"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛА КЕЛБЕТІ КЕЛЕШЕКТЕ КӨРКЕЙЕ ТҮСЕДІ

31.01.2014
ҚАЛА КЕЛБЕТІ КЕЛЕШЕКТЕ КӨРКЕЙЕ ТҮСЕДІ
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сәрсенбі күні қалалық әкімдіктің үлкен залында     шаһар басшысы Айбек Кәрімов бастаған жергілікті билік өкілдері мен қалалық мәслихаттың хатшысы Бейсенбек Ақжалов, сондай-ақ  облыстық және қалалық мәслихаттың депутаттары, құрылыс саласының мамандары, ардагерлер қауымы және қоғам белсенділері мен қала тұрғындарының қатысуымен өткен қоғамдық тыңдауда қаланың Бас жоспары      туралы толықтай мағлұмат берілді.

Естеріңізге салар болсақ, соңғы 20 жылдан бері болмаған қаланың Бас жоспары Үкіметтің қаулысымен 2011 жылы бекітілген болатын. Жиында алғашқы болып сөз алған қала әкімі Айбек Кәрімов Бас жоспар бойынша 2012-2013 жылдары әр ауданды жобалау мәселесі қаралып, оған қалалық бюджеттен қаржы бөлінгенін, мысалы, үстіміздегі жылы бөлінген қаржы 14,5 млн. теңгені құрағанын, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп екенін айтты. Бүгінгі таңда жоспарлау мәселесі толықтай дайын екенін, қаланың оң жағалауы мен сол жағалауындағы жоспарлаудың аяқталғанын жеткізді. Қалада алдағы уақытта атқарылар жұмыстардың көптігін  тілге тиек еткен Айбек Мүталапханұлы 2025 жылға дейінгі дамудың жобалары құрылған Бас жоспардың Семей үшін маңыздылығы жоғары екендігін атап өтіп, жоспар бойынша әр ауданның қа- лыпқа келтірілетінін, мысалы, Шығыс кенті мен Бобровка және Комсомол кенттерінде әлі де жайлы өмір сүруге қолайлы жағдайлар жасалу қажеттігін, тіркеуде жоқ тұрғындардың да мәселесі қаралатынын, сонымен қатар, бір қабатты жер үйлердің орнына бірнеше ауданның жаңадан салынатынын, соған орай жаңа маршруттық бағыттардың пайда болатынын айта келіп, қаланың айналасындағы қорымдар мәселесін де сөз етті. Атап айтар болсақ, Шығыс кентіне қарай шыға беріс жолдың шетіндегі қорымда санитарлық нормалардың сақталмайтындығы мен қалаға келушілерді зираттардың қарсы алатындығы жайлы айтылды. Мысалы, қала басшысының айтуынша, Алматы тас жолы бойындағы зираттар 1,5 шақырымға дейін созылып жатқан көрінеді. Ал, ол жерден ішімдік ішкендер де, музыканы қатты қоятындар да өтетінін,  марқұмдарға қаншалықты құрмет көрсетілетіндігін ескеру керектігін, сондықтан, қорымды одан ары соза беруге тосқауыл қойып, бұл мәселені реттеу қажеттігін айтты қала әкімі. Сондай-ақ, Айбек Мүталапханұлы қоғамдық тыңдауға қаланың дамуына айрықша атсалысқан ақсақалдардың қатысып отырғанына қуанышты екенін жеткізді.

 

{jcomments on}Бас жоспардың барысымен алматылық фирма — «Градо»      ЖШС-і айналысуда. Бірнеше жылдан бері қаланың әр бұрышы мен әр қиылысын зерттеп, ауыз толтырып айтарлықтай қыруар     шаруаны тындырған «Градо»   фирмасының жұмысы бір ауыздан мақұлданған. Қала басшысының сөзінен соң аталмыш фирманың басшысы Аркенжан Мәметов сөз алып, шаһар болашағы үшін өте маңызды құжат – Бас жоспар туралы толығырақ баяндап берді. Қаланың сол жақ жағалауы мен оң жақ жағалауындағы орын алатын оң өзгерістер туралы талдап-жіктеп айтып берген ол жасалған жұмыстарын слайд арқылы көрсетті. Онда көрсетілген әр ауданның карталары әкімдіктің үлкен залына, мысалы, оң жағалаудағы аудандар оң жақ қабырғаға, ал, сол жағалауға қарасты аудандар сол жақ қабыр-ғаға қойылған. Аркенжан Ахметжанұлы әр ауданда балабақ-   шалар мен мектептердің, ден- саулық сақтау мекемелерінің  болуы қадағаланғанын айтады. Сондай-ақ, Бас жоспарда келешекте қала тұрғындары санының өсуі назардан тыс қалмаған. 600 мыңдай халықтың жайлы өмір сүруі үшін жобалар жасалғанын айтты А.Мәметов. Осы орайда Айбек Кәрімов:

 

— Елбасының Жолдауында ауыл-аймақтардағы халықтың 70 пайызы қалалы жерлерге көшірілетінін айтқан болатын. Жалпы, Шығыс Қазақстан облысы халқының саны 1,5 миллион болса, ал, бұрынғы Семей облысы аумағы халқының саны 750 мың адамды құрайды. Егер халықтың осы бөлігінің 70 пайызы көшірілетін болса, болашақта Семейдің тұрғындар саны шамамен 550-600 мыңға жетеді, — деп сөзін толықтырды.

Қала басшысынан соң ары қарай сөзін жалғаған Аркенжан Мәметов:

— Семей қарқынды дамып келе жатқан ірі қалалардың бірі. Көші-қон процестері осындай ірі қалаларда жүзеге асатыны белгілі. Бобровка, Суықбастау, Комсомол кенттерінде және қала сыртындағы Жарқын ауылында үлкен істер атқарылатын болады. Құрылыс жұмыстары Жарқын ауылынан басталып, Жарқын жаңа аудан болады. Онда болашақта 20 мыңдай адам тұрады деп көзделуде. 600 мың шаршы метр жерге екі қабатты тұрғынүйлер,     балабақша, мектеп және басқа да әлеуметтік нысандар бой кө-    теретін болады, — деді.

Одан кейін Цементшілер кентіндегі 14 және 15 шағын аудандар туралы сөз етті. Айтуынша, аталмыш аудандардағы ескіре бастаған тұрғынүйлерге жаңғыртулар жасалмақ.

Жобада, сонымен қатар, көлік инфрақұрылымын жаңартып, кейбір көшелерді кеңейтіп, жаңа магистральді жолдардың салынуы да қарастырылған. Құрылыс жұмыстары барысында жер асты  жолдарын және айналып өтпе жолдарды да жөндеу жоспарланған.

Бұл аудандардағы 1641 мың шаршы метр жер тұрғынүйлер салуға пайдаланып, 76,8 мың халық тұрады деп көзделуде.

Аркенжан Ахметжанұлы баяндамасы барысында қаланың оңтүстік бөлігінде орналасқан  Суықбастау және Кирпичный кенттерінің бүгінде құрылыс жұмыстарының жүріп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, мұндағы ірі көлік-логистикалық орталығының құрылуы көлік инфрақұрылымының кеңеюіне ықпал ететін болады. Сондай-ақ, мұнда өнер-кәсіптік аумақ пайда болады. Бұл жақта 500 мың шаршы метр жер пайдалануға беріліп, тұрғындар саны 16,6 мыңға жетеді деп жоспарлануда.

Юность шағын ауданындағы көшелер қалыпқа келтірілмек. Жаңарған ауданда 17 мың халық тұрады деп көзделіп отырған көрінеді.

Ал, Жаңақұрылыс ауданында көлік инфрақұрылымы жаңармақ. Өйткені, Өскемен мен Алматы қалаларына бағытталған ірі магистраль жолдарына дәл осы аудан арқылы шығатынын айтады баяндамашы. Жоба бойынша осы аудандағы ТЭЦ-1 маңынан автодром мен қызмет көрсету орталығының құрылысы, сондай-ақ, мұнда ірі қоғамдық орталықтың құрылыс жұмыстары жүргізілмек. Бұл аудандағы тұрғынүй құрылысының аумағы 400 мың шаршы метр жерді құраса, тұрғындар саны 13,6 мыңға жетпек.

Бобровка кентіндегі жер телімдеріне салынған құрылыс жұ- мыстары бір қалыпқа келтіріліп, бұл аудандағы үй-жайды салу мәселесі жолға қойылмақ. 73 мың шаршы метр жер пайдалануға берілсе, 3 мың тұрғыны бар аудан-ға тұрғындардың демалуына арналған саябақ салынып, абаттандыру жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда.

Ал, қаланың сол жағалауы бо-йынша жалпы, 4380 мың шаршы метр жер пайдалануға берілсе, ондағы тұратын халықтың жалпы саны 146 мыңды құрайды деп жоспарланып отыр екен.

Көпшілікті осындай ақпараттардан хабардар еткен соң А. Мәметов қаланың оң жағалауы жайына ойысып, оң жағалауда да әлеу-меттік нысандардың бой көтеретінін, автокөлік жүйелері және басқа жобалардың қаңқасы дайын тұрғанын жеткізді.

Оң жағалаудың орталық бөлігінде тарихи ескерткіштер мен тарихи мекемелер көп кездесетіндіктен, бұл аумақты өз қалпында сақтау ұйғарылған. Оң жағалаудағы аудандардың көбіне орталыққа жақын аумақтарға ғана көпқабатты үйлер салынбақ. Өйткені, бұл аумақта жер асты сулары деңгейінің төмендігі алға қойылған мәселелердің бірі екенін атап өтті жобалаушы. Алайда, ол мәселенің де шешілетінін тілге тиек етті А.Мәметов. Оның айтуынша, 1462 мың шаршы метр жер тұрғынүй салуға жұмсалып, жоба жүзеге асатын болса, мұндағы халықтың саны 48,8 мыңға жететін көрінеді.

Энергетик кентінде көпқабатты тұрғынүйлерді көбірек салуға күш жұмсалмақ. Сонымен қатар, мұнда өндірістік алаңдарды орналастырып, көлік инфрақұрылымын кеңейту жоспарланып отыр екен. Ал, осы аудандағы ескі үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Баяндамашының айтуынша, қала бойынша жалпы жөндеу жұмыстары жүргізілуге тиіс алаңдар 510 гектарды құрайтын көрінеді. Жоба негізінде алдағы уақытта 584 мың шаршы метр жер пайдалануға беріліп, халық саны 19,5 мыңға дейін артады деп жоспарлануда.

Ал, 20, 35, 342, 343, 352 кварталдарында көне ғимараттардың орнына көпқабатты тұрғынүйлер мен әлеуметтік нысандар салынып, көлік инфрақұрылымы жаңармақ және абаттандыру жұ-мыстары жүргізілмек. Пайдаланылатын жердің көлемі 818 мың шаршы метрді құраса, тұрғындар саны 27 мыңға жетеді деп көзделуде.

Семейдің солтүстік бөлігінде орналасқан оң жақ жағалаудағы Қарағайлы ауданында Назарбаев зияткерлік мектебі, Қазақ-түрік лицейі, балабақша, оңалту орталығы және бірнеше тұрғынүйлер бой көтермек. Болашақта бұл ауданды 18 мың халық мекен етіп,  541 мың шаршы метр жер алаңы құрылыс жұмыстарына пайдалануға берілмек.

Сонымен қатар, жиында Восход кентіне жақын жерге ТЭЦ-3 құрылысы және басқа да нысандардың құрылыс жұмыстары жүргізілмек.

Түйемойнақ аралының аумағында азаматтар демалатын орындар, спорттық нысандарды салып, мемориалдық кешеннің құрылысын аяқтау көзделуде.

Аркенжан Мәметов сөзін аяқтаған соң жиынға қатысушылар қаланың дамуына қатысты көкейлерінде жүрген бірқатар   сауалдарды жолдап, ұсыныстарымен де бөлісті. Қоғамдық тыңдауда Николай Исаев, облыстық мәслихаттың депутаты Марат Құрманбай күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты өз ойларын білдірді.

Сонымен қатар, жиында Семей мемлекеттік медициналық университетінің студенттеріне білім ордасына кіруге көлік кептелісінің қиындық тудыратыны туралы айтылған еді. Бұл сұраққа қала басшысы алдағы уақытта оңды шешімін табатынын жеткізді. СММУ-мен қатар, № 6 мектеп-гимназиясы мен Жоламан кен-тіндегі № 21 мектептің алдында да ірі жолдардың орын алғанын, бұл жерлерді бір жақты ету көзделіп отырғанын айтты қала әкімі. Сондай-ақ, Айбек Мүталапханұлы айтылған ұсыныстардың ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын, қалада барлық бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілетінін, тәртіпті күшейту мақсатында 80 бейнебақылау құрылғысы орнатылатынын да сөз етті. Ал, бұрынғы зоовет    институтының маңайына саябақ салуға болатынын да тілге тиек етті.

Жиын соңында Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына күш жігерлерін жұмсағаны үшін «Градо» ЖШС-нің директоры Аркенжан Мәметовке және оның ұжымына ризашылығын білдіріп, барлық істеріне сәттілік тіледі. Алдағы уақытта әлі де бірігіп атқарар жұмыстардың аз еместігін атап өтті.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,                                                                                                               «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Облыс әкімі «Халық қаһарманы» Әбдіғали Қаймолдиннің отбасы мен Абай жұртшылығына көңіл айтты

15.07.2025
(Еске сала кетейік, жарияланған фотосуреттер биылғы 8 мамырда түсірілген.)

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли «Халық қаһарманы» атағының иегері, Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдіғали Қаймолдиннің қайтыс болуына байланысты...

Толығырақ...Details

Абай облысында кеңейтілген аппараттық кеңес өтті: басты назар – өрт қауіпсіздігі мен әлеуметтік мәселелер

15.07.2025
Абай облысында кеңейтілген аппараттық кеңес өтті: басты назар – өрт қауіпсіздігі мен әлеуметтік мәселелер

Әлеумет | Қауіпсіздік Semeytany.kz – Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиын барысында өңірдегі орман...

Толығырақ...Details

Абай облысында ауыл санағына дайындық қызу жүріп жатыр

15.07.2025
Абай облысында ауыл санағына дайындық қызу жүріп жатыр

Әлеумет | Агросектор Semeytany.kz – Абай облысында 2025 жылы өтетін ауыл шаруашылығы санағына дайындық басталды. Бұл туралы өңірлік кеңейтілген аппарат...

Толығырақ...Details

Абай облысының оқушылары халықаралық форумда ел абыройын асқақтатты

15.07.2025
Абай облысының оқушылары халықаралық форумда ел абыройын асқақтатты

Semeytany.kz – Беларусь Республикасындағы «Зубренок» ұлттық балалар білім беру орталығында өткен «Достастық балалары» атты X халықаралық форумға Абай облысының оқушылары...

Толығырақ...Details

Абай облысында Республикалық олимпиадада үздік жас геологтар марапатталды

14.07.2025
Абай облысында Республикалық олимпиадада үздік жас геологтар марапатталды

Semeytany.kz – Абай облысындағы Геологиялық барлау колледжінде өткен ІІ Республикалық жас геологтардың далалық олимпиадасы өз мәресіне жетті. Апталық білім бәйгесіне...

Толығырақ...Details

Семейде Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік басталады

14.07.2025
Семейде Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік басталады

Semeytany.kz – Семей қаласында ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған онкүндік мерекелік шаралар 1 тамызда бастау алады. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Облыс әкімі «Халық қаһарманы» Әбдіғали Қаймолдиннің отбасы мен Абай жұртшылығына көңіл айтты

1 час бұрын

Абай облысында кеңейтілген аппараттық кеңес өтті: басты назар – өрт қауіпсіздігі мен әлеуметтік мәселелер

1 час бұрын

Абай облысында ауыл санағына дайындық қызу жүріп жатыр

1 час бұрын

Облыс әкімі Чехия Парламенті депутаттар палатасының вице-спикері Ян Бартошекпен кездесті

1 час бұрын

Абай облысының оқушылары халықаралық форумда ел абыройын асқақтатты

1 час бұрын

Абай облысында Республикалық олимпиадада үздік жас геологтар марапатталды

10 часов бұрын

Семейде Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік басталады

10 часов бұрын

Абай ауданында Абайдың 180 жылдығына орай этно-қалашық құрылады

10 часов бұрын

Абай ауданында 180 жылдық мерейтой аясында бірқатар нысандар жаңғыртылуда

10 часов бұрын

«Жеті қазына» ұлттық мәдениет, спорт және туризм фестивалі өтеді

10 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС