"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ІШКІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДА ТҮЙЕМОЙНАҚ АРАЛЫ ҚОЛАЙЛЫ

05.07.2016

30 маусым күні Семей қаласы әкімдігінде қала әкімі Ермак Сәлімовтің төрағалығымен әкімдіктің кезекті отырысы өтті. Әкімдік отырысына қала әкімінің орынбасарлары, қала әкімі аппараты басшысы және дербес бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібіне сәйкес, қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Б.Жақаев пен сәулет және қала  құрылысы  бөлімінің басшысы Қ.Қоқилановтың баяндамалары тыңдалды.

Бірінші мәселе бойынша қазандықтар мен ЖЭО-ның қолданыстағы қуаттылығын жаңғырту және қаладағы жылу желілерін қайта жаңғырту туралы және «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында тұрғын үй инфрақұрылымының жағдайы мен дамуы туралы баяндама жасалды. Бұл ретте 2009 жылдан бастап № 1 ЖЭО-да кеңейту және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс жобасы ұзақ мерзімді болып табылады және республикалық бюджеттен қаржыландырылады.  Жобаның жалпы құны 24, 365 млрд. теңгені құрайды. Жоба бойынша құрылыстың 3 кезеңі қарастырылып, бүгінгі күні 1-ші және 2-ші кезеңдері аяқталды. Құрылыс барысында бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға инженерлік-техникалық және технологиялық жобалық шешімдерге әсер етуші өзгерістер енгізу қажеттілігі туындап, «Павлодарэнергопроект» ЖШС жобалық-сметалық құжаттамаға түзету енгізуді аяқтаған. Қазір жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Тұрғын үй құрылысына байланысты Болат Жақаев: «2016 жылға бекітілген кестеге сәйкес Семей қаласында 76,7 мың шаршы метр тұрғын үй барлық бағыттар бойынша пайдалануға беруге жоспарланған»,- деп атап өтті. Бөлім басшысы сонымен қатар Қарағайлы ауданының құрылысы бойынша есеп берді. Бұл ретте Қарағайлы ауданында 147 гектар жерге 9 қабатты, 12 және 16 қабатты 80 үй салу көзделуде. Сондай–ақ 1200 орындық екі мектеп, 379 орындық 3 балабақша және дене шынықтыру және сауықтыру кешені, әлеуметтік нысандар мен мәдени ошақтар салу жоспарлануда. Қала әкімі ақпаратты назарға алып, қаулы жобасына мерзімдері бекітілген нақты тапсырмаларды жазуды жүктеді.

Қалалық сәулет және қала  құрылысы  бөлімінің басшысы Қ.Қоқилановтың және сәулетші Г.Овчинниковтің Түйемойнақ аралының туристік саласын дамыту туралы баяндамалары тыңдалды. Түйемойнақ аралы қаламыздағы туризмнің рекреациялық ресурсы ретіндегі құрамдас бөлігі болып табылады. Қаланың ескі және жаңа Бас жоспарларына сәйкес, аралдың аумағы қала туристеріне арналған мәдени-көпшілік орындар, спорттық-саябақтық аймақтар қарастырылған рекреациялық аймаққа жатады.

— Түйемойнақ аралының туристік саласын дамыту жобасын іске асыру үшін, функционалдық — қала құрылысы тұрғысында аймақтандыруды, көлемдік — кеңістіктік және сәулет — көркемдік шешімдерді белгілей отырып, жоспарлап ұйымдастырудың негізгі бағыттарын нақты айқындау үшін, ең алдымен, барлық топографиялық және геодезиялық жұмыстарды жүргізе отырып, аралдың жаңа егжей — тегжейлі жоспарлау жобасын (ЕЖЖ) әзірлеу қажет деп санаймын. Себебі жергілікті жер мен Ертіс өзені жағалауының бедері өзгерген,- деп атап өтті Қ.Қоқиланов.

Қала басшысы бұл пікірді құптай отырып, инвесторлар тартуға қатысты жұмыстарды атқаруды тапсырды. Сонымен қатар аралда қызмет атқаратын ортақ бір басқарушы мекемені бекіту үшін ұсыныстар беруді тапсырды.

Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

21.11.2026
БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

Тоқаевтың бастамасы Абу-Дабиде су саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері аясында талқыланады. Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысын...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

21 час бұрын

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

2 дня бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

2 дня бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

2 дня бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

3 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

3 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

3 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

3 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

3 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС