"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«АВТОДЫБЫС» ФЕСТИВАЛЬ — БАЙҚАУЫ ӨТТІ

16.09.2016
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейде «Автодыбыс» фестиваль-байқауы өтті. Бірегей сайыста көліктердің дыбыс қысымдары сарапқа салынды. Жарысқа темір тұлпарларының сыртқы, ішкі пішіндерін өзгертіп қана қоймай, түрлі дыбыс зорайтқыштармен ерекшеленгісі келгендер қатысты. Техникалық және мұз спорт түрлері федерациясының бастамасымен қолға алынған шара алғаш рет қалалық әкімшіліктің қолдауымен кең ауқымда ұйымдастырылды. Мақсат — шаһарымызда авто-мотоспорт түрлерін дамыту.

«Автодыбыс» байқауы қаламызда осымен үшінші жыл өткізілді. Бірақ  биыл алғаш рет кең ауқымда ұйымдастырылды. Тіпті бірегей сайысты қызықтауға шаһар басшысы Ермак Сәлімов те арнайы келді.

— Семей қаласы кез келген мәдени әрі спорттық шараларды өткізуге қауқарлы. Байқауға қатысушылардың барлығы ұйымдастырылған фестивальға шын ықыластарымен қатысып жатыр деп ойлаймын. Ниет болғаннан кейін байқау тартысты әрі қызықты өтеді деген сенімдемін,- деді қала әкімі өз сөзінде.

Байқауда автокөліктің жүк салғышы басты назарда болды. Дәлірек айтқанда, онда орналастырылған дыбыс зорайтқыштар мен жәшіктері сыналады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай дыбыс зорайтқыштар мен жәшіктері жасау үшін айлап уақыт кететін көрінеді. Тіпті жәшіктерді бірнеше қайтара жасауға тура келеді. Шара аясында темір тұлпардың сыртқы келбетінің ерекшелігі де бағаланды.

— Автокөліктердің сыртқы пішінін классикалық үлгіге ауыстыру шеберлігі де ескеріледі. Оны сыртқы тюнинг дейміз. Бұдан бөлек көлік ішіндегі дыбыстың қысымын өлшейміз. Қарапайым сөзбен айтқанда, дыбысы күшті көлік жеңіске жетеді,- дейді сайыс жайында пікір білдірген Техникалық және мұз спорт түрлері федерациясының мүшесі Александар Владимиров.

Айта кету керек, мұнда дыбыс децибелмен өлшенеді. Қуаттылықты анықтау үшін, арнайы құрылғы көліктің алдыңғы терезесінің ішкі жағына орналастырылады. Әуен қосылғанда, оны сыртта тұрған адамның естуі мүмкін емес. Тек дыбыс зорайтқыштан тараған толқынды сезінуге болады. Бұл темір тұлпарда орнатылған аппаратура сапасының деңгейін көрсетеді. Ішкі және сыртқы құрылымдары өзгеріске ұшыраған мұндай көліктер күнделікті қолданысқа жарамайтынын айтады   ұйымдастырушылар.

— Бұл – хобби. Қызығушылық танытқандар көліктерін көрсетіп мәре-сәре болып жатыр. Мен екінші рет қатысып отырмын. Көліктер аласа. Сондықтан асфальтқа өте жақын. Мұндай ерекшеліктерді жақсы көретіндер үшін шара қызықты өтуде,- дейді қала тұрғыны Виталий Колеков.

Байқауда 35 көліктің дыбыс қуаты сыналды. Олардың арасында Өскемен, Риддер, тіпті Новосібір қаласынан арнайы келгендер де бар. Бірегей шараның қорытындысына сәйкес, ең аласа көлік бойынша өскемендік темір тұлпар жеңіске жетті. Семейліктер 2, 3-орындарға ие болды. Автодыбыс байқауында жеңімпаздар мен жүлдегерлер екі аталым бойынша анықталды. «Кәсіпқойлар» арасында 150 децибел көрсеткішпен семейлік «Лада Приора» үздік деп танылды.  Екінші орынға «Лада» автокөлігі ие болса, үшінші орынға «Тойота» көлігі тұрақтады. Ал жарыста бақтарын енді сынап жүргендер арасында 1, 2-орындарды семейліктер жеңіп алса, үшінші орын Риддер қаласынан жеткізілген көлікке бұйырды.

 

Ерзат ЖАНАТҰЛЫ,

Семей қаласы.

 

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

19 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

20 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

23 часа бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС