"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ИРЛАНДЫҚТАРДЫҢ ТАРТУЫ

02.09.2016
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

30 тамыз, яғни ҚР Конституциясы мерекесі күнінде Семейде ирландиялық «Чернобыльден де қауіпті» қоғамдық қорының бастамасымен шаһарда жазылмайтын науқас емделушілерге арналып жаңа хоспис пайдалануға берілді. Мекеменің ресми ашылу салтанатына Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова, «Чернобыльден де қауіпті» қоғамдық қорының бас директоры Фиона Коркоран және үкіметтік емес ұйымдардың белсенділері жиналды.

Белгілі болғандай, жаңа нысан 30 орынға шақталып салыныпты. Оның жалпы аумағы 500 шаршы метрді құрайды. Жобаға шамамен 200 мыңнан аса евро жұмсалынған екен. Бұған қоса тағы 12 млн. теңге көлеміндегі қаржыны «Барыс» қоғамдық қоры бөлген. Сондай-ақ инженерлік-коммуникация жүйелерін тартуға жергілікті билік көмек қолын созған.  Айта кету керек, мекеме Ирландия елі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі арасындағы әріптестік аясында бой көтерді.

— Құрметті семейліктер және қала қонақтары! Барлықтарыңызды Семей қаласының әкімі Ермак Бидахметұлы атынан ҚР Конституциясы күні мерекесімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Мемлекетіміздің келешегі жарқын болып, оның тұғыры әрқашанда биіктей берсін. Қымбатты Фиона Коркоран ханым! Барша семейліктермен қатар бүкіл шығысқазақстандықтардың атынан сізге ризашылығымызды білдіреміз. Бұл іс арқылы өзіңіздің ақкөңіл әрі таза ниетті жан екеніңізді дәлелдей білдіңіз. Мұндай нысанның біздің өңірімізге қажет екені даусыз. Себебі ауыр дертпен науқастанатын адамдар ерекше күтімді қажет етеді. Сондықтан да сізге тағы бір мәрте үлкен алғысымызды айтамыз, — деген жылы лебізін жеткізді мәртебелі мейманға шаһар басшысының орынбасары Надежда Васильевна.

Өз кезегінде Ирландияның қоғам белсендісі осы жобаның сәтті іске асырылуына көмектескен аймақ билігі мен жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілеріне алғысын айтты.

— Бұған дейін біз Украинада Чернобыль АЭС-ның апатынан зардап шеккен азаматтарға көмектескен болатынбыз. Ал кейіннен мен шотландтық журналистің мақаласын оқып отырып Семей ядролық сынақ полигоны туралы ақпаратқа қанық-тым. Одан келген зардаптың қаншалықты көлемде ауыр екендігін түсіндім. Семей өңіріне келгенімде  жазылмайтын ауыр дертке шалдыққан жандарға қол ұшын созу керек екенін сездім. Сондықтан осындай шешім қабылдауға тура келді. Ирландия мен Қазақстанның тығыз байланысы арқасында біз осы жақта арнаулы интернаттар мен балалар үйін салуға жәрдем көрсетіп келеміз. Бұдан бөлек, 40 тонна көлемінде гуманитарлық көмек жіберуге атсалыстық, — деп атқарылған жұмыстармен бөлісті Фиона Коркоран.

Сонымен қоса хоспистің ашылу салтанатына белгілі әнші, итальяндық музыкант Сон Паскаль мен қазақстандық жас актер, Ақан Сатаевтың «Ағайындылар» көркем туындысында басты рөльдердің бірін сомдаған Әнуар Нұрпейісов те қатысқандығын атап өткен жөн. Өз сөзінде итальяндық өнерпаз һәкім Абайдың шығармашылығын аса құрметпен бағалайтынын тілге тиек етіп, Ұлылардың мекеніне келгеніне қуанышты екенін айтты. Оның дәлелі ретінде көпшіліктің алдында Абай Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы» туындысын орындап, жиналғандарды тәнті етті.

— Семейге келгеніме өте ризамын. Мен ұлы Абайдың шығармышылығына тәнті болған жандардың бірімін. Семей ядролық сынақ полигоны жайында хабарым да мол. Ол қазақ халқына үлкен қайғы алып келгенін білемін. Киелі шаһарға келудегі мақсатым осы және Қазақстан тарихына қатысты өзге де мәліметтерді өз көзіммен көріп қаныққым келеді, — деді Сон Паскаль.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

13 часов бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

13 часов бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

16 часов бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

17 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

17 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

17 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

18 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

18 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

18 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

18 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС