"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ШЫН ЖҮРЕКТЕН»

25.08.2016
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Осы орайда 24 тамыз күні ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханада «Жанұя орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы аясында «Шын жүректен» қайырымдылық  іс – шарасы өтті. Шараға Орталық мешіттің бас имамы, Православ шіркеуінің діни өкілі, акцияға қолдау танытқан демеуші кәсіпорындардың, мекемелер мен ұжымдардың басшылары және халық қалаулылары, ата-аналар мен мектеп оқушылары қатысты.

«Жанұя орталығы» қоғамдық қорының директоры Людмила Асташкина шараның маңызы мен мақсатына тоқталды.

— Акцияның басты мақсаты – көп балалы аналарға, аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созу. Балалар мен олардың ата-аналарына шаттық сыйлау. Шара аясында 86 отбасының 157 баласына жалпы құны 1 млн.200 мың теңгенің мектеп құралдарын сыйламақпыз. Өткен жылы 60 балаға 600 мың теңге көлеміндегі қаражатқа мектепке қажетті оқу – құралдарын тарту еткен едік. Жыл сайын акция ауқымы кеңеюде деп айтуға болады. Қолдау танытып отырған кәсіпкерлерге, жанашыр жандарға алғысымыз шексіз,- деді Людмила Асташкина.

Аталмыш акция бірнеше жыл қатарынан дәстүрлі түрде ұйымдастырылуда. Осы уақыт аралығында деректер қоры да қалыптасқан. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жолы әр отбасыға хабарласып, мектепке қажетті заттарының тізімін жасаған. Шаһарымыздағы Орталық мешіт, Православ шіркеуі, «БЖЗҚ» АҚ Семей қалалық филиалы, «Семей инжинеринг» АҚ сынды 13 кәсіпорын, мекеме, ұжымдардың қолдау танытуы нәтижесінде тізім бойынша қажетті заттар алынған.

— Адам өміріндегі игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. «Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» демекші, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлау сауапты іс деп білемін. Қолдан келсе әрдайым қол ұшын созған ғанибет. Жаңа оқу жылында оқушыларға  сәттілік тілеймін. Мектеп табалдырығын аттағалы отырған балғындардың қадамдары құтты болсын,- деген қалалық мәслихат депутаты, «БЖЗҚ» АҚ Семей қаласындағы өңірлік филиалының директоры Дариға Дайрова мұндай бастаманы әрдайым қолдайтындығын жеткізді.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

8 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

8 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

8 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

8 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

9 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

10 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС