"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰЛТ КӨСЕМІНІҢ ЕСКЕРТКІШІ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

18.07.2016
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей шаһарында Алаш қозғалысының жетекшісі, көрнекті қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойына орай ескерткіш орнатылмақ. Өткен бейсенбіде ескерткіштің эскизіне жарияланған республикалық байқаудың алдын ала қорытындысы шығарылды. Қаламыздың бірқатар зиялы қауым өкілдері Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарованың төрағалығымен өткен арнайы дөңгелек үстелде байқауға ұсынылған эскиздер ішінен үздігін таңдап алды.

Аталған басқосуға қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Қалдыбек Қоқиланов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов, Достық үйінің директоры Аманғазы Тілеубаев, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Орал Шәріпбаев, Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Бекен Теміров сынды бірқатар зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Келелі басқосуда Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейхановқа арналған ескерткіштің Ертістің сол жағалауында, аспалы көпір аумағында орнатылатыны белгілі болды. Ол аумақты келешекте үлкен кешенге айналдыру да жоспарланып отыр екен.

Ескерткішке жарияланған республикалық байқау сәуір мен мамыр аралығында өткізілген. Ал оған елімізге танымал төрт мүсінші қатысып, ескерткіштің бес түрлі нұсқасын ұсыныпты. Басқосуда белгілі ғалымдар, тарихшылар мен сәулетшілерден құралған сарапшы топ белгілі мүсінші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Бақытбек Мұхаметжановтың еңбегіне таңдау жасады. Биіктігі 13 метр болатын ескерткіш, жоспар бойынша, қаланың сол жақ бөлігінде, Ертіс жағалауынан орын теппек. Ал ескерткішке бюджеттен 24 млн. теңге қаржы қарастырылған. Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарованың айтуынша, ескерткіш ағымдағы жылы орнатылмақ екен.

— Ескерткішті биыл орнатуды көздеп отырмыз. Өздеріңіз білесіздер, келер жылы Алашорда үкіметінің 100 жылдық мерейтойы аталып өтіледі. Сондықтан, осы атаулы шараға орай, ескерткішті үлкен кешенге айналдыру жоспарланып отыр. Қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханов пен Алашорданы, Алаш қозғалысын бөліп қарауға болмайды,- деді Н.Шарова.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

09.11.2026
Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте «Кітап оқитын ұлт» жобасының өңірде іске асырылу барысы талқыланды. Күн тәртібіндегі...

Толығырақ...Details

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

09.11.2026
Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы жылыту кезеңінде өрттің алдын алу мақсатында 31 618 тұрғын үй профилактикалық іс-шаралармен қамтылды. Негізгі назар пешпен...

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

09.11.2026
Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасын жаңғырту, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше...

Толығырақ...Details

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

08.11.2026
350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Цифрлық отбасы картасы қазақстандықтардың табысын, мүлкін, көлігін және несие міндеттемелерін ескеріп, отбасыларды әлеуметтік әл-ауқатына қарай бес санатқа бөледі. Қазақстанда отбасының...

Толығырақ...Details

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

08.11.2026
Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуына және мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуына құқықтық негіз қалайды. Бұл құқық демократиялық...

Толығырақ...Details

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

21 час бұрын

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

21 час бұрын

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

21 час бұрын

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

2 дня бұрын

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

4 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

4 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

4 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

5 дней бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС