"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕҢБЕК ТҮБІ — ЗЕЙНЕТ

19.08.2016
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сәрсенбі, 17 тамыз күні Семей қалалық ақпарат орталығында «БЖЗҚ» АҚ Семей қаласындағы өңірлік филиалы басшылығының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз мәслихатында 2016 жылдың алғашқы жарты жылдығы бойынша БЖЗҚ қызметінің қорытындысы баяндалды.

«БЖЗҚ» АҚ Семей қаласындағы өңірлік филиалының директоры Дариға Дайрова БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылғанын, құрылтайшысы және акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі екенін атап өтіп, филиал жұмысымен таныстырды және мешін жылының алғашқы 6 айында межелеген нәтижеге қол жеткізгендерін мәлімдеді.

— 2016 жылдың бірінші жарты жылдығындағы таза инвестициялық табыс көлемі 267,21 млрд. теңге. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ол екі есеге артқан. Нақтырақ айтсақ, өткен жылдың алғашқы 6 айындағы көрсеткіш 141,41 млрд.теңгені құрады. Ал шарт жасасу мәселесіне тоқталсақ, жалпы салымшылар 10,15 млн. жеке зейнетақы шоттары (ЖЗШ) шартын жасасты. Оның ішінде шамамен 9,7 млн. бірлік міндетті зейнетақы жарналары есебінен болса, міндетті кәсіптік жарналар бойынша  403 362 бірлік және ерікті зейнетақы жарналары бойынша 39 071 бірлік шарт жасасты. Зейнетақы жинақтарының жалпы көлемі 6,22 трлн. теңгеден асты,- деген Дариға Абайқызы республика бойынша шарт жасасу жайына да тоқталды.

Жалпы, еліміз бойынша сараптама жүргізсек, ЖЗШ саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы болса, ОҚО мен Қарағанды алғашқы үштікке енеді. Зейнетақы жинақтарының көлемі бойынша Алматы қаласы көш бастап, Астана және Қарағанды қалалары тиісінше екінші, үшінші орындардан көрініп отыр екен.

Баспасөз мәслихаты барысында  «БЖЗҚ» АҚ Семей қаласындағы өңірлік филиалының директоры көңіл аударған тағы бір мәселе – жұмыс берушінің 5% міндетті зейнетақы жарнасы.

— 2018 жылдан бастап өз қызметкерлері үшін қызметкер табысының мөлшеріне қарай бес пайыздық зейнетақы жарнасын жұмыс берушілердің барлығы аударатын болады. Жарнаны жұмыс беруші аударатындықтан, жұмыскердің меншігі болып есептелмейді. Мұраға қалдырылмайды және жалпыға бірдей белгіленген зейнетақы жасына жеткен кезде тағайындалады,- деген Д.Дайрова бұл 5 пайыздық зейнетақы жарнасы жұмыскердің жалақысынан емес, жұмыс берушіден бөлінетінін және 10 пайыздық міндетті зейнетақы жарналары қалпында сақталатынын атап өтті.

Сонымен бірге Дариға Дайрова зейнетақы түрлеріне тоқталды. Тарқатып айтсақ, бірінші, базалық зейнетақы төлемі  барлық зейнет жасына жеткен тұрғындарға еңбек өтілі мен еңбекақысына қарамастан күнкөріс минимумының 50 пайызы есептеліп тағайындалады. Және ол мемлекет қаржысынан бөлінеді. Екінші, солидарлы зейнетақы 1998 жылға дейін кем дегенде 6 айлық еңбек өтілі бар азаматтарға беріледі. Соңғысы бірыңғай жинақтық зейнетақы. Ол әр адамның табысының 10 пайызы жинақ шотына аударылуы арқылы жинақталған қаржысы. «Еңбек түбі – зейнет» демекші, ол неғұрлым көп әрі нәтижелі еңбек етіп жинақ шотына салым салған адам зейнетін де тиісінше көретіндігінің айғағы.

Сондай-ақ шара барысында әскери қызметкерлерді, әскери құрылымдардағы қызметкерлерді зейнетақымен қамсыздандыру 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылып жатқанын және әскерилердің  зейнетақы қорынан алынған 50 пайыз қаражат сол азаматтар біріңғай зейнет жасына жеткен уақытта міндетті түрде қайтарылатынын жеткізді. Айта кетерлігі, 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін салымшылар зейнетақы қорына салған қаржыларын алуға мүмкіндіктері болған. Енді 2016 жылдан бастап зейнет жасына жетпейінше заң негізінде ешбір салымшыға салымы қайтарылмайды.

«БЖЗҚ» АҚ Семей қаласындағы өңірлік филиалы жұмысының нәтижесі иесіз шоттар мәселесін шешуде көрініп отыр.

— Соңғы үш жылда біздің филиал иесіз қалған шоттардың қожайынын іздестіруде ауқымды жұмыстар атқарды. Атап айтсам, 3 жыл бұрын 1700 иесіз қалған зейнетақы шоты болса, қазіргі таңда 100 мың теңгеден астам салымы бар 36 шоттың қожасы іздестірілуде,- деген Дариға Абайқызы бұл мәселе өткен кезеңде әртүрлі мекемелердегі жұмысшылардың салымын аудару барысында өз ісіне жауапсыз қараған есепшілердің салғырттығынан туындағанын айтып өтті. Жалпы, сандық көрсеткішке назар аударсақ, қор жұмысы жемісті. Бүгінгі таңда 236 бөлімде 70-тен астам білікті маман салымшылар мен алымшылардың сұраныстарын қанағаттандырып, халық игілігі үшін еңбектенуде.

«БЖЗҚ» АҚ Семей қаласындағы өңірлік филиалы директорының орынбасары Марал Байтабанова жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алу жолдарын түсіндірді.

— Зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты қордың 236 бөлімшесінің бірінен, пошта байланысы, электрондық пошта көмегімен, www.enpf.kz сайтынан немесе ұялы қосымша арқылы білуге болады. 2,2 миллионға жуық адам хабарлаудың электрондық тәсілін таңдаған. Жарты жыл ішінеде ұялы қосымшадан жүктеп алу саны 241,5 мыңға жеткен,- деген Марал Жанатқызы салымшылар үшін барлық мүмкіндіктер жасалатынын жеткізді.

Әйгерім ЖАҚЫП,

«Семей таңы»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 часа бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 часа бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

5 часов бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

5 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

5 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

5 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

6 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

6 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

6 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

7 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС