"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ ҚАРИЯ

05.07.2016
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей өңіріне белгілі қазыналы қарт, соғыс ардагері Петр Коломин 90 жаста. Еселі еңбегі кейінгі буынға үлгі боларлық қарияға Семей қалалық әкімдігінде қала әкімі Ермак Сәлімов құрмет көрсетті.

Петр Коломин 1926 жылы бұрынғы Семей облысы Белағаш ауданына қарасты Воскресеновка ауылында дүниеге келіпті. Петр Михайлович өзінің еңбек жолын 1941 жылы «Пролетарий» колхозында бастап, 17 жасында аудандық қаржы бөлімінде аға салық инспекторы лауазымын атқарған. Ал 1943 жылы Қызыл әскер қатарына шақырылып, қосалқы құрамдағы 125-ші атқыштар полкіне қарасты оқу-даярлық батальонында соғыс тактикасын меңгереді. Сондай-ақ ол Ташкенттегі арнайы әскери училищені тамамдап, 1944 жылы майдан даласына аттанған. Соғыс жылдары жас жауынгер 3-ші Беларусь майданындағы ұрыс қимылдарына қатысып, Прибалтика елдерінің және Кенигсберг қаласын азат етуге атсалысыпты. Петр Коломин 1945 жылы Қиыр Шығыстағы стратегиялық маңызды шекара аумағын қорғаған-ды. Алапат айқаста көрсеткен қайсарлығы мен ерлігі үшін Петр Коломинге екі мәрте Ұлы Отан соғысы ордендері, «Кенигсбергті азат еткені үшін», «Белоруссияны азат еткені үшін» және «Германияны жеңгені үшін» медальдары, тағы да бірқатар марапаттар табысталған екен. Ал елге оралған соң, 1952-1954 жылдары «Путрем-9» мекемесінде кадр жөніндегі инспектор  қызметін атқарыпты. 1964-1968 жылдар аралығында Омбы облысының аудандық партия комитетінде еңбек етті. 1968-1986 жылдар шеңберінде кеме жөндеу зауыты мен өзен көлігі саласында бірқатар қызметтер атқарады. Осы су жолдары шаруашылығындағы ұзақ жылғы әрі қалтқысыз қызметі үшін жерлесіміз көптеген алғыстарға ие болыпты.

— Құрметті Петр Михайлович! Сізді жергілікті атқарушы билік пен барша семейліктердің атынан осы мерейлі мезетіңізбен құттықтауға рұқсат етіңіз. Қаладағы барлық іс-шараларға сіз үнемі қатысып, өзіңіздің ақыл-кеңесіңізді беріп келесіз. Өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуде сіздің орныңыз бөлек. Көптеген жастар өзіңізге қарап бой түзейді. Әрдайым осылай қатарымызда болыңыз. Сізге зор денсаулық тілейміз,- деген Ермак Бидахметұлы, халқымыздың игі дәстүрі бойынша, қарт жауынгердің иығына қазақтың шапанын жапты.

Сонымен қатар салтанатты басқосу кезінде мерейтой иесін «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығының өкілдері құттықтап, ардагерге арнайы сыйлықтарын тарту етті.

— Қымбатты Петр Михайлович! «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығының құрамы сізді ерекше құрметтейді. Сізді қандай шараға шақырсақ та, тілегімізді кері қайтармай, үнемі белсенділік танытып қатысып келесіз. Ермак Бидахметұлы атап өткендей, жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеуде сіздің орныңыз айрықша. Өзімнің және «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығының жеке құрамы атынан 90 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Бойыңыздағы күш-қуат таусылмасын. Әрқашан да ауырмай-сырқамай, ортамызда жүре беріңіз,- деді «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары, полковник Азамат Мұқатаев.

Тоқсанның төріне шыққан қазыналы қарияны қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Доғалақов, Семей қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқарманың басшысы Ж.Ыдырышев құттықтады.

Шара соңында шаһар басшысы жуырда Қарағанды облысында өткен әскери-патриоттық клубтар арасындағы республикалық «Айбын — 2016» сайысында Семейдегі дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» ерлер лицейінің тәрбиеленушілері үздік атанғанын көпшілікке мәлім етті. Жеңімпаздарды қала әкімі арнайы марапаттап өтті.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

7 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

7 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

11 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС