"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӨМІРДЕГІ ТЕМІРҚАЗЫҒЫМ

06.12.2016
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Алаш арыстары көсемдерінің бірі әрі бірегейі, ұлт қамы үшін жанын шүберекке түйген, сол жолда қолына шырақ ұстап өткен Ахмет Байтұрсыновтың «Газет — халықтың көзі, құлағы hәм тілі» деген асыл да аталы сөзі әлі де күн тәртібінен түскен жоқ. Газет десек, газет жөнінде бір сәт ойланар болсақ, жүрегіміз жылып, газетке деген сүйіспеншілігіміздің оянары хақ.

Міне, сондай өмірден өз орнын ойып, Алаш арыстарының ұстанымдарына адалдық танытып, қалың бұқараның, соның ішінде Шығыс Қазақстан мен Семей өңірінің оқырмандарының жүрегіне жол тауып, үні мен тілі болып отырған бірден – бір әрі бірегей басылым — өзіміздің сүйікті де қымбат, абыройлы да асқар  «Семей таңы» газеті.

«Семей таңы» — әрбір шаңырақтың шырағы, әрбір отбасының пырағы, әрбір отбасының көзі, ат үстінде жүрген әрбір басшының ойы мен ұстанымы.

«Семей таңында» жарық көрген әрбір мақалаға тұшынасың. Оқыған сайын, тереңіне бойлаған сайын шөлің қанады. Өткірлігіне тәнті боласың. Газетті басқарып отырған Риза қарындасымыздың өрлігі мен ерлігі, қайтпас қайсар мінезі «Семей таңынан» көрініп тұр.

«Морозов деген кім болған?», «Абайдың інісі, Алаштың ірісі», «Кадрдан қадір кетті ме?», «Желтоқсан сайын жетім боп, бір жылап алар жүрек бар», «Есегі жоғалғанның бәрі ақылды», «Қазақша сөйле, шенеунік, қазақша!» деген Риза қарындасымыздың жүрегін жарып шыққан мақалаларды бейжай отырып оқи алмайсың. Міне, газет осындай болуы керек деген ой түйесің.

Қарапайым газет оқырмандарына «Семей таңы» осылайша қымбат. 45 жылдан бері қарай газетпен бірге жасасып, бірге тыныстап келемін. 70-ші жылдары «Семей таңының» штаттан тыс тілшісі» деген куәлікті қолыма алуым өміріме көп өзгеріс әкелді. Журналистік жолды таңдаудағы темірқазығым да, жолашарым да осы «Семей таңы» болды.

Белгілі ғалым Тұрсын Жұртбаев, арқалы ақындар Төлеген Жанғалиев, Мұратбек Оспанов, сырбаз мінезді Төлеубек Аманғазин, мұражай директоры Малгаждар Жүнісжанов, ауылда тұрған Рысбек Көркембаев сияқты аптал азаматтар да «Семей таңының» штаттан тыс тілшілері сапынан берік орын алды. Біздер әлі де «Семей таңынан» қол үзген жоқпыз. Әлі де «Семей таңының» әрбір санын асыға тосып отырамыз.

Алда, яғни 2017 жылы, «Семей таңы» 100 жасқа толғалы отыр. Бұл — үлкен мереке. Бір ғасырлық тарихы бар «Семей таңы» қазақ баспасөзінің жарық жұлдызы және көшбасшысы. Бұл жасқа небір тар жол, тайғақ кешуді басынан өткерген «Семей таңы»  да жетіп отыр.

Құрметті оқырман қауым! Ойды ой қозғайды. Ендеше, рухани азығымыз, өмірдегі темірқазығымыз «Семей таңымен» 2017 жылы да бірге болайық. Бірге қауышайық. Газетті қолдайық, газетке ұйымшылдықпен бір кісідей жазылайық! Әсіресе Абай елінің азаматтарына үлкен сын. Мекеме басшылары, ауыл әкімдері, мектеп директорлары, ұстаздар қауымы, ардагерлер ұйымы, ақ халатты абзал жандар, кәсіпкерлер, Абай бабамыз айтқандай, «Семей таңына» жазылуда «қолымызды кеш сермеп, өкініп қалмайық». Уақыт жылдам. Уақыттан ұтылмайық. Уақытты ұтайық.

Абай елінің әрбір шаңырағында «Семей таңы» тұратын болса, жүрегіміз жылынып, еңсеміздің тік жүретіндігін ешқашан ұмытпайық, ағайын! «Семей таңымен» бірге болайық, «Семей таңымен» бірге тыныстайық. «Семей таңының» 100 жылдық мерейлі мерекесі қайырлы, қош болсын!

Совет МАХМЕТОВ,

КСРО және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі,

Абай ауданы.

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында чек берілмеген жағдайда сатып алушының қалай әрекет етуі керектігі еске салынды

09.05.2026
Абай облысында чек берілмеген жағдайда сатып алушының қалай әрекет етуі керектігі еске салынды

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде өңір тұрғындарына тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде тұтынушылардың құқықтары туралы еске салды. Абай...

Толығырақ...Details

Абай облысында судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

09.05.2026
Абай облысында судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Өңірде шомылу маусымында су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында кешенді профилактикалық және ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Абай облысы...

Толығырақ...Details

Абай облысында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

09.05.2026
Абай облысында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

Облыс әкімі Берік Уәли Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагері, мереке күндеріне орай Мәскеуге барған Григорий Маларовқа байланысқа шығып, мерекемен құттықтады....

Толығырақ...Details

Абай облысында Жеңіс күні кең көлемде атап өтілуде

09.05.2026
Абай облысында Жеңіс күні кең көлемде атап өтілуде

9 мамыр – Жеңіс күні Абай облысында кең көлемде атап өтілуде. Атаулы күнге орай Семей қаласында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. 🔼Облыс...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы

09.05.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы

Қымбатты отандастар! Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін біз майдан даласында Отан үшін от кешіп, ерлік жасаған жауынгерлерге және...

Толығырақ...Details

Абай облысының журналистері «Seitkhan cup» турнирінде топ жарды

07.05.2026
Абай облысының журналистері «Seitkhan cup» турнирінде топ жарды

Semeytany.kz – Семейде БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан белгілі журналист, көрнекті спорт комментаторы Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнир...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында чек берілмеген жағдайда сатып алушының қалай әрекет етуі керектігі еске салынды

1 день бұрын

Абай облысында судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

1 день бұрын

Абай облысында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

1 день бұрын

Абай облысында Жеңіс күні кең көлемде атап өтілуде

1 день бұрын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы

1 день бұрын

Абай облысының журналистері «Seitkhan cup» турнирінде топ жарды

3 дня бұрын

Абай облысында жазғы сауықтыру лагерлері қатаң санитариялық бақылауда

4 дня бұрын

«Халық қаһарманы» Кенжебай Мәденовтің ұлына Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені табысталды

4 дня бұрын

Қазақстан армиясын заман талабына сай нығайту шаралары қолға алынды – Тоқаев

4 дня бұрын

Мемлекет басшысы: Елге қорған болу – ең абыройлы қызмет

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС