"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАНТ ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

18.07.2016
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласы кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Юсупов қаланың кәсіпкерлерімен кездесіп, соңғы кездері бағасы күрт көтерілген қант мәселесін талқылаған жиын өткізді. Аталған басқосуға қаланың көтерме сауда мекемелері мен бірқатар сауда орындарының өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Қанттың бағасы Семей шаһарында ғана емес, жалпы еліміз бойынша көтеріліп отыр.  Маусымдық құбылыс әсіресе қарапайым халықтың қалтасына ауыр тиіп тұр. Қазір жеміс-жидек пісіп, бағасы түсіп жатқанымен, Семейде қант бағасы 300 теңгеден асып жығылды. Кәсіпкерлермен болған жиында қалалық кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Юсупов бағаның өсуіне еліміздегі қант өндіретін зауыттардың да әсер еткенін атап өтті. Сәйкесінше, көтерме баға да өсіп отыр екен. Кәсіпкерлік бөлімі өкілдерінің айтуынша, өндіруші өнім бағасын өзі белгілейді. Оған жеткізіп беруші 5-6 пайыз, ал сауда орындары 10 пайыз үстеме қосуға құқылы. Айта кетерлігі, қазір Семейде қантты үш мекеме жеткізіп отыр.

— Қант Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен әлеуметтік маңызы бар 27 тауардың ішіне кіреді. Сондықтан көтерме бағамен алған кәсіпкерлер қантқа 10 пайыздан артық үстеме қоспаулары керек. Ал көтерме сауда орындары қанттың зауыттағы бағасына 5-6 пайыз ғана қосады. Біз қаладағы үш жеткізушімен келісімге келдік. Олар қанттың бағасын 10 пайыз асырмау керектігін, оның әлеуметтік азық-түлік қатарына жататынын көрсетіп отыр,- деген Б.Юсупов тауарды қабылдап алған жекелеген дүкендер мен ірі сауда орындары ол құжатты қабылдай отырып, тауар бағасын шамадан тыс өсірмеуге келісетіндерін атап өтті.

Бауыржан Юсупов қант бағасының күрт көтерілуіне Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіпкерлер палатасына арнайы хат жолдап, жағдайды бақылауға алуды өтінген. Сол сияқты еліміздегі қант зауыттарынан да осы жағдайға түсінік беруді сұрап хат жолдапты.

Кәсіпкерлік бөлімі мамандарының айтуынша, бұл жағдай жыл сайын қайталанады. Дегенмен бүгінгі күні шаһарда қанттың қоры жеткілікті. Қазір «Спутник» ЖШС-де отыз тонна қант болса, аптаның соңында «Ақ Сұңқар» ЖШС-не қант жеткізу жоспарланып отырған көрінеді. Айта кетейік, шаһар тұрғындары тәулігіне 14 тонна қант тұтынады екен.

Жергілікті билік өкілдері құмшекердің құны аспандап кеткенін жасырмайды. Қант бағасының шамадан асқаны белгілі болғанда, кәсіпкерлік бөлімінің мамандары оқиға орнына барып, аталған тауардың қайдан келгенін анықтайды екен. Бұған қоса сала мамандары қалаға жеткізілген қанттың барлық сауда орындарына саудалануын қадағалап отыр. Осылайша, аталған мәселе қатаң бақылауға алынған. Ал арнайы тексеріс нәтижесінде алыпсатарлыққа жол бергендер заң жүзінде тиісті жауапқа тартылмақ.

Кәсіпкерлік бөлімінің ақпараты бойынша, апта соңына дейін көтерме сауда мекемелерінің барлығы дерлік қант қорын жасақтап алмақ. Нақтырақ айтатын болсақ, шаһарға үш вагон қант жеткізіледі деп күтілуде. Әр вагонда 68 тонна қанттың барын ескерсек, жағдай көпке бармай түзелетін көрінеді. Ал бүгінгі күні Семей қаласындағы қанттың орташа бағасы 290 теңгенің айналасында.

— Көтерме саудагерлер қанттың келісін 260 теңгеден саудалап жатыр. Осыған жекелеген дүкендер 10 пайыз қосса, қанттың келісі мөлшері 290 теңгеден сатылуы керек. Талап бойынша, бөлшек саудадағы баға осы сомадан аспауы керек. Ал базарлардағы 340-360 теңгеден саудаланып жатқаны — алыпсатарлардың қолдан жасап отырғаны. Қазір осының барлығын анықтап жатырмыз,- дейді кәсіпкерлік бөлімнің сауданы дамыту секторының меңгерушісі Айжан Хасенова. — Бағаның өсуіне Жамбыл облысындағы екі қант зауытындағы бағаның өсуі де әсер етіп отыр. Олардағы көтерме бағасының өзі 250 теңге.  Жамбыл облысынан қаламызға келгенге дейін 260 теңге болады. Бұл жерде 5-6 пайыздан артық қосылып отырған жоқ. Ал бөлшек саудада 10 пайыздан артық қосылмай, орташа алғанда 290 теңгеден саудалануы керек,- деп нақтылады сектор меңгерушісі.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

23 часа бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

23 часа бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

1 день бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

1 день бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

1 день бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

1 день бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

1 день бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

1 день бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС