"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ДАНИАЛ АХМЕТОВ: СЕМЕЙДЕ ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

16.08.2016
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жұма, 12 қазан күні Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов арнайы жұмыс сапарымен Семей қаласына келді. Даниал Кенжетайұлы шаһардың алдағы жылыту маусымына дайындығын, осы салада атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты. Осыған сай бірқатар жылу қазандықтарының қысқы маусымға әзірлігіне назар аударды. Сонымен қатар аймақ басшысы Семейде жаңадан салынып жатқан бірқатар тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды да аралады.

Алдымен Юность ықшам ауданындағы көп қабатты тұрғын үй құрылысымен танысқан облыс әкімі нысанның сапасы мен әсемдігіне ерекше мән беруді ескертті. Тоғыз қабатты 72 пәтерлі тұрғын үй заманауи үлгіде салынуда. Облыстық бюджеттен қаржыландырған нысан жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Тұрғын үй құрылысы «Қазақстан тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» АҚ желісі бойынша жүргізілуде.

Бұдан кейін Даниал Ахметов қаладағы ең ірі №1 ЖЭО болып, нысанның қысқы жылу маусымына дайындық барысымен танысты. Аталған жылу орталығында қайта жабдықтау жобасы аясындағы жұмыстар аяқталуға жақын. Сол жағалау тұрғындарын жылумен толықтай қамтамасыз етіп отырған нысанда 2011 жылдан бері ауқымды жаңғырту жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, ЖЭО-ғы тозығы жеткен су ысытатын қазандықтары ауыстырылған. Ондағы қазандықтар модернизациядан өтіп,  орнына заманауи құрылғылар орнатылған болатын. Сондай-ақ 12 мВт болатын жаңа турбина орнатылған. Сол сияқты су тоғандары мен химиялық су тазарту жүйелері, автоматтандырылған жылу беру құрылғылары, өндіріс қалдықтары алаңдары да қалпына келтірілді. Сапар барысында аймақ басшысы Даниал Ахметов №1 ЖЭО-ғы мен «РК-1» жылу орталығындағы 12 мВт болатын жаңа турбина іске қосылғанда қанша қаражаттың үнемделетінін сұрады. Осы ретте облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков қос нысандағы турбиналар іске қосылған жағдайда жалпы көлемі 111 млн. теңгенің  үнемделетінін жеткізді. Дегенмен облыс әкімі аталған қаражаттан көрсетілгеннен әлдеқайда көп болатынын айтып, аталған есептеулерді қайтара жүргізуді тапсырды. Жалпы, Семей қаласын жылумен қамтуда ешқандай мәселе туындамайтынын жеткізген Даниал Кенжетайұлы ағымдағы жылы жылу желілері мен қазандықтарға тиісті жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын да атап өтті.

Аймақ басшысы атбасын тіреген келесі нысан Новостройка көшесіндегі көп қабатты тұрғын үй болды. Тоғыз қабатты тұрғын үй құрылысын мердігер «КазГрадСтрой» ЖШС жүргізген. Жұмыстар өткен жылы басталып осы жылы аяқталуы тиіс болғанымен мердігердің құрылыс жұмыстарын кешеуілдетуде. Осыны сынға алған аймақ басшысы жауапсыз мердігерлер алдағы уақытта құрылыс жұмыстарынан шеттетілетінін тағы бір мәрте еске салды.

— Семей қаласындағы жауапсыз мердігерлер жайында бірнеше рет айтқан болатынмын. Осыған дейінде семейлік бір компания Үржар ауданы Науалы ауылындағы мектептің құрылысын созып, үш жыл көлемінде салған еді. Мына жердегі нысан да өткен жылдың желтоқсан айында басталған болатын. Дегенмен жұмыстар бүгінгі күнге дейін аяқталмай отыр. Алдағы уақытта осы мәселе бойынша құзырлы органдарға тапсырма берілетін болады. Біз мемлекеттің қаражатына жауапсыз қарай алмаймыз. Қаражат бөлінгенімен жұмыстар әлі тұралап тұр. Мен мұндай құрылысшыларға түбегейлі қарсымын. «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ алдағы уақытта осындай мердігерлермен жұмыс жасамауы керек. Біз Семей қаласының көркейуі үшін көп жұмыстар атқарып жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса беретін болады. Алайда құрылысшылардың осындай жауапсыз қарым-қатынасына қарап отыра алмаймыз. Қазір Семей қаласының әрбір тұрғыны шаһардың көркейіп келе жатқанын байқай алады. Ағымдағы жылы қаланы көгалдандыру мен абаттандыруға қаражат екі есе артты. Биыл тек қана  Байтұрсынов көшесінде құрылыс жұмыстарын жүргізуді бастаймыз. Қарағайлы ықшам ауданындағы жобаға қазірдің өзінде 1,1 млрд. теңге салынды. Бұған қоса аталған ауданға тағыда 1,5 млрд. теңге қаражат бөлінеді. Яғни, қалаға ауқымды қаражат қарастырылуда, — деді облыс әкімі.

Келесі кезекте өңір басшысы Өтепбаев көшесі мен Театральная көшесінде салынып жатқан көп қабатты тұрғын үй құрылыстарымен танысты. Тұрғын үйлер «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның тапсырысы негізінде салынуда. Бүгінде тоғыз қабатты үйлердің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Өңір басшысы құрылыс жұмыстарын жауапкершілікпен атқарып жатқан «Фирма Азия» ЖШС-не ризашылығын білдіріп, өз ісін тыңғылықты атқаратын құрылысшыларға қашан да қолдау болатынын жеткізді.

Аймақ басшысы жұмыс сапары барысында жоғарыда аталған мердігер құрылысын жүргізіп жатқан Бобровка кентіндегі 600 орындық жаңа мектеп құрылысымен де танысты. Екі қабатты білім ордасының қабырғасын көтеру мамыр айынан басталған. Жоспар бойынша жұмыстар келер жылы аяқталып пайдалануға берілмек. «Фирма Азия» ЖШС-гі осындай ауқымды жұмыстарды қаладағы дене шынықтыру – сауықтыру кешені аумағында да жүргізуде. Атап айтар болсақ, зәулім спорт кешені жанынан дарынды жастарды тәрбиелеу мақсатында пансионат салынуда. Нысанның ағымдағы жылы пайдалануға берілуі жоспарлануда. Бүгінгі күні пансионаттың асханасы, жастардың жатын бөлмелері дайын. Ал пансионаттың жанынан спортшылардың дайындалуына арналған зәулім спорт залы тұрғызылуда. Айта кетейік, заман талабына сай пансионат құрылысы аяқталған соң Шығыс Қазақстанның дарынды деген 200 баласын қабылдай алмақ. Сапар барысында Даниал Кенжетайұлы бес қабатты ғимараттың асханасын,  аудиториялар мен акт залы, жуынатын  бөлмелері мен жатын бөлмелерін аралап көрді. Құрылыс барасымен танысқан Даниал Кенжетайұлы бұл нысанның ел арасындағы талантты балаларды тауып, спортқа баулуда және болашақта әлем чемпиондарын тәрбиелеуде берері мол болатынын жеткізді.

Бұдан кейін аймақ басшысы қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына келді. Облыс әкімі мұнда медициналық мекемеге тартылып жатқан жылу желісінің құрылысымен танысты. Атқарылып жатқан жұмыстың ұзаққа созылғанын ескерткен  Даниал Кенжетайұлы бүгінгі күні нысанға қаражаттың толықтай бөлінгенін айтып, жауапты мердігерге жұмыстарды қыркүйек айына дейін аяқтауды жүктеді.

Осыдан соң Даниал Ахметов Семей қаласының солтүстік бөлігінде орналасқан жаңа Қарағайлы шағын ауданына аялдады. Бүгінгі күні аталған ауданда ауқымды құрылыс жұмыстары жоспарланған. Қазіргі таңда егжей-тегжейлі жоспар да бекітілді. Ауданды 2020 жылға дейін дамыту жоспары негізінде 9-12 қабатты үйлер бой көтермек. Аталған шағын ауданда болашақта 22 мыңға тарта тұрғыны бар  541,7 мың шаршы метр болатын тұрғын үй қоры құрылысы жүргізіледі деп жоспарлануда. Тұрғын үй құрылысын инженерлік-коммуникациямен қамтамасыз ету үшін жобалық сметалық құжаттамалар әзірленген. Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Қалдыбек Қоқилановтың айтуынша, ауданды жарық, жылу, су жүйелерімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Жаңа ауданда білім саласы бойынша маңызды жобалардың бірі физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Семей медицина университетіне арналған жатақхана құрылысы да жүргізілуде. Жоспар бойынша тағы балабақша мен әлеуметтік қажетті нысандар салынады.

Сапар барысында Даниал Кенжетайұлы аудан барлық инженерлік-коммуникациямен қамтамасыз етілгеннен кейін тұрғын үй құрылысын жүргізуге ниет білдірген инвесторлар алдымен қаржысының жеткілікті екенін және салынатын құрылыстың жақсы жобасын көрсетулері керек екенін атап өтті. Осы ретте облыс әкімі жақсы жерлерді қандайда бір инвесторлар алып, құрылыс жұмыстарын ондаған жылдар бойы созып, кейін ол жерлерді сатып жіберу тәжірибеде барын жеткізді. Облыс басшысы сондықтанда осындай жағдайлардың орын алмауын қадағалауды қатаң тапсырды. Даниал Кенжетайұлы 2017 жылдан бастап кешенді құрылыс жұмыстарының барлығы осы ауданда жүргізу керек екенін айтты.

— Семей қаласында құрылыс жұмыстары жақсы жүргізіліп келеді. Келер жылдан бастап тұрғын үй құрылыс жұмыстарының барлығы осы ауданда жүргізілуі тиіс. Бүгінгі күні ықшам аудан құрылыс жұмыстарын жүргізуге дайын. Осылайша Семей шаһары жаңа құрылыспен көркейе түспек. Бұл алдағы үш жылда жүзеге асатын жоспар. Ал құрылыс жұмыстарына барлық мүмкін болатын қаржы көздері тартылатын болады. Ең бастысы жауапты мердігерлерді таңдап алуымыз керек, — деді Даниал Ахметов.

Облыс әкімі  Даниал Ахметов жұмыс сапарының соңында Силикат кентіндегі «Зооветинститут» жылу қазандығындағы кешеуілдеп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты. Облыс әкімі жылу қазандығын жөндеуден өткізу үшін толықтай қаражат бөлінгенін, жауапсыз мердігердің салғырттығынан қазандықты қайта жаңғырту жұмыстарының кешіктіріліп отырғанын жеткізді. Осы ретте аймақ басшысы мердігер мекемемен келісімшартты бұзып, тиісті шара қолдануды тапсырды.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

04.11.2026
Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

Бүгін Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

04.11.2026
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев жастармен және креативті индустрия өкілдерімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

04.11.2026
КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

Көкпекті ауданында елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Биыл Ақой ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы толық аяқталып,...

Толығырақ...Details

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

04.11.2026
Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

Көкпекті ауданында 2026 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму, ауыл шаруашылығын қолдау, инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында...

Толығырақ...Details

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

04.11.2026
Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Аталған рейтингке Азияның 26...

Толығырақ...Details

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

04.11.2026
Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Қазақстан Орталық Азия елдері...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

4 часа бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

6 часов бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

6 часов бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

6 часов бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

9 часов бұрын

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

9 часов бұрын

Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

9 часов бұрын

Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

9 часов бұрын

Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

10 часов бұрын

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС