"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҮШТІЛДІЛІК-ЖАҢА ЗАМАН СҰРАНЫСЫ

28.06.2016
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласында үштілділікті дамытудың кешенді жоспары жүзеге асырылуда. Аймақта 2019 жылға дейін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде бірыңғай оқу-әдістемелік кешенін енгізу жоспарланып отыр. Бүгінде шаһарда тіл пәндері мұғалімдерінің кәсіби біліктіліктерін көтеру мақсатында арнайы курстар ұйымдастырылуда.

Семей өңірінде, жазғы маусымға қарамастан, үштілділікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. Бүгінгі күні қазақ мектептерінде орыс тілінен және орыс мектептерінде қазақ тілінен беретін мұғалімдерге арналған оқыту курстары жүргізілуде. Бұл туралы Семей қаласы білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко мәлім етті. Бөлім басшысының айтуынша, оқыту курстарынан кейін мектеп мұғалімдері арнайы тест сынақтарын тапсырмақ.

Шаһардың бас ұстазының ақпараты бойынша, үштілділікті дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру мақсатында дайындық жұмыстары басталып кеткен. Айталық, мектеп оқушылары қаламыздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Қазақ – түрік лицейінің базасында тіл үйрену курстарынан өтуде. Шаһарда сол сияқты басқа да көптеген тіл үйрету жазғы мектептері жұмыс жасауда. Айта кетуіміз керек, тіл үйрету сабақтары мектеп жанындағы жазғы лагерьлерде де қолға алынып, арнайы курстарды оқытуға ерекше мән беріліпті. Бұл тұрғыда әсіресе ағылшын тілін үйретуге айрықша көңіл аударылыпты. Мәселен, қала сыртындағы «Жас қанат» жазғы сауықтыру лагері үштілділікті дамыту мақсатында қазақ, ағылшын және орыс тілдерін үйретуге бағытталған.

— Жазғы демалыс уақытында мектеп мұғалімдерінің барлығы дерлік тіл үйрену курстарынан өтіп, соңында арнайы сынақ тапсыратын болады. Ал жаңа оқу жылынан бастап ағылшын тілінде оқытуға мән берілмек. Әсіресе жаратылыстану-математика бағытындағы пәндердің  мұғалімдеріне  ағылшын тілін үйретуге көңіл аударылмақ. Айта кетуіміз керек, жаңа оқу жылынан бастап барлық пәндер ағылшын тілінде немесе қазақ мектептерінде орыс, сол сияқты орыс мектептерінде қазақ тілінде оқытылады дегенді білдірмейді. Бұл жаңашылдықтардың барлығы біртіндеп жүзеге асырылмақ,- дейді білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко.

Мектеп мұғалімдері мен оқушыларды тілге үйрету жұмыстары жаңа оқу жылында да жалғасын таппақ. Осы мақсатта қосымша тіл үйрету сағаттары беріледі екен. Сонымен қатар кезең – кезеңмен әртүрлі пәндердің терминологиясы ағылшын тілінде берілмек. Бұл ретте үш тілде білім беру тәжірибесін қазірдің өзінде қаладағы кейбір мектептеріміз пайдаланып келе жатқанын айта кеткен жөн. Айталық, бұл тұрғыда №37 гимназия мол тәжірибеге ие. Аталмыш білім беру ошағында биология мен физика пәндері ағылшын тілінде оқытылады. Сол сияқты №6 гимназия да осы тәжірибені ертерек енгізіпті. Ал өткен оқу жылында №38, №7 және №22 орта білім беретін мектептер осы істі қолға алған.

— Қала мектептері біртіндеп өз жұмыс жоспарларын әзірлеп, бағдарлама бойынша талаптарды меңгеруге кірісуде. Демек, бағдарлама жүзеге асырылуда деп айтуға болады.  Ең бастысы, бұл тәжірибелер мектеп оқушыларына ағылшын тілін жетік меңгеруге үлкен септігін тигізіп отыр. Нәтижесінде бұл мектептердегі оқушыларымыз үш тілді жақсы меңгеріп жатыр деп айта аламыз,- дейді қаланың бас ұстазы.

Дегенмен, бөлім басшысының пайымынша, бүгінгі күні жалпы білім беретін орта мектептер түгелдей үш тілде білім беруге дайын деуге әлі ертерек. Өйткені барлық жерде дайындық жұмыстары жүргізілуде. Айталық, 10-11 сыныптарда ағылшын тілінде білім беру тек 2019 жылы ғана жүзеге асырылатын болады. Яғни, бұл алдағы уақыттың еншісінде. Наталия Фесенконың айтуынша, бұл жаңашылдыққа үрке қараудың қажеті жоқ.

— Қорқудың қажеті жоқ. Бар болғаны бағдарлама аясында жұмыс жүргізіп, тіл үйренуіміз керек. Менің ойымша, мұғалімдеріміз дайын болғанда, олар балалармен батыл түрде жұмыс істейтін болады,- деген Наталия Фесенко осы бағыттағы жұмыстарды ата-аналарға түсіндіру қажеттігін айтты. Бүгінгі күні, мектеп оқушылары тұрмақ, ағылшын тілінде білім беретін мұғалімдердің де дайындығы жоқтығын  атап өтті.

Тілге қатысты тағы бір жаңалық: бас ұстаздың сөзіне сүйенер болсақ, ағымдағы оқу жылынан бастап жалпы білім беретін орта мектептердің барлығында, яғни 1 мен 11 сынып оқушыларына ағылшын пәні міндетті пән ретінде оқытылмақ. Осы мақсатта Кембридж бағдарламасы бойынша 115 млн. теңге қаржыға мектеп оқулықтары сатылып алыныпты.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

19 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

20 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

20 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

20 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС