"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Үржар ЖОЛДАУ ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА ЖОЛ БАСТАЙДЫ

31.01.2014
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Аудан әкімі Серік Зайнулдин жуырда ғана Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын талқылау мақсатында актив жиынын өткізді. Жиында Қазақстан -2050 Стратегиясын жүзеге асыру жолдары жайында пікір алмасып, Жолдауда көрсетілген басым бағыттар сараланды, Елбасы жүктеген  тапсырмалар әңгіме арқауы болды.

Басқосуда аудандық мәслихаттың хатшысы Мұхаметқали Бітімбаев баяндама жасап, бірқатар сала өкілдері Жолдау аясындағы ойларын ортаға салды. Дамудың даңғыл жолын айқындаған бас құжатта Қазақстан халқының болашағы мен алдағы айқын мақсаттары айшықталған. Мәселен: «…Әлеуметтік саланы дамытудың 2050 жылға дейін басты бағдарлары нақты индикативті цифрларда көрсетілген. Біз ішкі жалпы өнім көлемін жан басына шаққанда 4,5 есе – 13 мың доллардан 60 мың долларға дейін арттыруымыз керек. Қазақстан халық құрылымында орта тап үлесі басым елге айналады. Урбанизацияның жаһандық үрдісіне орай қалалық тұрғындар үлесі барлық  халықтың қазіргі 55 пайызынан 70 пайыздай деңгейге дейін өседі. Қазақстанның қалалары мен елді мекендерін сапалы жолдар мен көліктің барлық түрінің жүрдек бағыттары байланыстырады»  делінген. Яғни, алдағы жарқын болашақ жағымды жаңалықтармен астаса бермек. Орта жастың 80- ге дейін артатыны да орындалмайтын арман емес. Алда осы мақсат жолында ауқымды жобалар қабылданып, үлкен істер қолға алынбақ. Елімізде медицина саласы дамып, туризмнің жетекші еуразиялық орталықтарына айналатыны айтылды.  

 

{jcomments on}Осыдан кейін сөз алған зейнеткер, ақын Амантай Оспанов, Горький атындағы орта  мектеп директоры Зәуре Сатыбалдинова, «Алғабас» шаруа қожалығының басшысы, аудандық мәслихаттың депутаты Мәулетхан Қалиев, «Дипломмен-ауылға» бағдарламасымен туған жеріне келіп қызмет етіп жатқан жас дәрігер Азамат Кеңесбаевтар «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдау жайлы өз ойларын ортаға салды. Мәселен, Амантай Оспанов: «…Елін сүйген, елі сүйген Елбасымызға айдай әлемді аузына қаратып отырған өміршең істері үшін айтар алғысымыз орасан. Биылғы «Қазақстан-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты бүкіл халқымызға арналған он сегізінші Жолдауының әрбір қағидалары мен басым бағыттарын теледидардан беріле тыңдап, басылымдардан көз сүзе оқып, санамда парасатпен пайымдау қуанышына бөленген жанның бірімін,- деді ол,- Баршамыз тағатсыздана күткен, биылғы ерекше саналған Жолдауда да 2015-2016 жылдары мұғалімдер мен дәрігерлердің және әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбекақысы ретіне қарай 29, 28 және 40 пайызға өсетіні, ал студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға артатынына ризашылығымызды білдіреміз. Елбасы Жолдауында атап көрсетілген «100 мектеп», «100 аурухана»  бағдарламасы бойынша соңғы жылдары облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың және аудан әкімі Серік Зайнулдиннің қамқорлығымен мектептер мен ауруханалар, спорт кешендері салынып, Мәдениет үйлері күрделі жөндеуден өткізіліп, ел игілігіне айналуда. Осыған орай, әрқайсымыз «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»  деген қағидамен қажымай еңбек етіп, 2050 жылға дейін Қазақстанның әлемдегі барынша дамыған 30 елдің қатарына қосылуына үлес қосуды азаматтық парызымыз деп білейік!».

 

Бұдан кейін аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Сәуле Жүнісова елді мекендерге шығатын  ақпараттық үгіт-насихат топтарының тізімі мен кестесін жариялады. Активті аудан әкімі Серік Зинабекұлы қорытып,  Жолдаудан    туындаған мақсат-мұраттар мен Үржар ауданында осыған сай атқарылар істер туралы айтты.  Ұлттық идеямыз-Мәңгілік ел қағидасының өміршеңдігіне тоқталды. «Елбасының «Қазақстан-2050- Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, хал-қым!» деген сөздерін басшылыққа алу басты мақсат екендігін айтты.

Жалпы, «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Елбасы Жолдауы ауданның барлық ұжымдарында талқылануда.

Берікхан ТАЙЖІГІТ,

«Семей таңы».

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

9 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

9 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

9 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

9 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

10 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

11 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС