"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТҰҢҒЫШ РЕТ «STREET WORKOUT» АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

29.07.2016
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сейсенбі күні Семей қаласының Түйемойнақ аралында тұңғыш рет «Street Workout» спорт алаңы ашылды. Аралдағы «Денсаулық жолы» аумағында орналасқан бұл спорт алаңы кәсіпкер, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Айдос Серікқалиұлының қаржыландыруымен пайдалануға берілді. Спорт алаңын ашудағы басты мақсат — жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және спортпен айналысуға шақыру.

Спорт алаңының ашылу салтанатына қала әкімі Ермак Сәлімов қатысты. Шаһар басшысы жаңа спорт нысанының ашылуымен барша спортсүйер қауымды құттықтап, оның қаламыз үшін маңызды екеніне тоқталды.

— Бүгін спорттық дәстүрлері қалыптасқан және өзіндік жетістіктері бар Семей қаласы үшін өте маңызды күн. Қаламызда ерекше спорт алаңы ашылып отыр. Осының барлығы кәсіпкер, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Айдос Серікқалиұлының қаламызға жасап отырған сыйы. Денсаулық — халқымыздың басты байлығы. Баршаларыңызды айтулы алаңның ашылуымен құттықтай келе, спортпен айналысуға шақырамын,- деген Ермак Бидахметұлы «Street Workout» спорт алаңы Семейде алғаш рет ашылып отырғанын, алдағы уақытта осы іспетті 12 алаң тұрғызылатынын жеткізді. Шаһар басшысының мәліметінше, қазір қаланың әр аумағынан спорттық алаңдардың орындары белгіленген. Алдағы уақытта оларды салуға шаһардың кәсіпкерлері қол ұштарын созбақ. Бұдан өзге қала бюджетінен де қаражат қарастырылмақ.

Алаңға бірінші болып келген жастар жаттығу нысандарын тексеріп көрді. Айта кетейік, «Street Workout» спорт алаңының ерекшелігі – ол ашық аспан астында орналасқан. Бұл көпшілікке көрініп тұрады, әрі кез келген адамның келіп жаттығуына болады. Спорт алаңына резеңке жабындылар төселген. Арнайы аумаққа бағаналар да тартылып, жарық жеткізіліпті. Қауіпсіздік үшін бейнебақылау камералары да орнатылған. Айта кетелік, бұған дейін дене шынықтырудың бір түрі болып келген «Street Workout» бүгінде спорттың жаңа түріне айналды десе де болады. Онда жастар турникте, қырлы бөренелерде және басқа да қондырғыларда әртүрлі күрделі жаттығулар жасайды.

Бұл спорттық қозғалыстың қолға алынғанына көп бола қоймаған. Алайда ол бүгінде бүкіл әлем бойынша қарқынды дамып келеді. Өйткені бұл спорт түрі өте қолжетімді. Арнайы алаң мен қажетті қондырғылар болса жеткілікті. Кез келген адам қалаған уақытында тегін жаттыға алады. Семейде осы спорт түрімен шұғылданатын жастар көп болғанымен, арнайы дайындық өткізетін жерлер мүлдем болмаған. Енді алдағы уақытта спортшылар осы бір спорт түрінен сайыстар өткізуді де жоспарлап отыр.

Асхат САМАТҰЛЫ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

24 часа бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

24 часа бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

1 день бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС