"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БОРЫШКЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ҚАРҚЫНДЫ

02.09.2016
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жылуға берешегі барлармен жыл басынан бері қала бойынша арнайы рейд шаралары жүргізіліп келеді. Бұл жұмыстар өз нәтижесін беріп те жатыр. Себебі осы күнге дейін қордаланған қарыздың көп бөлігі қайтарылды. Дегенмен бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Қазіргі таңда жылуға берешектері  барлар қатарында теміржол қызметкерлері де бар. Өткен сәрсенбі күні Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов тұтынылған жылу үшін қарызы бар «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы Семей жол бөлімшесінің ұжымымен арнайы жүздесті. Аталмыш жиынға Семей жол бөлімшесінің басшысы Марлен Көкірекбаев та қатысты. Шаһар басшысы Ермак Бидахметұлы теміржолшылардың жылуға берешегі жыл басында 3 млн. 660 мың теңге болғанын, бүгінде аталған қарыздың 1 млн. теңгесі қалғанын атап өтіп, аталған қаражаттың жуық арада төленуі керектігін жеткізді.

— Өздеріңіз білесіздер, өткен жылғы жылыту маусымы аяқталысымен жылуға қарызды өндірумен айналысып келеміз. Оған сот орындаушылары, автокөлік инспекциясы мен бұқаралық ақпарат құралдары сынды барлық механизмді жұмылдырдық. Жылуға қарызды өтеуден жалтарғандарға қоңырау шалып та ескерту жасадық. Айта кетуіміз керек, жылуға қарызды өндіруде оң өзгерістер бар. Дегенмен бұл жұмыстар жалғаса беретін болады. Өйткені бізге алдағы жылыту маусымына дайындалып, көмір сатып алу керек. Қазандықтар мен жылу тарату желілері де жөндеуден өткізілуде. Бұл жұмыстардың барлығы тұрғындардың қыс мезгілінде жайлылығы үшін жасалып отыр, — деді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Қала басшысы жылуға қарыздың әрбір тиыны маңызды екенін, себебі алдағы маусымға көмір қорын жеткізу керектігін баса айтты. Ол сондай-ақ теміржол бөлімшесінде жұмыс жасайтын әрбір борышкердің атын атап, бөлім басшыларына жағдайдың мәнісін түсіндіруді талап етті. Теміржол қызметкерлері өз кезектерінде қыркүйек айының 10-на дейін барлық қарыздың жабылатынына сендірді.

Жиын соңында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы Семей жол бөлімшесінің басшысы Марлен Көкірекбаев барлық бөлімше басшыларына қарызды қайтару жөнінде тапсырма бергенін, жылыту маусымына дейін теміржолшылар ешқандай берешексіз кіретінін мәлімдеді.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

15 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

15 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

18 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС