"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОҚУ — ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ

25.08.2016
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасында қаламыздың орта мектептері мен колледждердің алғашқы әскери дайындық мұғалімдерін үш күндік оқу-әдістемелік жиынына шығарып салу салтанатты жиыны өтті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған оқу әдістемелік жиын «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери жаттығу полигонында тамыз айының 23-25 аралығында өтеді. Оқу жиыны Семей қаласы әкімі Ермак Сәлімовтің шешімімен және «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығының қолбасшысы, генерел – майор Нұрлан Қашағановтың бұйрығына сәйкес алғаш рет қолға алынып отыр. Ондағы басты мақсат – әскери патриоттық жұмысты жүргізуші ұстаздардың білім тәжірибесін көтеру.

Алғашқы әскери дайындық ұйымдастырушыларын үш күндік әскери полигонға шығарып салу салтанатына соғыс ардагері Петр Колмин,  ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері генерал-майор Александр Мартынов, полковник Ризабек Махудаев, 3-ші ранг капитыны Білал Мұқашев, полковник Александр Коновалов және «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшысы, генерел – майор Нұрлан Қашағанов пен Семей қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік — құқық бөлімінің басшысы Сержан Әзбергенов арнайы қатысты.

Оқу-жаттығу барысында алғашқы әскери дайындық мұғалімдері саптық, ұрыс, тактикалық және оқ ату бойынша дайындықтардан өтіп, тәжірибелерін шыңдамақ. Салтанатты жиында сөз алған «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығының қолбасшысы, генерел – майор Нұрлан Қашағановтың айтуынша, осындай жаттығу жиындары ұстаздардың тәжірибелерін арттырып, жас Отан қорғаушыларды дайындауға үлкен септігін тигізбек.

— Құрметті ардагерлер, офицерлер мен кеш қонақтары! Кейде жыл сайын өткізіп отыратын осындай шараларды ұмыт қалдырып жатамыз. Жаз мезгілінде оқу-жаттығу шараларын ұдайы өткізіп отыру аса қажет. Өйткені болашақ Отан қорғаушыларды тәрбиелеуде оқу орындарында қызмет жасайтын алғашқы әскери дайындық мұғалімдерінің тигізетін пайдасы зор. Сондықтан аталған оқу-әдістемелік жиынын өткізуді бірауыздан қолдадық. Бұл айтулы шараға ардагерлер де өз тілектерін білдіруге арнайы келіп отыр. Осы үш күн ішінде өз тәжірибелеріңізді шыңдай түсесіздер. Оқу-жаттығу жиынының жоғары дәрежеде өтуіне тілектеспін, — деген Н.Қашағанов жиын соңында ұстаздар арасында сауалнама жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша осындай оқу жиындарының қаншалықты қажеттілігі анықталатынын атап өтті. Ол сондай-ақ қажет болған жағдайда оқу-әдістемелік жиындарын жыл сайын өткізуге болатынын тілге тиек етіп, алдағы оқу жылында мектептерге әскерилерді де жіберіп, арнайы сабақтар өткізуге болатынына тоқталды.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

13 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

13 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

17 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС