"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘСЕТТІҢ ӘНДЕРІ ӘСПЕТТЕЛГЕН КҮН

02.08.2016
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Үржар ауданының Мақаншы ауылында Әсет Найманбайұлы атындағы «Інжу-маржан» ІІІ республикалық дәстүрлі орындаушылар байқауы мәресіне жетті. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған байқауда елімізге танымал өнер қайраткерлері төрелік етіп, жеңімпаздарды анықтады.

Ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттауға бағытталған байқауға еліміздің 9 аймағынан келген 20-дан астам дәстүрлі әншілер қатысты. Байқауға ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Үржар ауданының Құрметті азаматы, музыка зерттеушісі, күйші Жарқын Шәкәрім бастаған Ерлан Рысқали, Нұржан Жампейісов, Берік Омаров, Әділ Тұрғанбаев, Гүлмира Темірбекова сынды дәстүрлі әндерді дәріптеушілер қазылық етті. Әсет әндерін орындаушыларға әндердің ырғақтық құрылымын, диапазон алшақтығын, күрделілігін ескере отырып, әншілердің дауыстарының тұрақтылығына, дауыс реңділігіне, орындаушылық шеберлігі, сапалық деңгейі, сахна мәдениеті, орындалатын шығармалардың байқаудың шарттарына сәйкестігі бағаланады.

Алғашқы күні әншілер Әсеттің бір әнін, халық композиторының немесе халық әндерінен бір ән орындады. Осы кезеңнен өтіп іріктелген ән келесі күні қалың көпшілік тыңдарманға ұсынылды. Байқау мәресіне жетіп, әншілерге жүлде тапсыру сәтінде сөйлеген қазылар алқасының төрағасы Жарқын Шәкәрім: — Қасиетті баһадүр батыр Қабанбайдың тұлпарының ізі қалған, талай жақсы мен жайсаң жүріп өткен ұлы мекен, Әсет атамыз кең сахараны жаңғыртып ән салған бұл өлкенің тарихы терең, — деді. Марапат рәсімі барысында ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар қатысушыларға алғысын білдіріп, келер жылы Ә. Найманбайұылының 150 жылдығы жоғары деңгейде аталып өтілетінін жеткізді. — Әсет Найманбайұлы Алаштың ән оздырған өте тағдырлы әншілердің бірі. Оның ғибрат пен тарихқа толы өміріне қарай отырып, қазақтың басындағы кейбір өзекті мәселелерді байқаймыз. Осының барлығын ертең халық мұрасы ретінде осы әншілер жеткізіп, дәстүрімізді насихаттамақ, – деді Жақсылық Омар. Байқаудың қорытындысы бойынша ІІІ орынды алматылық, ақтөбелік және Үржар ауданының әншілері иеленді. Ал ІІ және І орынды шығысқазақстандық қатысушылар алса, байқаудың бас жүлдесі Ақмола облысынан келген Асқар Мұқияттың қанжығасына байланды. Жүлдегерлер марапаттарын ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, Үржар ауданы әкімінің орынбасары Серік Құсайынұлы, байқауға арнайы келген күйші – сазгер Секен Тұрысбеков, ауыл әкімі Советқан Қалиев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер Академиясының доценті, Дәнеш Рақышевтің шәкірті Нұрлан Жампейісов ҚР мәдениет саласының үздігі, Ә.Қашаубаев атындағы облыстық филармонияның әншісі Берік Омаров, Өскемен қаласындағы ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесінің аға мұғалімі Әділ Тұрғанбаев, дәстүрлі әнші, республикалық ән байқауларының үздігі Гүлмира Темірбекова тапсырды. Құрметті қонақтар Мақаншы ауылындағы Әсет Найманбайұлы атындағы музей үйіне аялдап, осындағы жәдігерлермен мұқият танысты. Музей басшысы Әбен Тұйғынұлы мен Әсеттің туған немересі Ләззат Қожекеқызы келушілердің сұрақтарына нақты жауап беріп, олардың мол мағлұмат алуына мүмкіндік жасады. Әсет Найманбайұлына қатысты деректерді, жәдігерлерді үзбей жинастыруға, ақын әндерінің шығу тарихын зерттеп, оның өмірінен көне жазумен жазылған шығармаларды жұрт игілігіне жалықпай ұсынып жүрген, мұражайды көп жылдан бері басқарып келе жатқан ҚР мәдениет қайраткері Әбен Тұйғынұлы Разуевке Үржар ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілді. Шара елімізге танымал өнер майталмандарының қатысуымен өткен гала-концертпен жалғасын тапты.

Мұратқазы САЯБАЕВ, ҚР Журналистер одағының мүшесі, Үржар ауданы.

 

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

15 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

15 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

19 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС