"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЕТІ АЙДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР

16.09.2016
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Кеше, яғни 15 қыркүйек күні, Семей қалалық мәслихатының кезекі бесінші сессиясы өтті. Сессия отырысына қала әкімі Ермак Сәлімов, қала прокуроры Марат Турубаев, қоғамдық кеңес төрағасы Қайноллан Мусин мен қала әкімінің орынбасарлары, қоғамдық ұйым өкілдері, қалалық әкімдіктің дербес салалық бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде жеті мәселе қаралды. Алдымен Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов өзіне жүктелген міндеттердің орындалу барысы жөніндегі есебін берді. Ағымдағы жылдың жеті айында атқарылған жұмыстарды баяндаған Ермак Бидахметұлы осы аралықта экономикалық көрсеткіштер артып, өткен жылмен салыстырғанда негізгі салаларда оң нәтижелер барына тоқталды. Қала әкімінің айтуынша, ағымдағы жылдың жеті айында шаһарда жаңа жұмыс орындары құрылып, бюджет саласы қызметкерлерінің орташа жалақысы артқан. Бұған қоса жұмыссыздар мен тұрмысы төмен отбасылар саны азайған. Ал оның нәтижесінде қала экономикасының негізгі көрсеткіштері артып, рейтингтегі көрсеткіш 2015 жылғы оныншы орыннан сегізінші орынға көтерілген. Өңірде өткен жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімдері мен тауар айналымы да артқан. Сондай-ақ жеке инвестиция көлемі ұлғайған. Өңір халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары да дұрыс жолға қойылып, мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту сапасы жақсарған. Сондай-ақ шаһар басшысы баяндамасында денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды. Қала басшысы  қылмыстық оқиғалардың төмендеп, оны ашу жұмыстары жақсарғанын да атап өтті. Сонымен қатар Е.Сәлімов баяндамасында өңірде тау-кен өндіру өнеркәсібі, құрылыс жұмыстарының көлемі мен шағын және орта бизнес салаларының  көрсеткіштері өткен жылғымен салыстырғанда төмен екенін атап өтті.

Тұрғын үй құрылысы мәселесіне тоқталған әкім соңғы үш жылда қалада 22 көп қабатты тұрғын үй құрылысы мен 900-ден астам жеке тұрғын үйлер салынғанын атап өтті. 2016 жылға бекітілген кестеге сәйкес, Семей қаласында 9 тұрғын үйді барлық бағыттар бойынша пайдалануға беру жоспарланған. Құрылыс бөлімі аталған үйлерді инженерлік-коммуникациялық желілермен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізуде.

— Айта кетуіміз керек, бүгінгі күні мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға 9125 отбасы, жеке тұрғын үй салуға арналған жер телімдерін алуға 23 мыңнан астам азамат кезекте тұр. Бұл — өте үлкен салмақ. Ал «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да 16 мыңнан астам семейлік 6 млрд. теңгеден астам қаржы жинаған,- деген қала әкімі бүгінде осы бағытта жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.

Е.Сәлімов өз есебінде қаланы абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары турасында да сөз қозғады. Оның айтуынша, ағымдағы жылы аталған салаға қаржы айтарлықтай көп бөлінген. Бұл бағыттағы жұмыстар келер жылы да жалғасын таппақ.

— Бірінші кезекте семейліктер көптеп демалатын Орталық алаң мен Ертіс жағалауы абаттандырылады. Қазір осы бағыттағы жұмыстардың атқарылып жатқанын көріп отырсыздар. Осы жылы аталған жұмыстарға бөлінген 180 млн. теңге қаражатты толықтай игеріп, жоспарлы жұмысты толығымен аяқтайтын боламыз. Жұмыстар қоғамдық бақылауға алынған,- деді Е.Сәлімов.

Қала басшысының атап өтуінше, өңірімізде білім беру саласын қаржыландыру көлемі де жыл сайын артып келеді. Мектеп тапшылығын төмендету мақсатында биыл Семейде үш мектеп құрылысы басталған. Білім беру нысандары келер жылы пайдалануға берілмек. Ал алдағы жылдары тағы үш мектеп құрылысын жүргізу үшін жұмыстар қолға алынады. Атап айтар болсақ, алдағы жылдары мектеп тапшылығы сезіліп отырған Восход, Восточный мен Степной кенттерінде құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Сессияда қаралған келесі сұрақ-тың бірі 2015-2016 жылдардағы жылу беру маусымының қорытындысы, сондай-ақ 2016-2017 жылғы қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындық барысы талқыланды. Аталмыш мәселе бойынша қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Марат Аленов баяндады. Баяндамашы қыс қамына дайындық ерте көктемнен басталғанын, бүгінде қаланы жылумен қамтитын барлық қазандықтар жылыту маусымына толықтай дайын екенін атап өтті.

Сонымен қатар сессияда Зейнет-керлерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының жұмысы, Семей қаласының мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының қызметі туралы шешімінің орындалу барысы, қаланың 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы шешіміне өзгерістер енгізу мен пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы және сайлау комиссияларынан шыққандардың орнына жаңадан мүшелер сайлау туралы мәселелер қаралды. Сессияда көтерілген сұрақтарды қалалық мәслихат депутаттары бір ауыздан қолдады және шешім шығарды.

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

17 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

17 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

21 час бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС