"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ: ОҢТАЙЛЫ ШЕШІМ, ОРТАҚ МӘМІЛЕ

12.07.2016
18
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласындағы М.Төлебаев атындағы музыкалық колледжді көшіру мәселесі оңтайлы шешілді. Аталған оқу орны ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап өз жұмысын шаһардағы Сервис колледжі ғимаратында жалғастыратын болады. Мұндай шешім Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мен аталған оқу орнының ұстаздары және әкімшілігімен болған кездесуде қабылданған.

Жиын барысында оқу орнының ұжымы арнайы жұмыс тобының шешімімен келісті. Айта кетейік, аталған жұмыс тобының құрамына ұжым өкілдері мен ата-аналар комитеті, сонымен қатар ШҚО білім басқармасы мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері кірген болатын.

Оңтайландыру аясында шаһарымыздағы мамандықтары ұқсас Сервис және Бизнес колледждері біріктірілмек. Ал музыкалық колледждің қолданыстағы қазіргі ғимараты Семей қаласындағы мемлекеттік колледждердің студенттеріне арналған жатақханаға айналмақ. Сонымен қатар аталған ғимараттың бір қабаты музыкалық колледждің студенттері мен жас ұстаздарына берілмек.

— Оңтайландыру шараларын жүргізу аясында музыкалық колледжге басымдық бердік. Өйткені, өздеріңіз білесіздер, Семей шаһары — Қазақстанның мәдени астанасы. Ал аталған оқу орны сол мәдени ошақтың бірі саналады. Мен бір келісімге келгенімізге қуаныштымын. Кез келген жаңашылдық қарқынды дамуға серпіліс береді. Жаңа ғимаратқа қоныс аударған кезде, жұмыс барысын қайта қарастыру керек. Шығыс Қазақстан облысында талантты жастар көп. Оларға білімдерін жетілдіріп, оқу орны қабырғасында шығармашылықтарын шыңдау қажет. Оның үстіне жаңа жатақхана жастардың Семей қаласында тұрып оқуларына және жұмыс істеулеріне септігін тигізетін болады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін оқу орнының алдағы бес жылға арналған даму бағдарламасын жасап, жаңа мамандықтар ашуды жоспарлау қажет. Облыста оқу орындарында сахна дизайнерлерін, бұқаралық мәдени шаралардың режиссерлерін дайындамайды, әрлеушілер тіпті жоқтың қасы, жетіген, сыбызғы мен басқа да ұлттық аспаптарда ойнауды үйретпейді. Өз кезегінде билік тарапынан сіздерге барлық қажетті көмектер көрсетілетін болады,- деді Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.

Оқу орнының ұжымы кездесу соңында  өңір басшыларына  түсіністік танытқандары және орын алған жағдайдың оң шешілгенін үшін ризашылықтарын білдірді

Осыдан кейін Жақсылық Омар Семей қаласындағы көне медициналық мекемелердің бірі  қалалық  психикалық денсаулық орталығында, сонымен қатар қарттар үйінде болды. Әкім орынбасары аталған екі мекеменің материалдық-техникалық базасына және мамандарына жоғары баға берді.

Асан МЫРЗАХАН, Семей таңы

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

04.10.2026
Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты. Жиында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

4 часа бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

5 часов бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

2 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

2 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

2 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

2 дня бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

3 дня бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

4 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

4 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС