"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ЕЛ ІШІНДЕ

25.08.2016
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен сейсенбі, 23 тамыз күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Василий Олейник пен Жанат Омарбекова Семей қаласына арнайы іссапармен келді. Халық қалаулылары өңірімізде мемлекеттік бағдарлама аясында салынып жатқан құрылыс нысандарымен және шаруа қожалық өкілдерімен кездесу өткізді. Сондай-ақ іссапар аясында депутаттар «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Алдымен Мұздыбай ауылына ат шалдырған халық қалаулылары елдімекендегі «Мұздыбай-1» шаруа қожалығымен танысып, ондағы жұмысшы қауыммен және ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Іссапар барысында мәжілісмендер ауылдың барлық саладағы тыныс-тіршілігмен танысты. Сондай–ақ, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағыттылған «100 нақты қадам» — Ұлт жоспары негізінде атқарылып жатқан жұмыстардан, өңірдің бүгінгі күнгі ахуалынан хабардар болып,  жеткен жетістіктер мен алда белгіленген биік межелерді бағындыру жайын өз көздерімен көруге мүмкіндік алды.

Ауыл тұрғындары еліміздің Жер кодексіне енгізілген өзгертулер, әлеуметтік нысандар, мектеп пен балабақша мәселелерін көтерді. Сондай-ақ ауылдағы ағайын депутаттардың жайылым жерлердің мәселесін дұрыс шешіп беруге атсалысуын сұрады.  Мәселе, ауыл меншігіндегі барлық жер мақсатты пайдаланылып отырғандықтан,  тұрғындарға мал жаятын жердің қалмағанында болып отыр. Өз кезегінде Парламент Мәжілісі депутаты Жанат Әнуарбекқызы алдағы уақытта жайылымға байланысты мәселе қарастырылатынын, сол кезде ауылдықтардың ұсыныстары ескерілетінін тілге тиек етті.

Бұдан кейін депутаттар Бобровка кентінде салынып жатқан жаңа мектеп құрылысымен танысты. 600 оқушыға арналған орта мектептің құрылысы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүргізілуде. Қазір білім ордасының қабырғасы көтеріліп қойылған. Ал нысан келер жылы толықтай пайдалануға берілмек. Жаңа білім ордасы Цементшілер кентіндегі мектептердегі орын жетіспеушілік мәселесін шешпек.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Василий Олейник пен Жанат Омарбекова Семей қаласына келгендегі арнайы іссапарлары барысында «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалында азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Халық қалаулыларымен болған кездесуде Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендерге жеңілдік, зейнеткерлік туралы заңдағы өзгерістер, жұмыспен қамту, құқық қорғау органдарының әділетсіздігі, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту және денсаулық сақтау саласы бойынша мәселелер көтеріліп, жалпы жиыны 14 адам қабылданды. Депутаттар алдағы уақытта барлық мәселер бойынша жұмыстар атқарылып, заң нормалары қабылданарда ескерілетінін жеткізді. Кездесуді қорытындылаған Мәжіліс депутаты Жанат Омарбекова өңір тұрғындарымен жүзбе-жүз кездесіп олардың мәселелерін өз ауыздарынан естігеніне қуанып, айтылған проблемалардың шешімін табу жолында жұмыс жасайтынын жеткізді.                                                                                          — Мәжіліс депутаттары бірінші тоқсанды аяқтап, халықтың ортасына келіп отырмыз. Іссапарға келгендегі мақсатымыз  – өзіміз сайланған өңірдің ахуалымен танысу, Парламент қабырғасында қабылданып жатқан заңдардың қалай жүзеге асып жатқанынан хабардар болу. Бүгінгі таңда Семей өңірінде біршама істер жасаланып жатқанының куәсі болдық. Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қарқынды жұмыстар жүріп жатыр. Дегенмен айта кетуіміз керек, кейбір нысандардың талапқа сай келмей жатқанын байқадық. Алдағы уақытта жергілікті әкімшілік өз бақылауларына алады деп ойлаймын, — деген Жанат Омарбекова, —  Сапар барысында азаматтарды жеке мәселелері бойынша да қабылдадық. Халық келіп өздерінің мұң-мұқтаждарын айтып жатыр. Әрине, жергілікті жерде шешілетін мәселелер де бар. Жұмыс орынын сұрап келіп отырғандар да жетерлік. Семей өңірінде ядролық сынақ полигонына байланысты мәселелер көп көтеріледі. Қабылдауға келгендердің кейбірі полигондық зейнетақы алу мен зейнетке шығу жасына өзгеріс енгізу мәселелерін көтеріп, өзгерістер енгізуді сұрап жатыр. Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл болса да тұрғындар жарылыстардан келген зардаптарды әлі де көруде. Сондықтан айтылып жатқан ұсыныстардың барлығын қабылдап, алдағы уақытта қарастыратын боламыз.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

6 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

7 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

10 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС