"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Ермак СӘЛІМОВ: СЕМЕЙДІҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ҚАЛЫПТЫ

08.07.2016
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сейсенбі, 5 шілде күні Өскемендегі Шығыс Қазақстан аймақтық коммуникациялар қызметінде Семей қаласының әкімі Ермак Бидахметұлы Сәлімов қалалық, облыстық және республикалық БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізді. Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына жан – жақты тоқталған Ермак Бидахметұлы Семей қаласында даму динамикасы сақталғанын атап өтті. Мәселен, ағымдағы жылдың қаңтар — мамыр айлары аралығында Семей қаласында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 55 395, 7 млн. теңгеге артып, нақты индекс көрсеткіші 97, 5%-ды құраған екен.

Ең алдымен баспасөз мәслихатына келген қалалық, облыстық және республикалық БАҚ өкілдерін Ораза айт мерекесімен және Астана күнімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілеген Ермак Бидахметұлы Семей қаласының ағымдағы жылғы әлеуметтік және экономикалық даму көрсеткішіне жан – жақты тоқталып, тұшымды ақпарат берді. Мәселен, биылғы жылдың қаңтар айы мен мамыр айы аралығында тау-кен өнеркәсібінде өнім көлемі 5 051, 5 млн. теңгені құраса, өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім 41 298, 5 млн. теңгеге жеткен. Аграрлық секторда ауыл шаруашылығы өнімдерінің 5 айдағы жалпы көрсеткіші 5 146, 8 млн. теңгеге ұлғайған. Ет өндірісі 10%-ға, сүт 0,8%-ға артса, жұмыртқа өндірісі 0,1%-ға  ұлғайған екен. Мал шаруашылығы бойынша ірі қара малдың саны 61 200 басқа, Қамбар ата тұқымы 24 752 басқа көбейсе, ұсақ мал басы, керісінше, 13, 3%-ға төмендеген. 2016 жылғы 1-ші маусымдағы жағдайға сәйкес, қазіргі таңда қалада шағын бизнеспен айналысатын белсенді кәсіпорындардың саны 1 188-ді құраған. Бөлшек тауар айналымының көлемі 59 548, 4 млн. теңгеге артыпты. Өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы бес айда қалаға тартылған инвестицияның көрсеткіші 10 869, 8 млн. теңгені құрап отыр. Айта кету керек, тартылған инвестицияның жекеменшік көлемі 9 107, 3 млн теңгені құрайды. 1 маусымдағы жағдайға сәйкес, жеке табыс көздері бойынша шаһар бюджетіне 5 862, 7 млн. теңге түсіпті.

— Қазіргі күнде шағын және орта кәсіпкерлікті арттыруда барлық жағдай жасалып келеді. Бес айдың өзінде бұл салада 900-ден аса жаңа жұмыс орындары ашылып, нәтижесінде қала қазынасына жеке табыс көздерінен 5, 9 млрд. теңге түсіп отыр. Осы бизнес субъектілерінің істерінің оңға басуы   нәтижесінде, 1 шілдедегі жағдай бойынша, қала қазынасына 300 млн. теңгеге жуық салық түсті. Бұл қаржыны қайда жұмсайтынымыз алдағы уақытта қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында белгілі болады. Жалпы, өздеріңізге де мәлім, Семей қаласында шағын және орта бизнес жақсы жолға қойылған.

Бұл ретте мемлекеттік бағдарламалардың пайдасы тиіп жатқандығын да айта кету керек. Оған семейліктер белсенді қатысу үстінде. Бұдан бөлек құрылыс саласында да оң қарқын байқалып отыр. Ағымдағы бес айда қалада 20 мың шаршы метрден аса тұрғын үй қолданысқа берілді. Бұған жеке инвестициялардың да тигізіп жатқан үлесі жоқ емес. Жылдың соңына дейін 90 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй қолдануға беріледі деп межелеп отырмыз. Әлеуметтік мәселелерге келер болсақ, өткен жылмен салыстырғанда жұмыссыздар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындар саны біршама азайғаны байқалады. 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету бойынша көрсеткіш 95,9%-ды құрап отыр. Бұл, әуелі, бизнес субъектілерінің жекеменшік балабақшалардың құрылысымен белсенді түрде шұғылдануының арқасында деуге болады. Дей тұрғанмен де осы бағыттағы жұмыстарды біз әрі қарай жалғастыруға ниеттіміз,- деді Ермак Бидахметұлы.

Дегенмен де баспасөз мәслихаты барысында қала басшысы бірқатар мәселелер бар екенін де атап өтті. Бүгінде Семейде экономикалық белсенді тұрғындардың 30 пайызы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болып табылады. Осы 50 мыңға жуық адамның арасында нәтижесіз еңбек етіп жатқандары да жоқ емес. Анықталғандай, олардың дені ұсақ саудамен айналысып, күнделікті нәпақаларын тауып жүрген қалалықтар болып шықты. Бұл санаттағы тұлғалардың көпшілігінің кәсіби білімі жоқ екені және олардың зейнетақы қорына әр ай сайын салымдар аудармайтыны белгілі. Ал 2017 жылы міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізілетіндіктен, аталмыш азаматтардың тиісті медициналық қызметтерден шет қалуы мүмкін екенін атап өтті Ермак Сәлімов.

— Жоғарыда атап өткен санаттағы адамдардың саны 12 мыңнан  асып жығылады. Біз олармен мақсатты түрде жұмыс істеуді қолға алмақпыз. Бұл ретте тиімді мемлекеттік бағдарламаларға жүгінетін боламыз. Бұған қоса кәсіпкерлерді де осы мәселеге тарту ойда бар,- деді шаһар басшысы.

Сонымен қатар баспасөз мәслихатында қала әкімі Семейдегі жылумен қамтамасыз ету мәселесіне де тоқталып өтті. Бұл ретте Ермак Бидахметұлы аталмыш мәселені шешуде тиімді мемлекеттік бағдарламалардың бер екенін жеткізді. Қазір Семей қаласындағы жылуға қатысты шаралар «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының көмегімен жүзеге асырылып жатыр. Қала әкімі сондай–ақ бұл мәселені облыс әкімдігі де жіті назарда ұстап отырғанын атап өтті. Сол сияқты қала бойынша пәтер кезегінде тұрған азаматтардың қатары көбейіп келеді екен. Бүгінде баспана кезегінде тұрған семейліктердің жалпы саны 9 мыңнан асып жығылады.

— Қазіргі уақытта Семейге қоныс аударушылардың көп екенін жақсы білесіздер. Оның үстіне демографиялық жағдайымыздың да жақсы екенін мақтанышпен айта аламыз. Бір жағынан, осыған қарап-ақ қаланың тұрақты түрде дамып келе жатқандығын бағамдай беруге болады. Мұнымен қоса жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімдерін алуға қалалықтар тарапынан өтініштер жиі түсуде. Бұл мәселені жүйелі әрі кешенді түрде шешуді жоспарлап отырмыз. Шаһарда бірқатар проблемалы аудандар да бар. Олардың қатарына Комсомол, Восход, Водный, Шығыс кенттері мен Заезд Шульбинский көшесі сынды бірқатар елдімекендерді жатқызуға болады. Аталмыш аудандарда инфрақұрылым жүйелері мүлдем жоқтың қасы. Соған қарамастан, тұрғындар сол аумақтарда баспаналарын тұрғызып алған. Дей тұрғанмен де біз, үйлерді заңсыз салып алды деп, оларды ысырып тастай алмаймыз. Енді біздің басты мақсатымыз — жоғарыда көрсетілген аудан халқын электр қуаты және сумен қамтамасыз ету. Осы бағытта жергілікті қазынадан қажетті қаржы мөлшері бөлінетін болады. Әр демалыс сайын өзім тікелей аталған кенттің тұрғындарымен арнайы жүздесіп, оларға бұл мәселені шешу жолдарын түсіндіріп келемін. Қаланы жарықтандыру ісі де кереметтей жақсы деңгейде деп айтуға келмейді. Бұл мақсатта Еуразиялық қайта құру және даму банкімен қажетті заем алу үшін келіссөздер жүргізілу үстінде,- деп атап өтті Ермак Бидахметұлы.

Бұдан басқа Семей қаласының әкімі БАҚ өкілдеріне шаһардың санитарлық тазалығы мен оны көркейту және абаттандыруға байланысты жұмыстардың тиісті деңгейде атқарылып жатқандығын мәлімдеді.

Баспасөз мәслихатында Ермак Бидахметұлы биылғы көктемгі егістік науқанының орындалу барысынан да ақпарат беріп өтті. Шаһар басшысы өз сөзінде Семей өңірінде егістік шаруашылығы басым бағыттардың біріне жатпайтындығын тілге тиек етіп, соған қарамастан, көктемгі дала жұмыстары мерзімінде аяқталғанын жеткізді.

— Бізде суармалы жерлердің көлемі 13 мыңға жуық гектарды құрайды. Оның 5 мың гектар жері шаруалардың иелігінде. Бірақ мұның ішінде 3 мың гектар жер ғана тиімді пайдаланылып отырғаны анықталып отыр. Белгілі болғандай, «Семей Водоканал» мекемесі 60 мың текше метр суды шартты түрде тазартып, Ертіс өзеніне төгеді екен. Неге   осы суды шаруаларға беріп, егістік алқаптарды суармасқа?.. Бүгінде олар түрлі бағдарламаларға жүгініп, лизингке арнайы техника құралдарын алуға мәжбүр. Одан да қалдық суларды тазартып, алқаптарды суғарған тиімді болады деп санаймыз. Әрине, осы проблеманы шешуде кейбір құзыретті органдар тарапынан бюрократиялық қиындықтар туындап отырғаны жасырын емес. Дегенмен де мұны да жуық арада шешеміз деген ойдамын,- деп түйіндеді Ермак Бидахметұлы өз сөзін.

Баспасөз мәслихатында бірқатар тілшілер тарапынан қала әкіміне көбінесе тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жол жөндеу, құрылыс, денсаулық сақтау салалары бойынша бірқатар сауалдар қойылды. Қалам ұстаған қауым тарапынан қойылған сауалдарға қала әкімі тұшымды жауаптар қайтарды.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

30.09.2026
Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

Абай облысында туризм және спорт салаларын дамытуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Туризм және...

Толығырақ...Details

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

30.09.2026
Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

Абай облысында Дүниежүзілік туризм күніне орай «Бір күн – бір алаң» атты ауқымды шара өтті. Онда өңірдің 12 ауданы мен...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

10 часов бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

10 часов бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

18 часов бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС