"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КҮН ТӘРТІБІНДЕ ҮШ МӘСЕЛЕ

22.07.2016
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қалалық мәслихатының кезектен тыс төртінші сессиясы болып өтті. Сессия жұмысына қала әкімі Ермак Сәлімов, қалалық прокуратура мен қоғамдық ұйым өкілдері және қалалық әкімдіктің дербес салалық бөлім басшылары қатысты.

Сессияның күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Семей қаласының 2016 — 2018 жылдарға арналған бюджеті туралы шешіміне өзгерістер енгізу жайында экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлжан Алтынбекова баяндады. Ол меншікті кіріс көлемін 205 млн. теңгеге көбейту және 205 млн. 110 мың теңге сомасына ішкі түзетулер жүргізу арқылы бюджет шығындарына өзгертулер енгізу жоспарланып отырғанын атап өтті. Бөлім басшысының айтуынша, мәслихат аппаратына еңбекақы жүйесінің жаңа моделі бойынша еңбекақы төлеуге 382 мың теңге, қала әкімі аппаратына 15 млн. 277 мың теңге, ауылдық округтер бойынша аппараттың ағымдағы шығындарына 3 млн. теңге көлемінде шығындарды ұлғайту жоспарлануда. Сонымен бірге экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне РК-3 қайта құру жобасы бойынша техникалық-экономикалық негіздерді әзірлеуді үйлестірген бағдарламасына 14 млн. 997 мың теңге көлемінде қаражат қарастыру жоспарлануда. Ал білім бөлімі бойынша 78 млн. 146 мың теңге көлемінде қосымша қаражаттар есепке алынған. Оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді қамтамасыз етуге 9 млн. 112 мың теңге, оқулықтар сатып алу және жеткізуге 45 млн. 460 мың, балаларға қосымша білім беруге 2 млн. теңге бөлу жоспарда бар. Гүлжан Қайырханқызы бұдан өзге жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, тұрғын үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары, сәулет және құрылыс бөлімдеріне қосымша қаражаттар бөлу жоспарланып отырғанын жеткізді. Айта кетейік, құрылыс бөлімі бойынша 56 млн. теңге көлемінде қосымша қаражат ескеріліпті. Оның ішінде аталмыш қаражатқа бес тұрғын үйге инженерлік желілер салуды бастауға 2,5 млн. теңге, Мелькомбинат көшесіндегі тұрғын үйдің инженерлік желілерін тартуға және жобасын әзірлеуге 6,5 млн. теңге, 300 орындық балабақшаға және Қарағайлы шағын ауданындағы 200 орындық қалалық балалар ауруханасының жобаларын жасауға 7 млн. теңге қаржы қарастырылған екен.

Сессия жұмысында сонымен қатар Семей қаласы ІІБ жергілікті полиция қызметі бастығының оған жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі тыңдалды. Аталмыш мәселе бойынша қаланың жергілікті полиция қызметінің бастығы Радик Сайфутдинов баяндама жасады. Баяндамашы Елбасының Ұлт жоспары — «100 нақты қадамын» іске асыру аясында жергілікті полиция қызметі жұмысын бастағанын, жергілікті полиция құрудағы мақсат жергілікті атқарушы билік пен жұртшылыққа есеп беру арқылы полиция қызметін ашық әрі әділ ету болып табылатынын атап өтті. Радик Сайфутдиновтің атап өтуінше, жаңадан құрылған жергілікті полиция құқықтық тәртіпті қорғау мен ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыстық заң бұзушылықтардың жолын кесу саласында қызмет атқарады. Оған қоса ол ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Оның мәліметінше, осы уақытқа дейін қалада 21 жедел алдын алу шаралары мен 60-тан аса  рейд шаралары қолға алыныпты. Ал көрсетілген мерзім ішінде Семейде 37 260 әкімшілік құқық бұзушылық орын алған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен алып қарағанда әлдеқайда көп болып отыр. Айталық, 2015 жылдың сәйкес кезеңінде 34 875 құқық бұзушылық орын алған. Ағымдағы жылы қаламызда елу мыңға жуық әкімшілік хаттама толтырылып, заң бұзғандарға 226 млн. теңге көлемінде айыппұл салыныпты. Сонымен қатар сессияда Семей қаласының сәулет және қала құрылысы кеңесінің дербес құрамы талқыланып, ол бойынша сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары Тілек Түлендинов баяндап берді.Сессияда көтерілген мәселелерді қалалық мәслихат депутаттары бір ауыздан қолдады және шешім шығарды.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

4 часа бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

4 часа бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

4 часа бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

4 часа бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

1 день бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

1 день бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС