"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАҚЫТЖАН ЕРТАЕВ: ОТАН — ОРТАҚ ҮЙІМІЗ

22.07.2016
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары аймақтарды аралап, сайлаушылардың ортасында жүр. Осы ретте кеше, 21 шілде күні, «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевпен кездесу өтті.

Кездеуге қаладағы Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің мүшелері, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, Семей қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқарманың өкілдері, шаһардағы жалпы орта білім беру мекемелерінің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушылары және студент жастар жиналды. Ең алдымен халық қалаулысы елде орын алған соңғы жағдайларға тоқталып, мұндай сын сағатта бүкіл қоғам болып бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлік таныту керектігін атап өтті.

— Қазіргі таңда елдегі ішкі жағдай барлығымызды алаңдатуда. Лаңкестікте шек жоқ. Ол әлдеқашан бұрын пайда болған. Дегенмен де XXI ғасыр бұл дерттің шарықтаған кезеңі болып тұр. Өкінішке орай, террорлық актілер біздің елімізді де айналып өтпей қоймады. Жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай және Тарбағатай аудандарының бірқатар шалғай аймақтарында болдым. Соның аясында, шекара қызметінің өкілдерімен қатар, жергілікті тұрғындармен де тілдесудің сәті түсті. Олар осы террорлық қауіпті қалай сейілтуге болатындығы жөнінде көп сұрақ қойды. Мұның шешімі жоқ емес. Ол — бірлік. Тек береке — бірліктің арқасында ғана бұл кеселдің тамырына балта шабуға болады. Бұл ретте жастардың тәрбиесіне ерекше зейін аударуымыз қажет. Осыған біз тиісті дәрежеде көңіл бөле алған жоқпыз. Мұны мойындау керек. Көптеген жастардың мешітке ағылып барып жатқаны белгілі. Әрине, бұл — қуантарлық жағдай. Алайда олар діни ілімді қайдан және кімнен алып жатыр? Бұл – үлкен мәселе. Осы бағыттағы идеологиялық жұмыстардың ақсап тұрғаны байқалады. Тіпті жоқтың қасы деуге негіз бар. Әлбетте, белгілі бір деңгейде кешенді шаралар атқарылып жатқан да шығар. Бірақ оның тиімділігін арттыру керек деп есептеймін. Біз жастардың тілінде сөйлеп, олардың көкейінде жүрген мәселелерді біліп, оны шешуге қол ұшын созуымыз қажет. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілерді» демекші, бұл орайда әкенің рөлі айрықша маңызға ие болмақ. Осындай нәзік мәселелерді қаперімізден шығаруға болмайды,- деді Бақытжан Ертайұлы.

Сондай-ақ кездесу барысында Мәжіліс депутаты еліміздің тарихы тереңде екендігін тілге тиек етіп, Ұлы Даланы қорғау жолында жанын пида еткен тарихи тұлғаларды жастарға мейлінше кеңірек насихаттау қажет екенін айтты.

— Жер көлемі бойынша біз әлемде тоғызыншы орын алып отырмыз. Ұлан-байтақ еліміздің табиғатына зер салып қарасаңыздаршы. Табиғаты сұлу да әсем, шөбі шүйгін кең дала. Мұндай жерге қалай ие болдық? Әрине, бұл байтақ далаға ата-бабаларымыздың төккен қанымен қол жеткіздік. Осы елді сан мыңдаған дұшпандардан қорғап, қаншама жаужүрек баһадүрлер жандарын тапсырды. Бұл аманатқа қиянат жасамауымыз қажет. Мұны өткен бабалар мен келешек ұрпақ алдындағы борышымыз деп түсінгеніміз абзал. Осыны ескерген жөн болар. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы белгілі шекара аумағы мен өзінің Ата Заңы бар зайырлы мемлекет болып табылады. Бізді әлемдік қауымдастық мойындап отыр. Саяси аренада еліміздің өзіндік абыройы мен орны бар. Біз бабалар аңсаған мұратқа жеттік. Алайда егемендігімізді қастерлеп, мемлекетімізді ішкі және сыртқы дұшпандардан сақтау — сіз бен біздің ортақ міндетіміз,- деп нақтылады ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Ертаев.

Бұдан бөлек Халық қаһарманы жастарды жұмыспен қамту мәселесіне қатысты өз ойымен бөлісті. Ол өз сөзінде бүгінгі уақытта жас азаматтар жұмысқа тұруда көптеген бюрократиялық кедергілерге тап болатынын жеткізді.

— Орта білім беру мекемелерін тамамдағаннан соң көпшілік жастар институтқа түсуге талпынады. Бірақ та жолдары болмайды. Отан алдындағы борышын өтеймін деп әскер қатарына баруға тырысады. Бұл жаққа да қабылдамайды. Кезінде әскерден жалтарушы еді, ал қазір керісінше. Осыдан барып олар не істейді? Қалаға келеді жұмыс іздеуге. Талай есіктің табалдырығын тоздырып, ақырында, еш жерге қабылданбайды. Осының салдарынан қылмыс жолына түседі, темір торға қамалады, ал ол жақта оны діни радикалдар құшақ жая қарсы алады. Әрмен қарай олар үйреншікті түрде жастарды өз құрығына түсіреді. Осындай олқылықтарға жол бермес үшін «Нұр Отан» партиясы, Ауған соғысы ардагерлері кеңесі, әскери-патриоттық спорт клубтары және өзге де бірқатар қоғамдық ұйымдар жас азаматтарға қол ұшын беруге әрдайым дайын тұруы керек. Инженерлік батальон жасақтарын құруды қолға алуды ойластырайық. Оған алынатын үміткерлер арнайы ант қабылдайтын болады. Ол жерде оларды белгілі бір тәртіпке үйретеді. Ең бастысы, жастар қажетті мамандық бойынша білім алып шығады. Инженерлік батальондағы қызметті аяқтаған соң, арнайы сертификат табысталады. Соның көмегімен жастарды еңбекпен қамтуға мүмкіндік туатын болмақ,- деген тың ойларын білдірді Бақытжан Ертайұлы.

Сонымен қатар басқосу аясында қатысушылар Мәжіліс депутатына көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдауға мүмкіндік алды. Қойылған сұрақтарға Бақытжан Ертаев тұшымды жауаптар қайтарды.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

1 день бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

1 день бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

1 день бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

2 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

2 дня бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

2 дня бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 дня бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

2 дня бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

3 дня бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС