"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Бесқарағай СҮТ-ТАУАРЛЫ ФЕРМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

31.01.2014
Бесқарағай СҮТ-ТАУАРЛЫ ФЕРМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бесқарағай ауданының әкімі Нұрлан Сыдықов жұмыс сапарымен ауданға қарасты Глуховка ауылдық округіне барып, ауылдың тыныс – тіршілігімен танысып қайтқан еді. Нұрлан Бәттәшұлы осы сапарында Глуховка округінде қолға алынған отбасылық дәрігерлік амбулаторияның құрылысымен, сонымен қатар, ауылдың белсенді шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесіп, олардың алдағы уақыттың еншісіне белгілеген жұмыс жоспарларымен танысты.

Осы күні аудан әкімі шағын ғана Бірлік ауылында жүзеге асырылған үлкен істің куәсі болды.  «Балке» шаруа қожалығының басшысы Оралбек Тоқашевтың бастамасымен іске қосыл-ған сүт-тауарлы фермасының ашылу салтанатына қатысты. Жаңа Жылқы жылының жағымды жаңалықтан бастау алғандығын жақсылыққа жорыған шағын ауыл тұрғындары орталарынан суырылып шыққан еңбекқор азаматқа шынайы ризашалықтарын білдірді. Салтанатты жиынға аудан басшылары, ауданның бетке ұстар ірі шаруа қожалықтарының басшылары, Бірлік ауылының тұрғындары жиналып, қожалық басшысының қуанышына ортақтасып, жүрек жарды тілектерін жеткізді. Ауыл ақсақалы Қалимолла Қайруллин көпшілік алдында талабы таудай, алға қойған мақсаты бар, еңбекқор азамат қиыншылықтардың барлығын жеңіп, отбасымен бірлесе бүгінде еңбегінің жемісін көріп отырғандығын ерекше атап өтті.

 

{jcomments on}Аудан әкімі мен ауыл тұрғындарына, жалпы жиыл-ған жұртшылыққа Сүт –тауарлы ферманың ішінде 120 бас сауын сиырға орнатылған құрылғының қандай қызметтер атқаратындығын қожалық басшысының өзі таныстырып өтті. Тіпті, сауыншылардың жұмысын жеңілдеткен құрылғының көмегімен сауын қалай жүргізілетіндігі де көрсетілді.

 

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей ауданымызда еңбегімен елеулі болып жүрген азаматтар аз емес. Ал, Оралбек Нұрмұхамбетұлы осындай көштің басында.   Бүгінде заман талабына сай технологиямен жабдықталған сүт-тауарлы фермасын іске қосып, ауыл тұрғындары үшін қосымша жұмыс көзін ашып отыр.

1995 жылы құрылып, 18 жылдан бері көздеген мақсаттарына жетіп, ерінбей еңбек етіп, аянбай тер төгіп, ауқымды іс атқарып келе жатқан «Балке» шаруа қожалығы бақша дақылдары және сүт өндіру ісімен қатар айналысып, қала халқын сапалы өнімдерімен қамтамасыз етуде. Бүгінде 100 тонна бақша дақылдарын сақтайтын қоймасы, 350 бас ірі қара,  7560 гектар жерге ие шаруа қожалығының  алға қойған жоспарлары да жетерлік.

— Сүт-тауарлы ферманы күрделі жөңдеуден өткізіп, заманауи құрылғыны әкеліп, орнатуға 30 млн. теңгеге жуық қаражат жұмсалды. Оның 16 млн. теңгесін екінші деңгейлі банктен 15 пайыздық мөлшермен несие алсам, қалғаны өз қаражатым. Жыл сайын Астана қаласында шаруа қожалықтарына арналған көрме өтетіндігі белгілі. Осы көрмелердің бірінде Өскемен қаласындағы «Аграл» ЖШС филиалының өкілімен танысып, біршама кеңестер алдым. Сосын фермаға 3 айдың ішінде күрделі жөңдеу жүргізіп, құрылғыны орнатуға ыңғайлы жағдай жасалды. Бұл құрылғының көмегімен 120 бас ірі қараны негізі 2 сауыншы ғана атқаруға болады. Десек те, осы күні жаңа фермада 6 сауыншы ауысым бойынша жұмыс жасайтын болады. Бір ірі қарадан күніне шамамен 10 литр сүт алынса, алын-ған сүт құрылғының көмегімен фильтрден  өтіп табиғи тазалығын  сақтайды. Алдағы уақытта ферма жұмысын кеңейтіп, заман талабына сай тәсілге толық көшсем деген  мақсат тұр, — дейді Оралбек Тоқашев.

Елбасының биылғы Жолдауында да агроөнеркәсіп саласына ерекше назар аударылды. Ауылшарушалық саласына жаңа һәм заманауи технологияларды енгізіп, ғылыми тұрғыдан айналысуды Елбасы мықтап тапсырған еді. Міне, аталмыш кәсіпорынның алдағы уақытта Елбасы Жолдауындағы  тапсырылған міндеттерге толыққанды жауап бере алатындығына бесқарағайлықтардың сенімі мол.

Әсел ҚАСЫМҒОЖИНА,                                                                                                              «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

2 часа бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

2 часа бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

6 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС