"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АҚ ЖОЛ САҒАН, АРМАНШЫЛ ЖАС!

21.06.2016
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов «Белес — 2016» атымен өткен мектеп түлектерінің бітіру кешіне қатысып, үздік оқушыларды марапаттады. Атап өтсек, биылғы жылы Семейде мың жарымнан астам оқушы мектеп бітіріп, аттестат алып отыр. Оның ішінде 33 оқушы «Алтын белгі» иесі болса, 19 оқушы үздік аттестатқа ие болды. Семей қаласының білім саласы тарихында алғашқы рет максималды 125 балл жинаған оқушы бар. Ол — №17 орта мектептің түлегі Кәмшат Болат. Қала басшысы түлектердің ересек өмірге басқан қадамдарына сәттілік пен ақ жол тіледі.

17 маусым күні Орталық алаңда Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов Ұлттық бірыңғай тестілеуде өз білімдерін дәлелдей білген семейлік түлектерге «Алтын белгі» төсбелгілері мен үздік аттестаттарды табыстады. Дәстүрлі шараға  мектеп түлектері, ата-аналар, білім беру жүйесінің ардагерлері және мектеп мұғалімдері қатысты. Шаһар басшысы түлектерді айтулы оқиғамен құттықтап, жастарды болашақта бұдан да үлкен жетістіктер күтіп тұрғанын айтты.

— Қымбатты түлектер, құрметті ата-аналар, бүгінгі салтанатты кеш баршамызға құтты болсын! Биылғы жылы 1 500 оқушы мектеп бітіріп, аттестат алып отыр. 33 оқушы «Алтын белгі», 19 оқушы үздік аттестатқа ие болды. Жылдың соңында семейлік оқушылар жақсы көрсеткішке қол жеткізді. Жастарымыз осы дәстүрді жалғастырып, болашақта да зор табыстарға жете берсін. Мектеп пен ата-ананың үмітін ақтап, елдің дамуына үлес қосыңдар, қымбатты түлектер. Үлкен өмірге басқан қадамдарыңыз сәтті болсын! Шын жүректен баршаңызға ақ жол тілеймін,- деді Е.Сәлімов.

Қала басшысы балаларды оқытып, әр оқушыны білім нәрімен сусындатқан ұстаздар қауымына да ерекше алғысын білдірді. Мектеп түлектерінде мықты білім негізін қалыптастырып, оларға рухани-адамгершілік бағдар беруде, ересек өмірге дайындауда ұстаздардың алар орны ерекше екенін айта кеткен жөн. Бүгінде елімізде білім саласына қолайлы жағдай жасалған. Жалпы білім беретін мектептер саны жыл сайын артып келеді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде білім сапасы артуда. Биылғы жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша, түлектеріміздің орташа білім көрсеткіші 82,9 балды көрсетіп, 167 түлек жүздің үстінде балл жинаған. Сондай-ақ оқушыларымыз халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалардан да құралақан қайтқан емес. Жүлделі орындар иеленуде.  Салтанатты жиынға 2016 жылғы мектеп түлектерінің атынан «Алтын белгі» иегері Әлішер Тлеубеков және Екатерина Бобко сөз алды. Түлектер қала басшылығына, мұғалімдерге және ата-аналарға көрсеткен қолдаулары үшін алғыстарын білдірді. Театрландырылған көріністен басталған мереке қызыққа толы болды. Қоңырау соғу рәсімі өтіп, «Ақ жол төсеу» жоралғысы жасалынды, түлектер қоштасу вальсін биледі. Мектеп бітіру салтанаты мерекелік концертпен аяқталды. Түлектерді семейлік өнерпаздар да құттықтады.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

23 часа бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

23 часа бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

1 день бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС