"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰСТАЗ БОЛУ — ЖҮРЕКТІҢ ҰЛЫЛЫҒЫ

04.10.2016
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазанның алғашқы жексенбісінде елімізде Ұстаздар күні аталып өтіледі. Мұғалімдердің мерейін асқақтататын мерекенің түп мәні ұстаздарды ұлықтау болып табылады. Семейдің Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында Ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Мерекеге қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова, қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов, білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко және білім саласының ардагерлері, қоғамдық ұйымдар өкілдері, қала мектептерінің алдыңғы қатарлы ұстаздары, халықаралық, республикалық және облыстық сайыстардың жеңімпаздары қатысты. Салтанатты мерекеге шақырылған қонақтарды Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.                                                                                              — Құрметті ұстаздар мен білім саласының ардагерлері! Сіздерді қала әкімінің атынан төл мерекелеріңізбен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Бұл мереке ұстаздардың әр буын өкілдерінің басын қосып отыр. Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы. Сіздер шәкірттеріңізге білім беріп қана қоймай, сол білімді өмірде пайдалануға үйретесіздер. Жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, қиындықтан шығуға үйретесіздер. Ең бастысы, мемлекетіміздің нағыз ұлтжанды ұрпағын тәрбиелейсіздер. Сондықтан да Сіздердің асыл бейнелеріңіз шәкірттеріңіздің жүрегінде мәңгі сақталады. Сондықтан да Сіздерге басымызды иеміз, құрметті ұстаздар қауымы! Төл мерекелеріңіз құтты болсын!- деді қала әкімінің орынбасары.Салтанатты жиынға қатысқан бірқатар білім саласының қызметкерлері Ғылым және білім министрлігінің, ШҚО білім басқармасының, білім бөлімінің грамоталарымен, сонымен қатар қала әкімі мен қалалық мәслихаттың және Семей қаласы білім беру қызметкерлерінің қалалық кәсіподақ комитетінің алғыс хаттарымен марапатталды. Жиында сондай-ақ білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко «Үздік жыл мұғалімі — 2016» сайысының «Үздік мұғалім», «Мектепке дейінгі мекеменің үздік тәрбиешісі», «Қосымша білім берудің үздік мұғалімі» аталымдары бойынша жүлдегерлерге грамоталар табыстады. Ұстаздардың  кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын балалардың шығармашылық ұжымдары дайындаған мерекелік концертке  ұласты.                                                           Айта кетуіміз керек, бүгінгі күні Семей өңірінде төрт мыңға жуық мұғалім еңбек етеді.  Ал олардың жүзден астамы жас мұғалімдер. Ағымдағы жылы екі мыңға жуық мұғалім әртүрлі деңгейдегі курстардан өткен. Бұл жаңартылған форматтағы, робот техникасы бойынша және Кембридж бағдарламасының курстары. Қаланың 1100 мұғалімі «Биоинформатика және Синергетика» технологиясы бойынша біліктіліктерін арттыру курстарынан өтіп, аталған технологияны өздерінің жұмыс тәжірибелерінде белсенді түрде қолдануда. Өткен оқу жылы ішінде 760 педагогикалық қызметкер қалалық, облыстық және республикалық кәсіби сайыстарға қатысқан. Келешек ұрпақтың білімді де саналы болып өсуі жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаздарды біз де төл мерекелерімен құттықтаймыз!

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

21 час бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

22 часа бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

2 дня бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

2 дня бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

2 дня бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС