"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АУЫЛ ЖАСТАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ҚАЛАЙ?

04.10.2016

Семей қаласы әкімдігі жанындағы Жастар істері жөніндегі кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Басқосуда ауыл жастарының мәдени деңгейін көтеру әрі олардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру жайы, сондай-ақ балалар үйлері түлектерінің жұмысқа орналасуы және тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, жастарды бұқаралық  спортқа тарту сынды мәселелер талқыланды.

Кеңеске Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Азамат Құрманғалиев, дербес бөлімдердің жетекші мамандары және жастар ұйымдарының белсенділері қатысты. Алдымен Кеңес мүшелері өткен басқосуларда айтылған ұсыныстар бойынша атқарылған жұмыстардың барысымен танысты.

— Бұған дейінгі отырыстарда айтылған ұсыныстарды ескере отырып, Жастар орталығының мамандары іске белсене кірісті. Атап айтқанда, Приречный және Озерки ауылдық округінің жастарымен кездесу ұйымдастырылған болатын. Кездесуде қатысушылар тарапынан ауыл жастарына арнап мерекелік концерт және семинар-тренингтер өткізілсе деген ұсыныстар түскен болатын. Осыған сәйкес, наурыз айында Мұқыр ауылында «Шырайлы көктем» атты қалалық жас өнерпаздардың қатысуымен концерттік кеш, Озерки ауылында жоғары сынып оқушылары үшін көшбасшылық қабілетті дамытуға арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды. Әр ай сайын жастар ұйымдарымен кездесулер өткізіліп келеді. Ал үстіміздегі жылдың қазан айында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай қаланың Орталық алаңында жастардың қатысуымен үлкен флешмоб өткізуді көздеп отырмыз,- деді қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Гүлнұр Ыдырышева.

Сонымен қатар қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Анар Қуанғалиева жиналғандарға ауыл жастарының мәдени деңгейін арттыру және олардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатымен іске асырылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып берді. Анар Қуанғалиеваның айтуынша, бүгінде Семей қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты 24 мекеме бар екен. Оның 19-ы клубтық типтегі мекемелер.

— Бүгінгі таңда мәдени клубтар жанынан дойбы, шахмат, ән-би, домбыра, әдебиет пен театр үйірмелері және спорт секциялары ашылып, ауыл жастарын өнер мен спортқа баулу бағытындағы жұмыстар жандандырылып келеді. Қазіргі күнде үйірмелердің саны 225-ті құрайды. Бұл үйірмелердің 3 мыңнан астам тұрақты мүшелері бар. Жуырда Қайнар ауылының домбырашылары «Ақ көгершін» байқауында топ жарып, өңіріміздің атын шығарған болатын. Сол сияқты Алғабас ауылының бишілері де Қарағанды облысында  өнер көрсетіп, көпшілікті тәнті етті,- деп атап өтті Анар Қуанғалиева.

Сонымен қатар Кеңес отырысында басқа да бірқатар мәселелер  көтерілді. Әсіресе бүгінде ауылдық жерлердің басым бөлігі ғаламтор желісіне қосылмағандығы, осы бағыттағы жұмыстарды ширату керектігі айтылды.

 

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

21.11.2026
БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

Тоқаевтың бастамасы Абу-Дабиде су саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері аясында талқыланады. Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысын...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

59 минут бұрын

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

1 день бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

1 день бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

1 день бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

2 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

2 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

2 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

2 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

2 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС