"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАСАДЫ

28.01.2014
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАСАДЫ

Семей қалалық ішкі істер басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қылмыстық іздестіру бөлімінде жергілікті БАҚ өкілдері үшін арнайы баспасөз мәслихаты өткізілді. Басқосу барысында өткен жылдың қорытындысы мен бөлімнің қазіргі қызметі жайлы түсінік берген тәртіп сақшылары өңіріміздегі хабар-ошарсыз жоғалғандар мен іздеуде жүргендер туралы кең көлемде мәлімет берді.

Семей қалалық ІІБ-ның криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Бауыржан Қорабаевтың айтуынша, өткен жылдың басынан бүгінгі күнге дейін Семейде 175 адамға іздеу жарияланыпты. Ал, олардың ішіндегі 92 адам сот шешімімен «хабар-ошарсыз жоғалғандар» деп танылыпты. Іздестіру нәтижесінде бұл жандардың тек 76-сы ғана табылды. Өзгелері әлі  республиканың әр түкіпірінен, тіпті іргелес Ресей қалаларынан да іздестірілуде. Сонымен қатар, бұрындары туыстық-қарым қатынасы үзілгендерді іздейтін көші-қон полициясының қызметі ендігі арада осы бөлімге жүктелген. Сол себепті бұдан бұрындары да із-түзсіз кеткендер іздес-тіріле беретін болады.

 

{jcomments on}- Өңіріміздегі хабар-ошарсыз кеткендердің арасында ақыл-есі кем жандар мен ішімдікке салынғандар көп. Мұндай азаматтардың басым көпшілігі алыстағы қыстақтарда тегін жұмыс күші ретінде құлдықта жүреді. Құжатсыз азаматтардың бірқатары  жүргізілген тексерістер барысында анықталды, — дейді бөлімнің жедел уәкілі.

 

Сонымен қатар, қаңғыбастыққа салынғандар мен туыстарына ескертпестен басқа қалаға кетіп, табыс тауып жүргендер де анықталыпты.

Криминалды полиция қызметкері Азамат Ажыхановтың мәліметіне сүйенсек, өткен жылдың басынан бері табылған      24 мәйіттің нақты тұлғасы анықталмаған.

Бөлім мамандарының айтуынша, хабарсыз жоғалғандар санатында                           9 жасөспірім бар екен. Анықталғандай, олардың көпшілігі тәртібі қиын балалар. Тіпті, бір жылдың ішінде екі рет іздеу жарияланғандар да бар. Өткен жылы мұндай жастардың бір-екеуін  полиция қызметкерлері Алматы, Талдықорған қалаларынан тауып әкеліпті.

Сонымен қатар, баспасөз мәслихаты барысында тәртіп сақшылары қалалықтар арасында тараған «Шығыс» саяжай алабында пайда болған «кісі өлтіргіш» пен «жоғалған» мектеп оқушылары туралы ақпаратты жоққа шығарды.

— Қалалық ішкі істер басқармасына бұл жайлы ешқандай шағым түскен жоқ. Өңірдегі ахуал бақылауда, — деді басқарманың мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің басшысы Елубек Оспанов. 

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,                                                                                                                   «Семей таңы».

Ұқсас жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

21.11.2026
БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

Тоқаевтың бастамасы Абу-Дабиде су саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері аясында талқыланады. Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысын...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

1 день бұрын

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

3 дня бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

3 дня бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

3 дня бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

3 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

3 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

4 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

4 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

4 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС