"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТАЗАЛЫҚҚА ҚОЙЫЛАР ТАЛАП ОРТАҚ

22.04.2016
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалында саяси кеңес Бюросы мүшелерінің қатысуымен баспасөз жиыны өткізілді. Аталмыш басқосуға «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зульфия Жамалтдинова, саяси кеңестің Бюро мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Марат Құрманбай, қалалық мәслихат депутаты Айнұр Арғынбекова, Семей өңірі бойынша Тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы Бағлан Шегедеков қатысып, ортақ мәселеге байланысты пікірлерімен бөлісті.

Қатысушылар өз кезектерінде тазалықтың денсаулық кепілі екені айтып, қаланың барша тұрғындарын осы акцияға белсене қатысуға шақырды. Бұл ретте сөз алған облыстық мәслихат депутаты Марат Құрманбай:

— Қаланы тазалау шаралары осы екі айлықпен шектелмеуі керек. Алдағы уақыттары да барша халық болып осы істі жалғастыруымыз қажет. Бүгінгі күні тазалық шараларына тек мектеп оқушылары мен студенттер ғана қатысып жүр. Дегенмен шаһардағы кәсіпкерлер де өз үлестерін қосқандары абзал. Осыған байланысты біз алдағы уақытта әртүрлі мекемелермен, жастармен бірлесе жұмыс жасауды жоспарлап отырмыз, — деді өз сөзінде  М.Серікжанұлы.

Халық қалаулысы сондай-ақ ағымдағы жыл атаулы күндерге толы екенін, баршамыздың  Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Семей ядролық полигонының жабылғанына 25 жыл толуы сынды мерейтойлы мерекелерге арналған шаралардың куәсі болатынымызды, осыған орай алыс-жақын шетелдерден, еліміздің өзге өңірлерінен қонақтар келетінін атап өтті. М.Құрманбай сол себепті «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалы саяси кеңес Бюросы қала тазалығына бейжай қарамайтын барша тұрғындарға үндеу жариялағанын жеткізді.

Өз кезегінде сөз алған «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зульфия Жамалтдинова қаламыздың әсем де сымбатты таза болуына атсалысу баршамыздың ортақ міндетіміз екенін айтты. Осы ретте ол барша семейліктерді үндеуге қолдау білдіріп, тазалық шараларын жүргізуге күш салуға шақырды. З.Жамалтдинованың айтуынша, бүгінгі күні аталмыш үндеуге «Жасыл ел» жастар ұйымы қолдау білдіріпті. Осыған байланысты жастар ұйымы мен партия белсенділері алдағы сенбі күні қаламыздағы демалыс орындарының бірі Түйемойнақ аралында тазалық шараларын жүргізбек.

Семей өңірі бойынша Тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы Бағлан Шегедеков тазалық шараларына қатысты бастаманы қолдайтындықтарын және алдағы уақытта оған белсенді түрде атсалысатындықтарын  жеткізді. Тазалықтың тәрбиеден басталатынын атап өткен Бағлан Салихұлы бүгінгі таңда қала әкімінің тапсырмасымен түсіндіру жұмыстарының жүргізіліп жатқанын да атап өтті. Оның айтуынша, осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күнге дейін 400 ескерту жасалған. Ал жоспарлы тексеру барысында тазалыққа салғырт қарағандарға сегіз мәрте әкімшілік айыппұл салыныпты.

— Құзырлы орган өкілдері келіп айыппұл салғанын тосып отырмай, тұрғындар тазалық шараларын жүргізіп отырулары керек. Бұл жұмыстар екі айлық барысында ғана емес, күнделікті атқарылуы қажет. Сонда ғана қаламыз көркейіп, әсем шаһарға айналады. Біз алдағы уақыттарда учаскелік полициямен бірлесе жұмыс жасап, тазалық жүргізбегендерге әкімшілік шаралар қолданатын боламыз. Бүгінгі күнгі айыппұлдың көлемі де айтарлықтай қомақты екенін айта кетуіміз керек. Біздің мақсат — айыппұл салу емес, қаланың тазалығын қамтамасыз ету. Өкінішке орай, осыны түсінбейтін тұрғындарымыз да бар, — деді өз сөзінде Б.Шегедеков.

Бас санитардың айтуынша, қазір тұрмыстық қалдықтарды тасымалдаумен айналысатын мекемемен келісімшартқа отырмаған ұйымдардың тізімі жергілікті тәртіп сақшыларына жіберілген. Енді аталған мекемелерге қандай да бір шаралар қолданылатын болады. Сондықтан сала мамандары ұйымдар мен жекеменшік үй иелеріне арнайы қоқыс тасымалдаумен айналысатын мекемемен келісімшартқа отыруға кеңес береді.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Референдумның бекіту куәлігін қалай алуға болады

08.03.2026
Референдумның бекіту куәлігін қалай алуға болады

Алматы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айгүл Қалыкова үйде дауыс беру мен бекіту куәлігін алудың тәртібін түсіндірді. Оның айтуынша, науқасты күтетін,...

Толығырақ...Details

Республикалық референдумға шетелде жүрген Қазақстан азаматтары қатыса алады

08.03.2026
Республикалық референдумға шетелде жүрген Қазақстан азаматтары қатыса алады

Қазақстан Президентінің 2026 жылғы 11 ақпандағы № 1170 Жарлығына сәйкес, 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституцияның жобасы бойынша республикалық...

Толығырақ...Details

Берік Уәли өңір әйелдерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

08.03.2026
Берік Уәли өңір әйелдерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Халықаралық әйелдер күніне орай өңірдегі аналар мен аруларға арнап құттықтау жолдады. Аймақ басшысы...

Толығырақ...Details

Ғасыр жасаған әжеге құрмет: Абай облысының әкімі 104 жастағы кейуананың үйіне барды

08.03.2026
Ғасыр жасаған әжеге құрмет: Абай облысының әкімі 104 жастағы кейуананың үйіне барды

Semeytany.kz - 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында тұратын 104 жастағы тыл...

Толығырақ...Details

Республикалық референдумға шетелде жүрген Қазақстан азаматтары қатыса алады

07.03.2026
Республикалық референдумға шетелде жүрген Қазақстан азаматтары қатыса алады

Қазақстан Президентінің 2026 жылғы 11 ақпандағы № 1170 Жарлығына сәйкес, 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституцияның жобасы бойынша республикалық...

Толығырақ...Details

«Өрлеу» балабақшасы «Таза Қазақстан» акциясына қолдау білдіруде

06.03.2026
«Өрлеу» балабақшасы «Таза Қазақстан» акциясына қолдау білдіруде

«Өрлеу» балабақшасында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы тәрбиеленушілердің күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналды. Мұнда балалар өсімдіктерге күтім жасауды үйреніп, гүл отырғызады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Референдумның бекіту куәлігін қалай алуға болады

1 час бұрын

Республикалық референдумға шетелде жүрген Қазақстан азаматтары қатыса алады

2 часа бұрын

Берік Уәли өңір әйелдерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

3 часа бұрын

Ғасыр жасаған әжеге құрмет: Абай облысының әкімі 104 жастағы кейуананың үйіне барды

3 часа бұрын

Республикалық референдумға шетелде жүрген Қазақстан азаматтары қатыса алады

22 часа бұрын

«Өрлеу» балабақшасы «Таза Қазақстан» акциясына қолдау білдіруде

2 дня бұрын

«Теплокоммунэнерго» МКК ұжымына жаңа Конституция жобасы таныстырылды

3 дня бұрын

Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау: Білім мен инновация – болашақ ұрпақ үшін стратегиялық басымдық

3 дня бұрын

Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

3 дня бұрын

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ӨҢІРЛІК КОАЛИЦИЯ «СИЛИКАТ» КӘСІПОРНЫ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС