"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ҰЛЫ ДАЛА АЗАМАТТАРЫ»

12.07.2016
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен сенбі күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала азаматтары» атты республикалық автокеруен Семей қаласында болды. Осыған орай қаладағы Жеңіс саябағында жастарға патриоттық рухта тәрбие беру және соғыс жылдарында Отан үшін от кешкен батырлардың ерен ерлігін ұлықтау бағытындағы патриоттық шара ұйымдастырылды. Аталған шарада Семей қаласы әкімінің орынбасары Николай Ушаков, «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, генерал — майор  Марат Мәрденов, соғыс ардагері Ғабдулғазиз Ахмеров, №5511 әскери  бөлімінің  аға лейтенанты Қуаныш Айтқожиновтар  құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.

Алдымен автокеруенге қатысушылар Жеңіс саябағында орналасқан Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, қан майданда қаза болған жауынгерлерді бір сәт үнсіздікпен еске алды. Қала әкімінің орынбасары Николай Ушаков автокеруенге қатысушыларға «Мәңгілік Ел» патриоттық идеясын жүзеге асырудағы және ұлтаралық келісімді одан әрі нығайтудағы бастамаларына ризашылығын жеткізіп, алғысын білдірді. Осыдан кейін сөз алған автокеруен жетекшісі Марат Мәрденов сапардың басты мақсаты Қазақстанның Мәңгілік Ел екенін көрсету деп атап өтті.

— Бір халық, бір мүдде, бір мақсат қана жетістікке жеткізеді. Халықтың күші бірлікте. Ұлы Отан соғысында бұрынғы Кеңес Одағы халқы фашистік басқыншыларды өзінің бірлігінің, патриоттық рухының, Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің арқасында жеңді. Ата-бабаларымыз өз еріктерімен майданға аттанды. Біздің бүгінгі мақсатымыз — сол қалаларда құрылған әскери құрамалар жайында, солардың құрамында жаумен шайқасып, ерлік көрсеткен батырларымыз жайында әңгімелеп, жергілікті тұрғындардың, әсіресе жастардың бойындағы Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін нығайту,- деген автокеруен жетекшісі Марат Мәрденов жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеуде және «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін жүзеге асыруға шақыруда аталған шараның маңызы зор екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан жолы — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын негізге ала отырып,  «Мәңгілік Ел»  патриоттық құндылық аясында, Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай, «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан халқы Ассамблеясымен, «Нұр Отан» партиясымен және Қазақстанның интернационалист-жауынгерлерімен бірлесе  4- 12 шілде күндері Қазақстан қалалары бойынша «Ұлы дала азаматтары» атты автошеру өткізуді ұйымдастырған болатын. Бұл шара қазақстандықтардың Мәскеу түбіндегі ұрыста көрсеткен ерлігінің 75 жылдығына арналады.

«Ұлы дала азаматтары» атты республикалық автокеруен Алматы қаласынан бастау алды.  Осыған дейін акция қатысушылары Тараз, Шымкент, Түркістан, Бішкек,  Қызылорда, Қазалы, Павлодар және Қостанай қалаларында болды. Керуеннің жетекшісі — запастағы  генерал-майор Марат Мәрденов, автожарыстың штаб бастығы — запастағы полковник Жұмажан Ерғалымов. Шара соңында Семей қаласының тұрғындары мен акцияға қатысушылар шаһардағы облыстық тарихи – өлкетану мұражайының Ерлік пен даңқ бөлімшесінде болып, одан кейін Аягөз ауданына жол тартты.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

19 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

19 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

19 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

19 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

20 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

21 час бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС