"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Б» КОРПУСЫНДАҒЫЛАР СЫНАҚТАН ӨТЕДІ

23.01.2017
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадам»  Ұлт жоспарына сәйкес, 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру кезеңінің бірі – мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестациялаудан өткізу.    Осыған байланысты 19 қаңтар күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Бахтияр Камаловтың қатысуымен мемлекеттік қызметкерлерді аттестациядан өткізу тәртібі, сынақтан өткізудің мәні жайында айтылған  кездесу өтті.

2017 жылғы 1 ақпан мен 1 шілде аралығында   «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерін аттестациялау жүргізілмек. Бахтияр Камаловтың айтуынша, өткен жылғы аттестациямен салыстырғанда бұл жолғы аттестациялау бір реттік әрі кешенді сипатта өтеді. Сонымен бірге заңнаманы білу деңгейін тексеретін тестілеу болмайды. Оның орнына арнайы автоматтандырылған бағдарламаның көмегімен мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігі мен құзыреттілігі тексеріледі.

— Аттестациялаудың мақсаты — мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігін тексеру ғана емес, олардың қызметтік мансабының өсу деңгейін анықтау. Сол себепті «ҚР мемлекеттік қызмет туралы» Заңында айтылғандай, аттестациялық комиссия қызметкердің лауазымын жоғарылату шешімін қабылдай алады. Аттестация атқарып отырған қызметіне байланысты үш кезеңнен тұрады,- дейді департамент басшысы.

Кешенді тестілеуден өтетін «Б» корпусының  мемлекеттік қызметкерлерінің тізіміне мыналар жатады: республикалық деңгейде — министрлік сарапшысынан департамент директорына дейін, облыстық деңгейде — жергілікті және аймақтық басқармалардың маманынан бастап жетекшісіне дейін, аудандық деңгейде — аудандық әкімшіліктің жетекші маманынан әкім орынбасарына дейін.

Облыс бойынша аттестациялаудан өтетін мемлекеттік қызметкерлер саны – 5873. Ал декреттік демалыстағылар, жүкті әйелдер мен 2-3 жастағы балалары бар аналар, 4 жасқа дейінгі балалары бар жалғыз басты аналар мен әкелер аттестациялаудан босатылады. Бұл топқа жататындар саны облыс бойынша 1400 адам. Жалғыз басты аналарға, некеде тұрған немесе тұрмағанына қарамастан, әкесіз бала тәрбиелеп отырған аналар да жатады. Сондай-ақ зейнет жасындағылар тестілеуге қатыса алмайды. Бұл ретте облыс бойынша 362 мемлекеттік қызметкер тіркелген. «А» корпусына кадрлық резервте тұрған мемлекеттік қызметкерлер мен мемлекеттік қызметте 6 айдан аз уақыт қызмет еткендер де тестілеуге қатыспайды.

Мемлекеттік қызметкерлерді кешенді тестілеуге мораторий жоқ. Сондықтан өзге де халық тестілеуге қатысып, бағын сынай алады. Еңбек кодексінің 1- тармақ, 53 — бабына сәйкес, зейнет жасына екі жылдан аз уақыт қалған мемлекеттік қызметкердің аттестациялау қорытындысы бойынша басшылықтың еңбек шартын бұзуына жол берілмейді.

— Мемлекеттік қызметте біраз уақыт үзіліс жасағандар, қызметке тағайындалғанына қанша уақыт болғанына қарамастан, жалпы негіздер бойынша тест тапсырады. Ал тестілеуден босатылғандар тиісті орындардан ресми түсініктеме немесе анықтама әкелуі керек. Еліміз бойынша барлық өңірлерде аттестациялауға дайындық жұмыстары ұйымдастырылып,  желілік кесте жетілдірілді. Тестілеуге қатысты барлық ақпараттар kyzmet.gov.kz сайтында орналастырылған. Ал мемлекеттік қызметтегі ауыс-түйіс тестілеу аяқталғаннан кейін ғана жүреді. Ал уақытша қызметте жүргендер аттестация комиссиясының шешімін күтпей-ақ тестілеуге қатыса алады,- деп атап өтті Бахтияр Камалов.

Айта кетейік, кешенді аттестациялау үш сатыда жүзеге асырылмақ: бірінші кезекте мемлекеттік қызметкер туралы басшылық тарапынан арнайы бағалау парағы толтырылады. Екінші кезеңде мемлекеттік қызметкер кәсіби біліктілігін тексеру мақсатында тест тапсырса, соңғы және қорытынды кезең – әңгімелесу. ШҚО бойынша аттестациялау Өскемен қаласындағы Қазақстан көшесі, 36 мекенжайында өтетін болады.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, Семей қаласы.

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

6 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

6 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

6 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

6 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

7 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

8 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС