"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БЕРЕШЕГІҢІЗ БОЛСА, ЖЫЛУ КҮТПЕҢІЗ…

27.09.2016
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сенбі, 24 қыркүйек күні Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов шаһардың оң жақ жағалауындағы Жамақаев көшесі, 219 және 219 «А» мекенжайындағы көп қабатты тұрғын үйдің тұрғындарымен кездесті. Қазір аталмыш үйдегі тұрғындардың «Теплоком- мунэнерго» мекемесінің алдындағы жылуға қарызы 2 млн. 744 мың теңге.  Қыс болса қыр астында, ал тұрғындардың қарыздарын жабуға асығатын түрлері жоқ.

Белгілі болғандай, Жамақаев көшесі, 219 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдегі 56 пәтердің ішінен 25 абоненттің жылуға берешегі 994 981 теңгені құрапты. Ал Жамақаев көшесі, 219 «А» көп қабатты тұрғын үйдегі 58 пәтердің 25 абоненті жылуға 1 млн. теңгенің үстінде қаразы бар. Бұған қоса осы маңдағы Қабанбай Батыр көшесі, 164, 166 мекенжайындағы көп қабатты тұрғын үй иелерінің жылу берешегі 800 мың теңгеге жуықтаған. Егер де аталмыш аудан тұрғындары коммуналдық қызмет ақысын дер кезінде өтемесе, онда олар жылудан ажыратылуы ықтимал екендігін атап өтті құзырлы орган мамандары. Мұндағы тұрғындардың дені пәтер жалдаушылар болғандықтан, мәселенің бәрі пәтерді жалға берушілерде болып тұр дейді жиналғандар. Сонымен қатар Жамақаев көшесіндегі қос үйде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі мүлдем жоқ екені анық болды. Ал бұл жердің санитарлық келбеті көрген көзге айтпаса да түсінікті. Күл-қоқысқа толы балалар алаңқайы – бұл осы ауданның бүгінгі көрінісі. Ойын алаңы демекші, мұндағы белтемірге ойын баласы түгіл, ересектердің өзі жақындауға жүрексінеді. Десе де тұрғындардың басты базынасы жылудың қыруар қарызы болып тұр. Енді берешекке белшеден батқан бұқара мәселенің түйінін тарқатуды қала билігінен сұрауда. Кездесу барысында тиісті ақпаратқа қанық болған шаһар басшысы күрмеулі мәселені кешенді түрде шешу керектігін жеткізіп, борышкерлерге қатаң шаралар қолданылатынын мәлімдеді.

— Бұл қаламыз бойынша ең проблемалы аудандардың бірі болып саналады. Ал жылу, өздеріңіз білетіндей, дәл уақытында берілді. Бүгін біз олармен кездесіп, өзіміздің ұстанымымызды білдірдік. Жалпы, Семейдің жылуға берешегі 1 млрд. 38 млн. теңге көлемінде болған. Көктемнен бері осы бағыттағы жұмысты ширата түсуіміздің нәтижесінде бұл көрсеткіш біршама азайды. Алайда сол қарыздың біраз бөлігі осы аудандағы тұрғын үйлерге тиесілі. Тұрғындар қарызын мақсатты түрде төлемей, биыл да, әдеттегідей, жылуға дер кезінде қосылатындықтарына сенімді болса, онда олар қатты қателеседі. Біз халыққа нақты жеткіздік. Егер коммуналды қызметтердің берешегі өтелсе, барлығы ойдағыдай болады. Олай болмаған жағдайда, жылу қуаты берілмейді. Кездесу кезінде, жылудан бөлек, тұрмыстық қалдықтар мен ауданның санитарлық тазалығына қатысты көптеген сұрақтар көтерілді. Ол бойынша жергілікті полицияны және өзге де жауапты органдарды бұл жұмыстарға қосуды көздеп отырмыз. Бір жұмадан кейін атқарылған істерді бағамдайтын боламыз,- деп нақтылады Ермак Бидахметұлы.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

8 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

8 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

12 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС