта кетерлігі, тегін нан тарату акциясы бір айды ғана қамтымай, жыл соңына дейін жалғасады деп күтілуде. Сондай-ақ шараға кез — келген қала тұрғыны қатысып, сатып алған бір бөлке нанын мұқтаж жандарға арналған арнайы сөреге қалдыра алады. Ақысыз нан тарату шарасы жоғарыда атап өткеніміздей бір реттік шара емес, егер қала тұрғындарынан қолдау болып жатса, алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Арнайы сөрелерге наннан өзге азық-түліктер де қойылуы мүмкін.

Иә, қалай дегенмен де, бұл істің игі бастама екені сөзсіз. Әрине, мұндай жомарттыққа екінің бірі бара бермейтіні анық. Сондықтан қаржыларын қайырымдылыққа жұмсаған азаматтарды қашан да қолдауымыз қажет.

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

15 часов бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

15 часов бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

15 часов бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

1 день бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

1 день бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

1 день бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

1 день бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

1 день бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС