"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БЕЙІТТЕРГЕ ДЕ БАҚЫЛАУ ҚАЖЕТ

23.09.2016
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шыны керек, Семейде жерлеу агенттіктерінің қызметі жүйесіз және бақыланбайды. Соның салдарынан марқұмдардың туыстары тарапынан түсініспеушіліктер болып жатады. Жерлеу қызметтері арзанға соқпайтындықтан, тұрғындар жерлеу орындарына дұрыс қарауды талап етеді. Бүгінде Семейде ресми түрде 3 бейіт қорымы бар. Оларды аралап көріп шыққан қала әкімі Ермак Сәлімов жерлеу рәсімін өткізетін қызмет саласын тәртіпке келтіру керектігіне көз жеткізді.

Бүгінде жерлеу рәсімдері қаладағы 3 бейітте өткізіледі. Оның бірі Алматы тас жолы бойында болса, екіншісі Знаменка ауылына барар жолда, соңғысы Павлодарға баратын жолдың 18-ші шақырымындағы қарағайлы орман бойында орналасқан. Жерлеу рәсімдерін жүргізу үшін «Ритуал Семей» ЖШС-мен келісімшарт жасалған. Мекеме мемлекеттік сатып алуға қатысу барысында, бір қабірді қазу қызметі 15 мың теңге тұратындығына қарамастан, байқауды небәрі бір теңгеге ұтып алған.                                                                                   Алматы тас жолы бойындағы бейіттер басын көріп шыққан қала әкімі мен қалалық мәслихаттың депутаттары бірқатар ескерту жасады. Атап айтқанда, нормативтік актілерге сай болғандықтан мүлтіксіз орындалуға тиіс қызмет түрлері бойынша қажетті ақпараттың болмауы бірқатар сауалдар туғызып отыр.

Бұдан кейін қала әкімі мен депутаттар корпусының өкілдері Знаменка тас жолы бойындағы бейіттерде болды. Мұнда аумақ пен өздеріне алынған міндеттемелерге қатысты мәселе болған жоқ. Жерлеуге арналған алаң толықтай қоршалған. Ал Павлодар тас жолы бойындағы ескі бейітте мәселе жетерлік. Бастысы — аумақ қоқысқа толы. Тіпті жол бойында шашылып жатыр, аяқ алып жүргісіз.  Сондай-ақ рұқсат етілмесе де жерлеу рәсімдері жүргізіледі. 2010 жылдан бері бейіт ресми түрде жабылғанымен, жерлеу рәсімдері тыйылмай тұр. Тіпті кейбір азаматтардың алдын ала сатып алған жер телімдері бар. Жағдайға қаныққан қала басшысы бұл қызмет түрі мемлекет тарапынан реттелуі керектігін айтты.

Бүгінде қала басшылығы зираттардың ауданын 17 гектарға дейін ұлғайту шараларын жүргізуде. Бейіт Бесқарағай ауданының аумағында орналасқандықтан, кедергілер бар. Алайда жыл соңына дейін жерді рәсімдеу аяқталуы тиіс.

«СТ — ақпарат»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

17 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

18 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

21 час бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС