"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕМЕЙ -ТАРБАҒАТАЙ: ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДА

22.11.2016
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптаның жұмасы, 18 қараша күні Семей қаласында Тарбағатай ауданының күндері өтті. Семей қаласы мен Тарбағатай ауданындағы алшақтыққа қарамастан, әріптестік байланыс тығыз орнаған. Аудан мен қала арасындағы қарым – қатынасты жаңа деңгейге көтеру мақсатында ұйымдастырылған ауқымды іс-шара аясында аудан әкімі Ділдабек Оразбаев Семей қаласында тұратын тарбағатайлық аға буын өкілдері және студенттерімен кездесу өткізсе, аудан кәсіпкерлері жәрмеңкеде өнімдерін саудалады. Ал тәуліктің екінші жартысында Тарбағатай ауданы күндері мерекелік концертпен жалғасын тапты.

«Солтүстік» сауда-логистикалық орталығында ұйымдастырылған жәрмеңкеде ауданның 17 ауылдық округінің шаруа қожалықтары өз өнімдерін ұсынды. Семейліктерге жылқы, сиыр, қой еттері мен балықтың әр түрі, сондай-ақ сүт өнімдерін аудан кәсіпкер-лері тікелей саудалауға мүмкіндік алды. Жұма күнгі жұмыс күніне қарамастан, логистикалық орталықтың залында сауда қызу жүрді. Айта кету керек, орталықта Тарбағатай ауданының шаруалары өз өнімдерін алғаш рет саудалауда.

— Жалпы, жәрмеңкеге  4 тонна сиыр етін, 2 тонна қой етін,1 тонна жылқы етін және 2 тонна балық әкелдік. Барлығы төмен бағамен саудалануда. Бұл семейліктерді сапалы, арзан ет өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында жасалып отыр,- дейді аудан әкімінің орынбасары Қайрат Моуадинов.

Тарбағатай ауданына қарасты Жаңаауыл ауылдық округінен келген кәсіпкер Ақерке Оралбаеваның айтуынша, сиыр еті 1000 теңгеден, қой еті 900 теңгеден саудаланыпты.

Айта кету керек, бұған дейін Семейге іргелес аудандардың шаруа қожалықтары ғана келсе, енді олардың қатарына Тарбағатай ауданы қосылды. Алдағы уақытта қала мен аудан басшылықтарының келісімдерімен мұндай жәрмеңкелер тұрақты түрде өткізіліп тұрмақ. Бұл жайында қала әкімі Ермак Сәлімов былай деп пікір білдірді:

— Тарбағатайлықтардың Семейдегі күндері алғаш рет өтуде. Мұнда олар тек жәрмеңке өткізу үшін ғана келген жоқ. Бағдарламаларына сәйкес, жерлестерімен, студенттермен кездесулер өткізіп, концерттік бағдарлама ұсынбақ. Аудан басшылығымен жақсы қарым-қатынаста боламыз деген үміттемін. Семейліктер осы орталықта демалыс сайын өткізілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне үйренген. Өндіруші мен тұтынушы арасындағы тікелей байланыс екі жаққа да тиімділігін дәлелдеді. Сапалы өнімді тиімді бағамен алған тұтынушының бұл жағдайда алыпсатарлардың ұсынысынан бас тартары анық,- дейді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Таза әрі табиғи өнімге қол жеткізген қала тұрғыны Бәтима Төкенқызы көксерке балығының келісін 850 теңгеден алыпты. Бәтима апай Зайсан көлінің балықтары экологиялық тұрғыдан таза және өте дәмді болады деп есептейді. «Басқа жерде алыпсатарлар тұрады. Мұнда өз бағасына аласың»,-  дейді бұл ретте қала тұрғыны Б.Төкенқызы.

Сауда-логистикалық орталық жетекшілерінің айтуынша, ауылшаруа-шылық жәрмеңкесі алдағы уақытта да жалғасады. Ол үшін облыстың шалғай және жақын орналасқан аудандары, белгіленген кестеге сай, жәрмеңкеге қатысатын болады.

Белгіленген бағдарламаға орай, Тарбағатай ауданының әкімі Ділдабек Оразбаев Семей қаласының жоғары оқу орындары мен колледждерінде оқитын студенттермен Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде кездесу өткізді. Аудан мекемелеріндегі, шаруашылықтарындағы бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі де осы оқу ордасында ұйымдастырылды. Алпысқа жуық болашақ мамандар тиісті мекеме басшыларымен келісімшарт жасасып, алдағы жылы ауылға барып жұмысқа орналасуға бекем бел буды.

Университеттегі кездесуді осы білім ордасының ректоры Мейір Ғариполлаұлы Ескендіров алғы сөз сөйлеп ашты. Өз сөзінде ол Тарбағатай ауданының әкімі Ділдабек Тәжібайұлы білікті басшы ғана емес, таяуда ауыл шаруашылығы ғылымдары саласында диссертация қорғап, ғалымдар сапына қосылғанын да атап өтті. Кездесуге, студенттер мен қатар, сонау бір жылдары Тарбағатай өңірінде еңбек еткен ардагерлер де көптеп келген екен. Жиналғандар алдында баяндама жасаған аудан басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары, қол жеткен жетістіктер жөнінде кеңінен мағлұмат берді.

— Студент жастармен, ардагерлермен осындай кездесулер өткізу дәстүрге айналды. Биыл осында үшінші рет бас қосып отырмыз. Ондағы мақсатымыз — жастарды ауылға барып жұмыс істеуге шақыру; кезінде ауданда ел игілігі үшін аяндай еңбек еткен, ел басқарған, сол елдің қалыптасуына үлес қосқан ардагерлерімізбен ақылдасып, алдыға қойған қандай жоспарларымыз бар, олар қалай орындалып жатыр деген мәселелер бойынша ой бөлісу,- деді Ділдабек Оразбаев.

Ауданның соңғы үш-төрт жыл бедеріндегі жетістіктерін нақты цифрлармен термелеп айтқан аудан басшысы бұл табыстарға кезінде осы кездесуге қатысып отырған еңбек ардагерлері бастап беріп кеткен жоспарларды жалғастырып, жұмыс істеу арқылы қол жеткенін атап көрсетті.

— Құрметті ардагерлер, ақ сақалды аталарымыз, ақ самайлы аналарымыз, сіздер қалап беріп кеткен іргетас, бастап беріп кеткен жұмыстарыңызды жалғастырып, былайша айтқанда, эстафетаны алға қарай апара жатырмыз. Мемлекет басшысының белгілеп берген бағдарламаларын қарапайым халыққа жете түсіндіру арқылы, солардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету нәтижесінде жетістіктерге қол жеткізудеміз. Соңғы төрт жылда ауданымызда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 160 пайызға өсіп отыр. Мал өсіру, егіншілікті дамыту қарқыны артты. Мал тұқымын асылдандыру жағынан республикада алдыңғы қатарлы орында келеміз. Аудандағы 55 елді мекенді мамандарымыз аралап, Елбасының өндірісті дамыту жөніндегі бағдарламаларының мәнін халыққа жақсылап терең түсіндіруі нәтижесінде соңғы үш-төрт жылда Тарбағатай ауданы 1 млрд. 337 млн. теңгеге асыл тұқымды мал сатып алды. Бұл ретте мал бордақылау жұмысын жетілдіру жедел қолға алына бастады. 2013 жылы ауданда 24 жерде мал бордақыланса, қазір 332 жерде бордақыланады. Ауданда Қарғыба, Базар, Тебіске сияқты өзендердегі су тоспаларын жөндеу арқылы суармалы жерді игеру жұмыстары жалғастырылуда. Суармалы алқаптың көлемін арттыру, онда элиталы тұқымдар әкеліп егу, шаруашылықтардың ғылыми-зерттеу орталықтарымен байланысын нығайту, тамшылатып суару тәсілін меңгеру шаралары тиісті жемістерін беріп отыр. Биыл егіс дақылдарының әр гектарынан 22 центнерден өнім алуға қол жеткіздік. Картоп, сәбіз, қауын-қарбыз сияқты өнімдерді енді шеттен тасымайтын болдық. Ауданда  20 жылыжай жұмыс істеп тұр.

Әлеуметтік салалар да қарышты қадаммен дамып келеді. Барлық ауылдарға жол салынды. Ақсуаттың ішіндегі жиырма көше асфальтталды. Алдағы жылы барлық көшені асфальттап, карусель, бассейн салу жоспарымызда бар. 40-50 жыл жөндеу көрмеген 20 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, барлық ауылдарда балалар бақшасы іске қосылды. Елбасы, «Балапан» бағдарламасы бойынша, 2020 жылға дейін балаларды мектеп жасына дейінгі білім ордаларына қамту міндетін алға қойса, біздің ауданымызда бұл міндет 2017 жылы толық орындалады деген сенімдеміз. Егер осындай даму қарқынымыз сақталатын болса, төрт-бес жылда Тарбағатай ауданы өңірдегі ең бай аудан болады деп сенімді түрде айта аламыз,- деді Ділдабек Оразбаев.

Кездесуде жоғары оқу орындарының алдыңғы қатарлы бір топ студенттеріне Тарбағатай ауданының әкімі алғыс хаттар тапсырды. Сонымен қатар аудан басшысы ардагер аналарды «Тарбағатайдың Алтын анасы», ақсақалдарды «Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы» атағымен марапаттап, «Еңбек ардагері» медалін тапсырды.

Кездесуде Нәсен Ибраев, Болат Сапоров, Мақан Айтжанов сынды ақсақалдар аудан басшысына алғыс сезімін білдірді

Түстен кейін Мәдениет сарайында концерт берілді, концерттен соң қала әкімінің орынбасары Қайрат Ерембесов сөз сөйлеп, қала басшылығы атынан тарбағатайлықтарға алғыс айтты. Сонымен қатар ол қала әкімі Ермак Сәлімовтің атынан Тарбағатай ауданының әкімі Ділдабек Оразбаевқа жазушы Медеу Сәрсекенің Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының  25 жылдығы қарсаңында шыққан кітабын сыйға тартты.

Хамза СӘТИЕВ,                                                                                                                                                                                       «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Еуразияның негізгі көлік хабы ретіндегі орнын нығайту үшін Қазақстанның алдында бірқатар маңызды міндет тұр — Президент

28.10.2026
Еуразияның негізгі көлік хабы ретіндегі орнын нығайту үшін Қазақстанның алдында бірқатар маңызды міндет тұр — Президент

Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көлік саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларды мәлімдеді. — Қазір Қазақстанда...

Толығырақ...Details

Қазақстан Еуразияның жетекші логистикалық орталығына айналуы тиіс

28.10.2026
Қазақстан Еуразияның жетекші логистикалық орталығына айналуы тиіс

Еліміз халықаралық жүк ағындарын толыққанды ұйымдастырушы рөліне көшуі қажет. Бұл туралы Құрылтай отырысында "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты...

Толығырақ...Details

Тоқаев: Қазақстан электр энергиясын қымбатқа сатып алып, арзанға қайтарып отыр

28.10.2026
Тоқаев: Қазақстан электр энергиясын қымбатқа сатып алып, арзанға қайтарып отыр

Қазақстан үшін шикізаттық артықшылығын тұрақты энергетикалық және технологиялық прогреске айналдыру аса маңызды. Бұл туралы Құрылтай отырысында «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті...

Толығырақ...Details

Президент электр энергиясы саласына қатысты тапсырма берді

28.10.2026
Президент электр энергиясы саласына қатысты тапсырма берді

Жаңартылатын энергия көздеріне баса назар аударуымыз қажет. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. Президенттің...

Толығырақ...Details

Президент стратегиялық міндеттерді шешуге кәсіпкерлерді тарту жөнінде мәлімдеді

28.10.2026
Президент стратегиялық міндеттерді шешуге кәсіпкерлерді тарту жөнінде мәлімдеді

Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев инфрақұрылымды түбегейлі жаңғырту жұмыстарында тек мемлекет ресурсына сүйенуге болмайтынын айтты. — Бүкіл...

Толығырақ...Details

Айрықша маңызды металдар қорын тиімді басқаратын ұлттық жүйе құру қажет — Президент

28.10.2026
Айрықша маңызды металдар қорын тиімді басқаратын ұлттық жүйе құру қажет — Президент

Еліміздің индустриялық-технологиялық тұрғыдан жедел дамуына қажетті тетіктерді әзірлеу керек. Бұл туралы Құрылтай отырысында «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Еуразияның негізгі көлік хабы ретіндегі орнын нығайту үшін Қазақстанның алдында бірқатар маңызды міндет тұр — Президент

1 час бұрын

Қазақстан Еуразияның жетекші логистикалық орталығына айналуы тиіс

1 час бұрын

Тоқаев: Қазақстан электр энергиясын қымбатқа сатып алып, арзанға қайтарып отыр

1 час бұрын

Президент электр энергиясы саласына қатысты тапсырма берді

1 час бұрын

Президент стратегиялық міндеттерді шешуге кәсіпкерлерді тарту жөнінде мәлімдеді

1 час бұрын

Айрықша маңызды металдар қорын тиімді басқаратын ұлттық жүйе құру қажет — Президент

1 час бұрын

Еуразия әлемнің басты азық-түлік орталығына айналуы әбден ықтимал — Мемлекет басшысы

1 час бұрын

Тоқаев Қазақстанның транзиттік әлеуетін сынға алды

1 час бұрын

Тоқаев: қате шешімдердің салдары қандай теріс нәтижелерге әкеп соқтырғанын көріп отырмыз

1 час бұрын

Отандық тракторлар мен комбайндардың санын көбейту қажет – Президент

1 час бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС